Жылдық есеп / 2024

Көлік және логистика

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасының басты теміржол желісінің негізгі көліктік-логистикалық холдингі және операторы болып табылады.

Көліктік-логистикалық әлеуетті дамыту

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ ұлттық жүк және жолаушылар тасымалдаушысы қызметін атқара отырып, Қазақстан Республикасының басты теміржол желісінің негізгі көліктік-логистикалық холдингі және операторы болып табылады. Компания елдің 17 облысын және республикалық маңызы бар үш қаланы байланыстыра отырып, сондай-ақ көршілес бес мемлекетпен - Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстанмен 16 түйісу пункті арқылы көлік байланысын қамтамасыз ете отырып, экономикалық интеграцияда орталық рөл атқарады.

ҚТЖ локомотивтер мен вагондардың ең ірі паркіне ие және Қазақстандағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады.

Сондай-ақ, 2024 жыл Қазақстан темір жолының 120 жылдығымен атап өтілген.

2024 ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Көрсеткіш 2023 2024
Өндірістік көрсеткіштер:
Жүк айналымы (пайдаланатын), млрд т-км 269,7 272,1
Жолаушылар айналымы, млрд ж-км 11,8 11,7
Контейнерлердегі транзит, мың ЖФЭ 1 282,3 1 395,0
Қаржылық көрсеткіштер21, млрд теңге:
Түсім 1 934,1 2 163,9
Таза пайда 136,8 160,8
Шығындар 1 854,1 2 079,0
Операциялық пайда 332,8 409,8
Таза қарыз 2 061,2 2 706
Төленген салық көлемі 140,6 143,0
Тұрақты даму көрсеткіштері:
Парниктік газдар шығарындылары (1+2 қамту аймағы), мың тонна CO2-экв. 5 50822 5 165
Жазатайым оқиғалар 25 20
Өлімге әкелетін жазатайым оқиғалар 6 7
21 Қаржылық көрсеткіштер Компанияның 2023 және 2024 жылдардағы Шоғырландырылған қаржылық есептілігіне сәйкес көрсетілген

22 Scope 2 есептеу кезінде 2 GHGProtocol Scope 2 Guidance қамту Нұсқаулығында көрсетілген әдіс қолданылды.
ЖҮК АЙНАЛЫМЫ (ПАЙДАЛАНАТЫН)
272,1
млрд т-км

2024 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ көлік-логистика саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, тұрақты дамуын жалғастырды. Контейнерлік транзиттік тасымалдар көлемі 8,9%-ға ұлғайып, 1 395 мың жиырма футтық эквивалентке (ЖФЭ) жетті, бұл компанияның стратегиясын жоғары тиімді іске асыруды және Қазақстанның өңірдегі негізгі транзиттік хаб ретіндегі рөлін нығайтуды айғақтайды.

Компанияның таза қарызының өсуі инфрақұрылымды және жылжымалы құрам паркін жаңғырту жөніндегі ауқымды жобаларды іске асыру үшін қарыздық қаржыландыруды тарту қажеттілігіне байланысты.

Жүк және жолаушылар локомотивтері паркін жаңартуға шамамен 538 млн швейцариялық франк, сондай-ақ 157 жолаушылар вагонын жаңарту үшін 115,5 млрд теңге тартылды.

ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ

Көрсеткіш 2023H 2024H 2025Ж 2026Ж 2027Ж
Қарыз/EBITDA 4,52 4,80 3,69 1,99 1,61
EBITDA/% бойынша шығындар 2,37 3,23 3,30 6,42 7,25
Қарыз/Капитал 1,27 1,46 1,17 0,9 0,65

Компанияда операциялық қызметті одан әрі кеңейту және валюта бағамының өзгеруі Компанияның қаржылық нәтижелеріне әсер ететін жағымсыз факторларын нивелирлеу мақсатында инфрақұрылымды және жылжымалы құрамды жаңғырту, шығыстар мен бизнес-үдерістерді оңтайландыру, сондай- ақ кірістердің өсуіне байланысты қызметтің тиімділігін арттыруға және қаржылық жағдайды жақсартуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

2024 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ұлттық экономика және көлік министрліктерімен бірлесіп, қызметтердің реттелетін түрлерінің тарифтерді 3 жыл ішінде магистральдық желіге және локомотив тартымына қолжетімділікті 24%-ға арттыруды қамтитын тарифтік шараларды пысықтады және ҚР Үкіметтерімен келісілді.

