РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Сайтқа өту
«Қазпошта» АҚ

«Қазпошта» АҚ

«Қазпошта» АҚ – Қазақстан Республикасындағы пошта байланысының ұлттық операторы. Ол Дүниежүзілік пошта одағында (ДПО) Қазақстанның Пошта әкімшілігінің мүддесін білдіреді және 2016 жылы ДПО-ның Әкімшілік кеңесінің құрамына сайланды. «Қазпошта» – жалпы мемлекеттік инфрақұрылымның негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

«Қазпошта» АҚ 1999 жылы құрылып, 2006 жылдан бері оның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» АҚ болып отыр.

Бүгінде «Қазпошта» – елдің барлық тұрғындарына пошталық және қаржылық қызметтер көрсететін және республика бойынша 22 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі.

«Қазпошта» АҚ-ның иелігінде Қазақстанның бүкіл аумағын, әсіресе, аудандық және ауылдық мекендерді (3 400-ден астам пошта бөлімшелерін) қамтитын елдегі ең ауқымды бөлімшелік желі бар. Пошта желісі бизнес пен халық үшін электрондық сауданы, көлік-логистикалық сервисті, агенттік, қаржылық қызметтерді дамытудың тиімді құралы болып табылады.

2014 жылы «Қазпошта» АҚ алғашқылардың бірі болып пошта қызметін трансформациялау үдерісіне қатысты. Трансформациялау бағдарламасының аясында компанияда жаңғырту және сапалы қызмет көрсету үдерісі белсенді жүруде. Атап айтқанда, іс барысын автоматттандыруға жаңа технологиялар енгізіліп, бизнес-процестер оңтайландырылды, клиенттерге қызмет көрсету стандарттары жетілдірілді және қызметтің жаңа түрлері жасалуда.




Басшылық
Сәкен Сейітжаппарұлы Сәрсенов
Басқарма Төрағасы
Компанияның
сандық көрсеткіштері
89 534
Млн. теңге
АКТИВТЕР
41 192
Млн. теңге
МЕНШІКТІ КАПИТАЛ
6 630
Млн. теңге
ТҮСІМ
1 263
Млн. теңге
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ПАЙДА
45 465
Млн. теңге
ТАЗА ПАЙДА






Қоржын компаниялар
© 2009-2018 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего