РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

2014 жылдың қазан айында мемлекет басшысының қатысуымен өткен форумда «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация бағдарламасы ұсынылды және қабылданды.

2014 жылы Трансформация бағдарламасы үш пилоттық қоржындық компанияларда басталды – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазпочта» АҚ, содан кейін кезең-кезеңмен «Қазатомпром» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ қосылды. 

2015 жылы Қор мен қоржындық компаниялар қызметінің стратегиялық түйінді көрсеткіштерінің (ҚТК) жиынтықтары мен нысаналы мәндері қайта қаралды және қоржындық компаниялардың стратегиялары стратегиялық мақсаттардың жаңартылған жиынтығына сәйкес келтірілген. Жоғарыда көрсетілген бастамалар орындалды деп танылды және бүгінгі күні бұл жұмыс Қордың Стратегиялық блогының базасында жалғасуда.

2018 жылдың сәуір айында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқару кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қордың 2018-2028 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын, сондай-ақ жаңартылған «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация бағдарламасын мақұлдады және қабылдады.

2018 жылдың мамыр айында Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен жаңартылған Трансформация бағдарламасы бекітілді.

Трансформация бағдарламасы Қордың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудің негізгі құралдарының бірі болып табылады: қоржынды компаниялардың операциялық тиімділік бойынша үздік шетелдік аналогтар деңгейіне шығуы; тұрақты өзгерістер үшін тиімді инфрақұрылым құру; компаниялардың құнын және инвестициялық тартымдылығын арттыру.

 Қордың стратегиясы «Temasek» (Сингапур), «Khazanah» (Малайзия) және «Mubadala» (Біріккен Араб Әмірліктері) сияқты жетекші әл-ауқат қорлардың тәжірибесі негізінде әзірленді.



Трансформация бағдарламасы



Қоржын компаниялар
© 2009-2019 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего