РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Қазақстан туралы

Қазақстан — бай мәдениеті мен терең тарихы бар Еуразия кіндігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 2,7 млн. шаршы шақырымды алып жатқан кең байтақ Қазақ елі территориясы бойынша әлемде 9-ыншы орында тұр. Елдегі тұрғындар саны – 17,7 млн. адам.



Пайдалы қазбалар


Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі: оның қойнауында Менделеев кестесіндегі 99 элемент кездеседі. Осы қорлардың 70-і барланған, ал 60-тан астамы қазір өндіріс үстінде.
Қазақстан барланған мырыш, вольфрам мен барит қоры жөнінен әлемде бірінші, күміс, қорғасын және хромит бойынша — екінші, мыс пен флюориттен — үшінші, молибденнен — төртінші, ал алтын қоры бойынша алтыншы орында тұр.
Сонымен қатар, Қазақстан — табиғи уран қоры мен оны өндіру бойынша әлемдік көшбасшы. Алдағы жылдары елімізде уран өндірісінің толық циклін құру жөніндегі жоба жүзеге аспақ.
«Қазақстан-2050» стратегиясы


«Қазақстан-2050» стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» мемлекет алдына 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу өршіл мақсатын қояды.
Бұл мақсатқа экономикаға жасалатын инвестиция көлемін айтарлықтай ұлғайтқан және еңбек өнімділігі мен тиімділігін арттырған жағдайда қол жеткізуге болады. Қазақстан Үкіметі осы мақсаттарды іске асыру үшін білек сыбана кірісіп те кетті.

Логистикалық әлеуеті


Орналасуы

Еуропа мен Азияның қақ ортасында орналасуы Қазақстанның құрлықтық жүк тасымалында ыңғайлы торап болуына мүмкіндік береді. Ежелгі Ұлы Жібек жолының нақ осы аумақпен өтуі де тегін емес.

Құрғақ порт

Қазақстанда қазірдің өзінде қуаттылығы жылына 4,4 млн тонна жүк тасымалын құрайтын «құрғақ порт» — «Қорғас — Шығыс қақпасы» ашылды.


Жаңа Жібек Жолы

Бүгінде бірнеше мемлекеттің күш салуымен Жаңа Жібек жолы — ауқымды жобасы жүзеге асуда. Ол Қазақстан мен Ресей арқылы Қытай мен Еуропаны байланыстыратын құрлықтық темір жол қатынасын жолға қояды.

Теңіз порты

Қазақстан Республикасындағы жалғыз теңіз порты Ақтау, Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Ол түрлі құрғақ жүктердің, шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің халықаралық тасымалымен айналысады. Ол жыл он екі ай бойы жұмыс істейді.

Инвесторлар үшін тартымдылық

Қазақстан Үкіметі шетелдік инвесторларды тартуға мүдделі. Сонымен қатар, республикада инвесторлар үшін қолайлы бизнес-ахуал қалыптастыруға және кәсіпкерлік қызметпен кедергісіз айналысуға баса назар аударылуда.
35Орында Бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша рейтингте 35 орында
25Орында Миноритарлық инвесторларды қорғау бойынша рейтингте 25 орында
18Орында Салық салу бойынша рейтингте 18 орында
* Дүние жүзілік банк пен Doing Business Халықаралық корпорациясының 2016 жылы 189 елде жүргізген 2016 жылға арналған халықаралық рейтингі.
69Орында Экономикалық еркіндік индексі бойынша 69 орында
25Орында Макроэкономикалық орта бойынша 25 орында
30Орында Мемлекеттік саясаттың ашықтығы бойынша 30 орында
18Орында Еңбек нарығының тиімділігі бойынша 18 орында
* ШЭФ 140 елдегі «2015-2016 жылдарға арналған жаһандық бәсекеге қабілеттілік бойынша есебі»



Қоржын компаниялар
© 2009-2018 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего