Жылдық есеп / 2024

Сегменттер бойынша түсім

Көрсеткіш, млрд теңге 2023 2024
Шикі мұнай сату 4 615 4 671
Мұнай өнімдерін сату 2 680 2 592
Теміржол жүк тасымалы 1 678 1 870
Уран өнімдерін сату 1 391 1 715
Тазартылған алтынды сату 813 1 260
Газ өңдеу өнімдерін сату 987 1 091
Телекоммуникациялық қызметтер 669 732
Электр кешені 449 595
Мұнай және газ тасымалдау 320 385
Алыс-беріс мұнайды өңдеу 248 259
Электр энергиясын тасымалдау 197 237
Жолаушыларды теміржол тасымалы 106 115
Әуе тасымалы 549 78
Пошта қызметтері 32 35
Өзге де кірістер 563 651
Жалгерлік кіріс 88 98
Пайыздық табыс 49 49
15 434 16 433

Сегменттер бойынша түсімнің өсуі сыртқы және ішкі жағдайлардың әсерінен туындайды.

2024 жылы мұнай секторында мұнай экспорты көлемінің өсуі байқалды, ол Brent маркалы мұнай бағасының 2023 жылы баррель үшін 82,64 доллардан баррель үшін 80,76 долларға дейін төмендеуін өтеді. Мұнай өнімдерін сату бағаларының төмендеуі қайта өңдеу көлемінің төмендеуі нәтижесінде болды. Теміржол жүк тасымалы тарифтердің, бағамдық айырмашылықтардың және жүк вагондары паркімен операциялардан түсетін кірістердің ұлғаюына байланысты өсті. Газ өңдеу өнімдерін сатудың өсуі 2023 жылдың ортасынан бастап енгізілген ірі кәсіпорындар үшін сату көлемінің және жаңа баға санатының өсуінің арқасында үлкен көлемдер есебінен және ҚР ішкі нарығынан Қытайға экспорттан түсетін кірістердің ұлғаюына байланысты, бұдан басқа, өсім газға көтерме бағаның 2024 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап орта есеппен 14,6%-ға өсуімен байланысты. Табиғи уранның спот бағасының өсуіне байланысты уран өнімдерінің сатылымы 2023 жылмен салыстырғанда орташа сату бағасының 27%-ға (55,09 АҚШ долларына қарсы 69,72 АҚШ доллары) өсуі есебінен жоғарлады.

Мұнай мен газды тасымалдау құбырлар мен теңіз жолдары арқылы мұнай тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты өсті. Электр энергетикасындағы өсім 2024 жылдың қаңтарынан бастап тарифтердің өсуіне байланысты. Тазартылған алтынды сату түсімінің өсуі алтын бағасының қымбаттауына және құрамында алтын бар шикізатты жеткізу сұранысқа ие болғандықтан сату көлемінің ұлғаюымен байланысты. 2024 жылғы 9 ақпанда IPO өткізу және Қордың меншік үлесінің 51%-дан 41%-ға дейін төмендеуі салдарынан «Эйр Астана» АҚ Қор компаниялары тобынан шығуына байланысты тек «Qazaq Air» АҚ қызметі бойынша көрсеткіштердің көрсетілуі есебінен 2024 жылы әуе тасымалы сегменті көрсеткіштері төмендеді.

Пошта қызметтері бойынша түсімнің өсуі негізінен сәлемдемелер көлемінің ұлғаюына, сондай-ақ жүк тасымалынан және кеден өкілдігінің қызметтерін ұсынудан түсетін кірістер есебінен қосымша өсуіне байланысты болады.