Қор туралы қысқаша

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы — жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын Қор.

Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды. Ол — Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету міндеті жүктелген инвестициялық холдинг.

Қазақстан экономикасында алатын орны

«Самұрық-Қазына» Қоры өз миссиясын қоржынды компанияларды тиімді басқару арқылы жүзеге асырады. Яғни, олардың ұзақ мерзімді құны мен тұрақты дамуын арттыру, сондай-ақ, ұлттық экономиканың басым бағыттарын дамытудағы каталитикалық инвестицияларды іске асырады.

Шөкеев Өмірзақ Естайұлы
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төрағасы
— «Самұрық-Қазына» АҚ барлық негізгі стратегиялық көрсеткіштер бойынша табысты өсімге қол жеткізіп, 2016 жылды оң қаржылық көрсеткіштермен аяқтап отыр. Осы жылдың қорытындысы бойынша акционер үлесіне шоғырландырылған таза пайдасы 455 млрд теңгені құрады. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 292 теңгеге, яғни 2,8 есе артық. Бұнымен қоса, Қордың таза активтерінің құны 6,8 трлн-нан астам теңгені құрап, 2015 жылдан бері 7%-ға өскен. Меншікті капиталдың тиімділігі 2015 және 2016 жылдардың қорытындысы бойынша 3,3%-дан 5,5%-ға дейін артқан. Негізгі стратегиялық көрсеткіштер бойынша оң нәтижелерге кіріс базасын ұлғайту мен жүйелі түрде шығындарды қысқарту есебінен қол жеткізілді. Ал Қордың компаниялар тобындағы операциялық қызмет шығындарын азайтуға бизнес-үдерістерді стандарттау мен автоматтандыруға бағытталған шаралар кешені септігін тигізді.

«Самұрық-Қазына» АҚ біртіндеп әлемдік деңгейдегі қорға айналуды көздейді. Қазіргі уақытта Sovereign Wealth Fund Institute тұжырымы бойынша активтерінің құны 67,4 млрд АҚШ долларын құрайтын «Самұрық-Қазына» әлемнің ірі 30 тәуелсіз қорының бірі саналады. «2017-2021 жылдарға арналған даму жоспарына» сәйкес 2021 жылы Қор активтері 81 млрд АҚШ долларын құрамақ.

«Самұрық-Қазына» АҚ жаңа әрі дамып келе жатқан салаларға жұмсалатын инвестициялары 2017 жылы 229 млн АҚШ долларын құрайды. 2021 жылдың аяғына қарай аталмыш көрсеткіш (2017-2021 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес) 783 млн АҚШ долларына жетеді деп болжанған.

Қордың ірі активтері

«Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялар тобына мұнайгаз, көлік және логистика салаларындағы кәсіпорындар, химия және атом өндірісі, тау-кен, металлургия кешені, энергетика, машина жасау мен жылжымайтын мүлік салаларының компаниялары кіреді:

Мұнайгаз холдингі
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Көлік-логистика холдингі
«Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ
Әуе компаниялары
«Эйр Астана» АҚ және «Qazaq Air» АҚ
Уран өндірісі бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі
«Қазатомпром» ҰАК» АҚ
Қазақстандық пошта операторы
«Қазпошта» АҚ
Энергетикалық компаниялары
«Самұрық-Энерго» АҚ және «KEGOC» АҚ
Машина жасау холдингі
«Қазақстан инжиниринг» АҚ

Қор Топтарының құрылымы

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистикалық секторы, химиялық және атомдық өнеркәсіп, тау-кен металлургия кешені, энергетика, машина жасау және жылжымайтын мүлік кәсіпорындары енеді:
22
Корпоративтік орталықтың 23 еншілес компаниясы
404
Қор Тобындағы 545 компания
300
Еншілес компания
104
қауымдасқан және бірлескен кәсіпорындар мен қаржылық инвестиция

Инвесторлармен ынтымақтастық

«Самұрық-Қазына» АҚ жұмыс істеп тұрған компанияларды дамыту үшін шетелдік инвестицияларды тартуға мүдделі.
Қор өз қоржынын жаңа стратегиялық бағыттарды және өсудің алғашқы сатысындағы компанияларға инвестиция жасау арқылы әртараптандыру жұмысын жандандырады.
Мемлекеттік активтерді жекешелендірудің кешенді бағдарламасы шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ түрлі салалардан жүздеген компанияларды сатуға шығарады.

Қазақстан Республикасы әл-ауқатының артуы

Қордың инвестициялық қызметі Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыруға және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсетуге бағытталған. «Самұрық-Қазына» АҚ жаңа активтері Қазақстанның алдыңғы қатарлы, ал халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті компаниялар болуы тиіс.

Сондықтан да, Қор инвестицияларының басым бөлігі ел экономикасын дамытуға жұмсалуда, ал шетелге шығарылған инвестициялар тек қоржынды компаниялар үшін айтарлықтай синергетикалық әсері бар немесе технологиялық және басқарушылық инновацияларды табыстау мақсатында стратегиялық активтерге ғана жасалады.