«ҚТЖ» ҰК» АҚ — Қазақстан экономикасын дамытудың инфрақұрылымдық негізін қамтамасыз ететін ірі көлік-логистикалық холдинг.
Бүгінде компания логистикалық және тасымалдаушы компаниялардың, барлық көлік түрлерінің терминалды және магистралды инфрақұрылымы иелерінің басын біріктіреді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жол және теңіз тасымалын жүзеге асырады, көлік-логистикалық орталық, сондай-ақ, теңіз порты, әуежай, темір жол және автокөлік инфрақұрылымы қызметтерін көрсетеді.
Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ активтер портфелі құрамында 18 еншілес ұйым мен 2 сенімді басқарудағы компаниясы бар біріктірілген құрылым болып табылады.