БҰҰ ТДМ қағидаттарын ұстану

Қор және оның портфельдік компаниялары Біріккен Ұлттар ұйымы қабылдаған тұрақты даму мақсаттарына (бұдан әрі - БҰҰ ТДМ), БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарына, БҰҰ Жауапты инвестициялау қағидаттарына, Экватор Қағидаттарына бейілділігін бөліседі.
Өз қызметінің ерекшелігін және тұрақты дамудың негізгі бағыттарын пысықтауды ескере отырып, Қор ол үшін стратегиялық маңызы бар және әсер етудің барынша әлеуеті бар он бір басым ТДМ айқындады.
Бұл мақсаттар Қордың тұрақты дамуға жүйелі және дәйекті көзқарасын көрсетеді, онда өмір сүру сапасын арттыру, адами капиталды дамыту, жасыл технологияларды енгізу, инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру, ашық басқару қағидаттарын сақтау және әріптестікті нығайту міндеттері бірінші орынға шығады.
Қор стратегияның, мақсаттар мен міндеттердің тұрақты даму саласындағы жалпы мақсаттармен, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, БҰҰ ТДМ-да, Париж климаттық келісімінде көрсетілген мақсаттармен және тиісті ұлттық және аймақтық мақсаттармен үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Тұрақты даму жөніндегі іс-шаралар Қордың Даму стратегиясын (Даму жоспарын) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізіледі. Қордың тұрақты даму саласындағы қызметі туралы толығырақ ақпарат тұрақты даму туралы есепте берілген, онымен Қордың вебсайтында танысуға болады.
Қордың тұрақты дамуының негізгі көрсеткіштері, 2021-2024 жж
АЙМАҚТАР МЕН ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТАРДЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
ҮЛЕСІ, %
ЕҢБЕК ТӘЖІРИБЕСІ
КӨРСЕТКІШІ29
ҚОРШАҒАН ОРТА
МЛН ТОННА СО2-ЭКВ
МЛН М3 30
30 СЭС су алуын қоспағанда.
ҚОРДЫҢ 2024 ЖЫЛҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ
Стратегиялық бағыт | БҰҰ ТДМ | Қордың стратегиялық мақсаты | Мақсатты көрсеткіш | 2024 жылғы жетістіктер |
---|---|---|---|---|
Корпоративтік басқару |
|
Тұрақты даму мәселелерін басқару жүйесін жетілдіру | Қор тобының ESG-рейтингі 2032 жылға қарай 70 перцентиль | Орташа өлшенген ESG рейтингі 63 перцентильді құрайды (2023 жылы – 53 перцентиль). Қордың портфельдік компанияларының ESG рейтингтерінің нәтижелері көп жағдайда орташа салалық деңгейден асып түседі. |
Қор компанияларының басшы органдарында әйелдердің үлесін арттыру | 2030 жылға қарай 30% | Жоғары басшылықта Қордың Компаниялар тобының басқармаларындағы әйелдердің үлесі 15%–ға, ал бақылау және қамқоршылық кеңестерде, сондай-ақ Директорлар кеңестерінде 17%-ды құрады. | ||
Қордың және портфельдік компаниялардың ДК құрамындағы тәуелсіз директорлардың үлесі | 60% дейін ұсынылады | Қордың Директорлар кеңесінің құрамына 4 тәуелсіз директор кірді, бұл 57% құрайды (2023 жылы 43%). | ||
Ашықтық, транспаренттілік және комплаенс |
|
ISO 37001:2016 «Парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйелері» және ISO 37301:2021 «Сәйкестікті басқару жүйесі» халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестікке сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйелерін сертификаттау | 2027 жылға дейін Комплаенс функциясын дамыту стратегиясы бекітілді. «Парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйелері» ISO 37001:2016 стандартына сәйкестікке сертификаттаудан өтуге дайындық жұмыстары жалғастырылды. | |
Әлеуметтік жауапкершілік |
|
Төмен ақы төленетін кәсіптер мен лауазымдар қызметкерлерінің жалақысын көтеру LTIF 0.12-ге жету | 2023-2027 жылдары | 2024 жылы Қор тобының 221 мыңнан астам қызметкерінің жалақысы төмен жалақы алатын лауазымдарға баса назар аудара отырып, 2%-дан 40%-ға дейін көтерілді. |
H&S үздік тәжірибелері |
|
LTIF 0.12-ге жету | 2027 | LTIF (жұмыс уақытын жоғалтумен жарақат алу коэффициенті) Қор тобы бойынша 2024 жылы 0,13 (2023 жылы 0,14) құрады. |
Қауіпсіздік мәдениетін дамыту | Samruk Business Academy «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» курсы бойынша және ішкі жаттықтырушылармен Қордың портфельдік компанияларының 120 000-нан астам қызметкері мен олардың мердігерлері оқытылды. | |||
Адами капиталды дамыту | Кадрлық әлеуетті арттыру, жаңа салаларда құзыреттілікті күшейту | 1 қызметкерге шаққандағы оқу сағаттарының орташа саны - 23 академиялық сағат (2023 жылы 23 сағат). | ||
Ресурстарды үнемдеу | Өндірістік қызметтің энергия сыйымдылығын төмендету | 2027 жылға қарай -10% | Қор бойынша энергия тұтыну 9,7%-ға, яғни 2021 жылғы 492 млн ГДж-дан 2024 жылы 444,2 млн ГДж-ға дейін қысқарды31. | |
Көміртексіздендіру |
|
Парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларын азайту (1-қамту және 2-қамту) | 2032 жылға қарай ≥ [-10%] | 2021 жылмен салыстырғанда 2024 жылы парниктік газдар шығарындылары 57,9 млн тонна CO2-экв құрап, 19,9%-ға қысқарды (72,24 млн тонна CO2-экв.). |
Электр энергиясын сатып алуда төмен көміртекті генерацияның үлесін арттыру | 2032 жылға қарай 45% | Электр энергиясын сатып алудағы төмен көміртекті генерацияның үлесі 2023 жылдың деңгейінде қалды - 1%-дан аз. | ||
Офсеттік жобалар портфелін қалыптастыру | 2032 жылға қарай 5,8 млн тонна СО2-экв | Қордың офсеттік жобалар портфелі 489,7 мың тонна CO2-экв құрады. (2024 жылдың соңындағы жағдай бойынша). | ||
«Жасыл» қаржыландыру | Электр энергиясын өндірудегі ЖЭК және СЭС үлесі | 2032 жылға қарай 26% | 18% (2023 жылы 15 %)32 |
32 СЭС компаниялары бойынша есептілік шекарасындағы өзгерістерді ескере отырып қайта есептелді