РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Қордағы қызмет

Құрметті достар!


«Самұрық-Қазына» АҚ сайтының мансап бөліміне қош келдіңіздер! Қор өз тиімділігін арттырудың стратегиялық ресурсы етіп aдами әлеует пен талант дамытуды кадр саясаты мен Даму стратегиясының негізгі мақсаттарының бірі ретінде таниды. Біздің команда – бұл бірге жұмыс істеудің өзі қызықты жарқын тұлғалардың жиынтығы ғана емес. Бізге әріптестік, сыйластық, тұтастық, меритократия мен кемелдік сияқты бірыңғай сенім мен құндылықтар ортақ. Біз әрдайым ел ілгерілеуіне үлесімізді қосуға және өзара тиімділік пен сенім негізінде іскерлік қатынастарды құруға ұмтыламыз. Бұл біздің корпоративтік мәдениет аталатын атмосфераны сақтауға көмектеседі және біз оның дамуына Сіздің де үлес қосатыныңызға сенімдіміз.

Меритократия, ашықтық және объективтілік қағидаттарының сақталуы арқасында, конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша Қордағы бос жұмыс орындарына тағайындау үшін біліктілік деңгейі, кәсіби, іскерлік және жеке құзыреттілігі бойынша қойылатын талаптарға неғұрлым сай келетін үміткер таңдап алынады.

Қордағы конкурстық іріктеу жүйесі 8 кезеңнен тұрады:


Сіздерге табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Жаңа ұйымдық құрылымға өту жобасы

«Самұрық-Қазына» Қоры трансформациялау шеңберінде халықаралық табысты ұйымдардың нақты үлгілерінің негізінде стратегияны, бизнес модельді, ұйымдық құрылымды толықтай қайта қарады. Қордың жаңа бизнес моделі бекітілді, яғни, белсенді инвестициялық қызметке, активтер қоржынын басқару мен оңтайландыруға баса назар аударылды. Стратегиялық және коммерциялық бөлімдер күшейтіліп, мониторинг және қолдау бөлімдері толығымен қайта ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, біз ұқсас үлгідегі жетекші қорлардың қызметін зерделеу негізінде 2 мыңнан аса ішкі үдерістерді және біліктілік талаптарын қайта қарадық.

Жаңа бизнес модельді және қайта қаралған үдерістерді ескере отырып, жаңа ұйымдық құрылым әзірленді және оған өту жобасы басталып та кетті. Қорда жоқ біліктіліктерге жұмысқа қабылдау ашық түрде жүргізіледі. Бос орындар туралы ақпарат осы сайтта жарияланады.

Бос орындар туралы ақпарат түсінікті әрі ыңғайлы болуы үшін бизнес модельде бөлімнің атауына сәйкес тиісті бөлімдерге орналастырылған. Әр бөлім бойынша бөлімнің жалпы көрінісіне және негізгі мақсаттарына қысқаша түсіндірме берілген.






Менің түйіндемемді базада сақтау
Бос орындарды табу



«Самұрық-Қазына» Қорының келбеті


Қоржын компаниялар
© 2009-2019 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего