Жылдық есеп / 2024

Ғылыми-зерттеу бастамалары

«Samgau» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы» коммерциялық емес ұйымы жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын шоғырландыруға және жүйелеуге бағытталған.

2022 жылдың желтоқсан айында Орталық «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының алаңында қайта тіркеу рәсімінен өтіп, «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы» қоры (бұдан әрі - ҒТБО) коммерциялық емес ұйымына айналды.

ҒТБО мақсаты - ғылымды қажет ететін экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететін тиімді және ашық экожүйені қалыптастыру арқылы ғылыми зерттеулер мен инновациялық қызметті қолдау.

ҒТБО өзіне өтінім беруден бастап жобаны аяқтауға дейінгі барлық кезеңдердегі процестердің ашықтығы мен түсінікті болуын қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды іріктеудің және іске асырудың сенімді жүйесін құру міндетін қояды.

ҒТБО ғылыми-инновациялық қоғамдастық пен индустрияның тиімді өзара ісқимылының тетіктерін әзірлейді, сондай-ақ өндірістік процестерді оңтайландыруға бағытталған озық технологиялық міндеттерді шешу үшін елдің ғылыми және зияткерлік әлеуетін шоғырландыруға белсенді жұмыс істейді.

Ұлттық инновациялық және ғылыми-зерттеу жүйесінің бір бөлігі бола отырып, ҒТБО мемлекеттік органдармен, даму институттарымен, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және университеттермен, индустриямен және қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасайды.

Осылайша, компаниялардың ұзақ мерзімді экономикалық тұрақтылық пен әлемдік бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуі мақсатында Қор тобының ғылыми- технологиялық дамуы саласында бірыңғай саясат қалыптастырылуда. 2023 жылғы желтоқсаннан бастап Қордың жер қойнауын пайдаланушылары ғылыми зерттеулерді ҒТБО арқылы қаржыландыруды жүзеге асырады. «Бір терезе» қағидатына негізделген іріктеу мен қаржыландырудың жаңа тетігі Қор ішінде ресурстарды оңтайлы және ашық бөлудің негізгі құралына айналды.

2024 жылы ғылыми-зерттеу жұмыстарына 57- тен астам өтінім қаралды. 2024 жылы Қордың ғылыми-техникалық кеңесінің 11 отырысы өткізілді, оның қорытындысы бойынша 24 перспективалық жоба шығарылды және мақұлданды. Жобалар бойынша 4 қаржыландыру шарты жасалды:

  1. Айналымдағы сумен жабдықтау сапасын арттыру, «АМӨЗ» ЖШС («Атырау МӨЗ» ЖШС) мұнаймен ластанған жерлерді қалпына келтіру;
  2. Өнеркәсіптік (құрамында күкірті бар) қалдықтарды кәдеге жарату өнімдері негізінде жаңа инсектицидтік құрамдар («Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС);
  3. Жер қыртысының құрылымын егжей-тегжейлі көрсету және қоршаған ортаға экологиялық әсерді азайту мақсатында сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде серпімді толқындардың қозуының жарылмайтын көздерін және машиналық оқыту алгоритмдерін пайдаланудың тиімділігін зерттеу («Қаражанбасмұнай» АҚ);
  4. Газды дайындау және қайта өңдеу бойынша кешенді-инновациялық техникалық шешім жасау бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы («Қазгермұнай» БК» ЖШС).

2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР

2025 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ-да бірнеше технологиялық сессиялар өткізу жоспарланған.

Инновациялық-технологиялық диагностика шеңберінде Қордың портфельдік компанияларының еншілес және тәуелді ұйымдары үшін кемінде 5 инновациялық- технологиялық диагностика жүргізу, проблемалық мәселелерді анықтау және картасын жасау және технологиялық міндеттерді қалыптастыру жоспарлануда.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге кем дегенде 5 жобаны қаржыландыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, 2025 жылы ҒТБО 70-ке жуық қатысушыны қамтитын ҒЗТКЖ бойынша модульдік оқытуды жоспарлап отыр.