Қабылданған шаралар аясында Компанияның соңғы 3 жылдағы негізгі өндірістік-қаржылық көрсеткіштері айтарлықтай өсуді көрсетеді. Осылайша, Компаниялардың жүк айналымы 7%-ға, кірісі 46%-ға, таза пайдасы 4,4 есе өсті.

Осылайша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ алдағы 3 жылда қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін жақсартуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Компанияның инвестициялық тартымдылығын халықаралық несие агенттіктерінің жоғары рейтингтері растайды: 19.02.2025 ж. Moody`s - Baa2, 11.12.2024 ж. Fitch Ratings – BBB-, 20.12.2024 ж S&P - BB.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ

«Күшті өңірлер - елді дамытудың драйвері» Ұлттық жобасы шеңберінде және ҚР-ның 2030 жылға дейінгі Көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасына сәйкес 2022 жылғы қарашада Достық-Мойынты учаскесінде екінші жолдардың құрылысы басталды. Бұл жобаның мақсаты аталған учаскенің өткізу қабілетін арттыру және Қазақстанның транзиттік әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Жалпы ұзындығы 836 км болатын екінші желіні салу жөніндегі жобаны іске асыру жүк пойыздарының санын бес есеге - тәулігіне 12-ден 60 жұпқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл елдің экспорттық мүмкіндіктерін нығайтудағы маңызды қадам болады және қазақстандық экспорттаушылар үшін осы бағыттағы көлік мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Құрылысты 2025 жылы аяқтау жоспарлануда.

2023 жылы басталған келесі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда:

Жобалардың мақсаты учаскелердің өткізу қабілетін және елдің транзиттік-көліктік әлеуетін арттыру болып табылады.

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ

2024 жылы теміржол көлігінің жолаушылар айналымы 2023 жылмен салыстырғанда 0,5%-ға төмендеп, жалпы жолаушылар айналымының 19,6%-ын құрады.

ҚТЖ еншілес компаниясы «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша белсенді жұмыс істеуде. ҚР аумағындағы темір жолдардың ұзындығын ескере отырып, бұл бизнестің осы секторының ҚТЖ-дағы имиджі мен тартымдылығын қолдаудың негізгі аспектісі болып табылады. Компания жолаушылардың қалауын мұқият зерттейді, кері байланыс жүйесі белсенді жұмыс істейді және қызмет сапасына шағымдар мұқият қарастырылып, талданады. Сондай-ақ, вагон паркін жаңарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Көлік түрлері бойынша 2024 жылы Қазақстанның жолаушылар айналымы, млн ж-км

Көрсеткіш Жолаушылар айналымы, млн ж-км Жалпы жолаушылар айналымының үлесі, %
2023 2024 Изменения 2024/2023, % 2023 2024
Барлық көлік 72 753,7 82 785,7 113,8 100 100
Автомобиль және қалалық электр көлігі 30 739,8 38 306,8 124,6 42,3 46,3
Әуе көлігі 25 898,5 28 275,7 109,2 35,6 34,2
Темір жол көлігі 16 113,0 16 198,2 100,5 22,1 19,6
Су көлігі 2,2 4,4 198,2 0,0 0,0
Теңіз көлігі 0,2 0,6 365,6 0,0 0,0

2024 жылы Компанияның жолаушылар айналымы 2023 жылғы деңгеймен салыстырғанда 0,9%-ға төмендеп, 11 719 млн ж-км (2023 жылы - 11 831 млн ж-км) құрады. Жолаушылар айналымы көлемінің төмендеуі кейбір бағдарлардың жүру жиілігінің төмендеуіне, қала маңындағы бағдарлардың жеке тасымалдаушыларға берілуіне, сондай-ақ бірқатар пойыздардың жойылуына байланысты.

«ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ» АҚ ЖӨНЕЛТІЛГЕН ЖОЛАУШЫЛАР САНЫ
13 796
МЫҢ ЖОЛАУШЫ

2024 жылғы «Жолаушылар тасымалы» АҚ жөнелтілген жолаушылар саны 13 796 мың жолаушыны құрады (2023 жылы 13 681 мың жолаушы), оның ішінде:

2024 жылы жолаушылар тасымалынан түскен табыс 114,6 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 9%-ға жоғары. Өсім тарифтердің 01.01.2024 жылдан бастап 7%-ға және 01.10.2024 жылдан бастап 19,9%-ға өсуіне байланысты.

ЖАҢА БАҒЫТТАР

Бағдарлардың жаңа желісіне кезекті кезең енгізілді:

2024 жылғы 10 шілдеден бастап 3 бағытта «Әйелдер вагоны» вагондарының жүру географиясы кеңейтілді. Барлығы 11 бағытта жұмыс істейді. Жоба енгізілген сәттен бастап бұл қызметті 531 мың жолаушы пайдаланды. Халықаралық және ішкі туризмді дамытуға бағытталған жобалар іске асырылды.

Бірінші жоба - «Jibek Joly» халықаралық туристік пойызы, оның бағыты Алматы, Түркістан және Ташкент қалаларын қамтыды. 2024 жылғы 16-21 қараша аралығында 115 туристті тасымалдау ұйымдастырылды. Жолаушыларға жол жүру, трансфер, экскурсиялық қызмет көрсету және тамақтануды қамтитын толық туристік пакет ұсынылды.

Екінші жоба - 2024 жылғы 13 желтоқсанда іске қосылған «Астана-Бурабай курорты» туристік электр пойызы. Бұл бағытты іске асыру вагондардың ішкі және сыртқы безендірілуі, музыкалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және жолаушылар үшін жайлы атмосфера құру бойынша кешенді жұмыстармен қатар жүрді.

ЖОЛАУШЫЛАР ҮШІН ЖАЙЛЫ ЖАҒДАЙЛАР

2024 жылы ҚР жолаушылар теміржол паркі Петропавлдағы зауытта жасалған 118 отандық вагонмен толықтырылды. Олардың ішінде «Астана-Бурабай курорты» бағыты бойынша жүре бастаған, жолаушыларға жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін қала маңындағы тасымалдарға арналған 6 заманауи вагон бар. 2025 жылы 107 жаңа стандартты вагон мен 12 моторвагонды жылжымалы құрамды жеткізу жоспарлануда. Бұдан басқа, 2025-2030 жылдар аралығында «Штадлер Қазақстан» ЖШС-нің халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 500-ден астам жаңа вагондарын сатып алу жоспарланған. Осы вагондарды жеткізгеннен кейін парк үштен екі бөлігіне жаңартылады.

ЖОЛАУШЫЛАР ТЕМІРЖОЛ ПАРКІ
118
вагонмен толықтырылды

ЖҮК ТАСЫМАЛЫ

2024 жылы көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 514 455,47 млн тонна-км құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 2,6%-ға жоғары.

Теміржол көлігі жүк тасымалы саласындағы негізгі ойыншы болып қала береді, оның үлесіне елдің жалпы жүк айналымының 63,7%-ы тиесілі. 2024 жылы теміржол көлігінің жүк айналымы 0,3%-ға артып, 327 944 млн тонна-км құрады. 2024 жылы Компания 261,7 млрд тонна-км мөлшерінде тарифтік жүк айналымын тіркеді, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 0,3%-ға аз, ол 262,4 млрд тонна-км болған. Бұл көрсеткіш экспорттық және импорттық қатынастардағы жүк айналымының төмендеуіне байланысты төмендеді.

Қатынас түрлерінің құрылымында жүк айналымы келесідей болды:

БАЛАМАЛЫ ТАСЫМАЛДАУ БАҒЫТТАРЫ

Транскаспий халықаралық көлік бағытының өткізу қабілеті жылына 80 мың контейнерді қоса алғанда шамамен 6 млн тоннаны құрайды.

2024 жылы осы бағыт бойынша шамамен 3,3 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 21%-ға артық. Өсім осы бағыт бойынша қазақстандық экспортты ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді, ол 2023 жылмен салыстырғанда 21%-ға өсті.

Осы бағыттың әлеуетін арттыру мақсатында бағыттың барлық қатысушыларымен синхронды түрде инфрақұрылымдық шектеулерді жою, сондай-ақ ұлттық цифрлық жүйелерді біріктіру жөнінде шаралар қабылдануда.

2022 жылдың соңында Қазақстанның, Әзірбайжанның, Түркияның, Грузияның үкіметтік деңгейінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты бағытындағы кедергілерді жою жөніндегі жол картасы бекітілді. Бүгінде барлық қатысушылар осы жол картасын іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Негізгі инфрақұрылымдық жобалар бағыттың бүкіл дәлізі бойында теміржол және порт инфрақұрылымын дамыту болып табылады. Жол картасын іске асыру бағыттың өткізу қабілетін 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.

Шығыс-Батыс бағыты бойынша транзиттік тасымалдарды жандандыру үшін Сиандағы Қазақстан-Қытай «Құрғақ портының» құрылысы басталды. Терминал 2024 жылдың 28 ақпанында іске қосылды.

Қазақстан-Қытай терминалының іске қосылуының арқасында 2024 жылы ҚХР-дан Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша контейнерлік транзит 33 есеге өсті.

Негізгі жобалар:

  • Ақтау портында халықаралық контейнерлік хаб.
  • Сиандағы терминал.
ТРАНСКАСПИЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛІК БАҒЫТЫ АЯСЫНДА БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ

2023 жылғы 26 қазанда Тбилиси, ҚТЖ, «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ және «Грузин темір жолдары» АҚ «Middle Corridor Multimodal Ltd.» тепе-теңдік негізінде бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімшартқа қол қойды.

2023 жылғы 16 қарашада «Middle Corridor Multimodal Ltd.» жеке компаниясы АХҚО базасында тіркелді. Бұл бірлескен кәсіпорынды құру:

«Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің шығыс бағыты жүк жөнелтушілердің назарын Иран, Үндістан және Парсы шығанағы нарықтарына тауарларды жеткізудің перспективалы балама бағыты ретінде аударады.

Аталған бағыттар бойынша контейнерлердегі транзит 2023 жылмен салыстырғанда 8,9%-ға өсіп, 1 395,0 мың ЖФЭ-ге жетті.

Үндістан мен Парсы шығанағы елдеріне, негізінен Иран мен Бандар-Аббас порты арқылы жүк айналымын арттыруға ерекше назар аударылады

ТҰРАҚТЫ ДАМУ

2024 жылғы 25 желтоқсанда S&P Global тәуелсіз халықаралық рейтингтік агенттігі ҚТЖ-ға Корпоративтік тұрақтылықты жаһандық бағалауда 100-ден 60 балл деңгейінде ESG-рейтингін берді, бұл 2023 жылғы деңгейден 6 тармаққа жоғары (54 балл).

ҚТЖ S&P Global бағалаған үздік көлік компанияларының (300-ден астам компанияның ішінде) 10%-на кірді.

Бұдан басқа, ҚТЖ беделді S&P Global Sustainability Yearbook 2025-ке енгізіліп, осы тануға ие болған алғашқы қазақстандық компания болды.

Sustainability Yearbook Member - бұл 2004 жылдан бастап тұрақты дамудың керемет нәтижелерін көрсететін және ESG-факторларын, соның ішінде экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілерін тиімді басқаратын компанияларға берілетін беделді мәртебе.

2025 жылы оған 2024 жылдың қорытындысы бойынша S&P Global бағалаған 7690 компанияның 780-і кірді. ҚТЖ ұсынылған «Көлік және көлік инфрақұрылымы» саласында атап өтілгендердің қатарына 198 компанияның 28-і кірді.

2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР

2025 жылы Компанияның жоспары:

«QAZAQ AIR» АҚ - Қордың еншілес құрылымы болған, «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында орналасқан қазақстандық авиакомпания.

Жолаушылар тасымалын дамыту

2024 жылғы 24 желтоқсан күні Қор мен құрамына «Central Asia Aviation Holdings Limited» ЖК («Sovico Group» JSC вьетнам конгломератының тобына кіреді) және «Kazasia Holdings Limited» ЖК кіретін консорциум арасында сатып алу-сату келісімшартына қол қойылды.

QAZAQ AIR жоғары халықаралық және ұлттық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін қолжетімді өңіраралық авиатасымалдарды қамтамасыз етуде өз миссиясын іске асыруға ұмтылады. Өңіраралық әуе қатынасына өсіп келе жатқан сұраныс Қазақстан өңірлерінің туризм мен іскерлік белсенділікті дамыту жөніндегі жоғары әлеуетін растайды.

QAZAQ AIR әуе кемелерінің паркі авиациялық стандарттар бойынша флоттың шағын мөлшері ретінде жіктелетін канададалық 5 заманауи турбовинтті әуе кемелерінен тұрады. Астана қаласындағы базалық әуежайдың ыңғайлы географиялық жағдайын пайдалана отырып, көрші мемлекеттердің өңірлері мен шекара маңындағы қалаларына хабтық бағыттық желіні тиімді дамытады.

2024 ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Көрсеткіш 2023 2024
Өндірістік көрсеткіштер:
Жолаушылар ағыны, мың адам 588 601
Жүк тасымалдау көлемі, тонна 23 84
ӘК жүктеу коэффициенті, % 84 84
Рейстерді уақтылы орындау көрсеткіші, % 77 76
Қаржылық көрсеткіштер23, млрд теңге:
Түсім 19,6 21,1
Дивидендтер 0 0
Таза шығын -7,6 3,9
Шығындар 20,8 21,9
Операциялық шығындар -2,9 -0,8
Төленген салық көлемі 0,6 1,0
Тұрақты даму көрсеткіштері:
ПГ шығарындыларының қарқындылығы (кресло-километрге тонна CO2) 0,011 0,011
Жазатайым оқиғалар 0 1
Өлімге әкелетін жазатайым оқиғалар 0 0
23 Қаржылық көрсеткіштер Компанияның 2023 және 2024 жылдардағы Шоғырландырылған қаржылық есептілігіне сәйкес көрсетілген.

QAZAQ AIR авиакомпаниясы 2024 жылы тарихи рекорд көрсетті: 5 әуе кемесінде 600 мыңнан астам жолаушы тасымалданды, бұл 2015 жылы операциялық қызмет басталғаннан бері рекордтық мән болып табылады.

Бағыттық желіні оңтайландыру жүргізілді: төмен маржалық «ұзақ» бағыттар қысқартылды, орта және қысқа қашықтықтағы бағыттар саны ұлғайды.

Төмен сұраныс кезеңінде маусымдық жеңілдіктер беруді қоса алғанда, билеттерді сатуды ынталандыру үшін іс-шаралар өткізілді.

Компания Skytrax нұсқасы бойынша «Орталық Азия мен ТМД-ның үздік өңірлік авиакомпаниялары» номинациясы бойынша үздік үштікке кірді.

БАҒЫТТЫҚ ЖЕЛІ

2024 жылы QAZAQ AIR бағыттық желісі 30 бағытты қамтыды, оның 6-ы субсидияланған және 5-і халықаралық болды.

Ішкі туризмді дамыту мақсатында Үржар мен Үшаралға жазғы маусымдық рейстер орындалды. Сондай-ақ, Алматы-Тамчи (Ыстықкөл) бағыты бойынша жазғы чартерлік бағдарлама орындалды.

Авиакомпания рейстердің орындалу жиілігін арттыра отырып, бірқатар ішкі бағыттарда, сондай-ақ Омбы, Новосибирск және Екатеринбургке халықаралық шекара маңындағы рейстерде өңіраралық тасымалдаушы мәртебесін нығайтты.

ӘУЕ БИЛЕТТЕРІН ТАРАТУ ЖЕЛІСІН КЕҢЕЙТУ

QAZAQ AIR Орталық Азия ТКП-да келісімшарт жасасып, сатылымдар ашты. ОА ТКП ұйымына кіру QAZAQ AIR жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді және Орталық Азия елдерінің нарығында оның қызметтерінің қолжетімділігін арттырады.