Корпоративтік басқару

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның заманауи әрі тиімді корпоративтік басқару жүйесі, акционерлердің құқтарын қорғайды және инвесторларға түскен табыс туралы, сондай-ақ, басқару қағидалары мен компаниядағы істің барысы туралы уақтылы және шынайы ақпарат береді. Корпоративтік басқару жүйесі акционерлердің құқтары мен мүдделерін бұзуы мүмкін барлық тәуекелдерді мейлінше азайтады және жояды.


Корпоративтік басқару бөлімінде Қор 6 жобаны жүзеге асырады:

Корпоративтік басқарудың жаңа кодексі. Қор ЭЫДҰ-ның қолдауымен Қазақстанда алғаш рет Корпоративтік басқарудың кодексін жасады. Жаңа кодекс үздік халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

PDF
Скачать 781 Kb
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексі

Корпоративтік басқару диагностикасының жаңа әдістемесі. Корпоративтік басқарудың жаңа кодексі енгізілгеннен кейін, Қордың Қоржынды компанияларына жаңа талаптар қойылды. Ал ол талаптар үдесінен шығу үшін жоғары стандарттар қажет. Сондықтан да, Корпоративтік басқару диагностикасының жаңа әдістемесі жасалды. Корпоративтік басқару рейтингі — құрамына корпоративтік басқарудың барлық қырлары кіретін өте сыйымды көрсеткіш.

Қоржынды компаниялардағы Директорлар кеңесінің тиімділігін арттыру. Трансформациялау нәтижесінде осыған дейін операциялық болып келген Қор, енді стратегиялық холдингке айналуы тиіс. Бұл – бизнестегі еншілес компаниялардың өз бетінше жұмыс істеуіне жағдай жасалады деген сөз. Олардың өз бетінше жұмыс істеуін кәсіби құзыретті директорлар кеңесі де қамтамасыз етуі тиіс. Қор директорлар кеңесінің құрамын күшейтіп, олардың қызметіне жаңа стандарттарды енгізу бағытында үздіксіз жұмыстар жүргізуде.

Тұрақты даму қағидаларын енгізу. «Самұрық-Қазына» АҚ — бұл Ұлттық әл-ауқат қоры. Сондықтан Қор тобы өз бизнесін жауапкершілікпен жүргізіп, Қазақстанның болашақ және бүгінгі ұрпақтары үшін қоржын құндылығын арттыруы тиіс. Тұрақты даму – бұл ұзақ мерзімді келешекте Қор тобының құнын тұрақты түрде арттыру үшін тараптардың мүдделер тепе-теңдігін сақтай отырып, біздің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарымыздың сай келуі. 

Ақпаратты ашу саясаты мен стандарттары. Ашықтық  — инвесторлар мен стэйкхолдерлер үшін маңызды бағыттардың бірі. Ақпаратқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін енгізу — IPO-ға шығар алдындағы қажетті кезең.

Қор мен Қоржынды компаниялардың жылдық есептерін дайындауды оңтайландыру. Жылдық есептердің сапасы ашықтыққа тікелей әсер етеді. Сондықтан да, олардағы контент пен ақпарат беру тәсілі қайта қаралды. Келесі қадам есептерді GRI стандарттарына сәйкес дайындау болмақ.


Басқару органы

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Корпоративтік басқару жүйесіне Қордың Компаниялар тобы бойынша алғашқыдан соңғы деңгейге дейінгі бүкіл басқару, бақылау және басқару органдарының жауапкершілігі кіреді:
Жоғары басқару органы болып Қорды басқару жөніндегі кеңес табылады. Ол Қор қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде, экономиканың басым секторлары мен Қазақстан экономикасын әртараптандыру және жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға Қордың қатысуы бойынша ұсыныстар жасайды. 
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның жалғыз акционері бұл – Қазақстан Республикасының Үкіметі. Оның құзырына Қордың Даму стратегиясын бекіту, Басқарма Төрағасы мен директорларын тағайындау, қаржылық нәтижелерді бекіту мен дивидендтер алу кіреді.  
Компания қызметіне жалпы жетекшілікті, оның ағымдағы қызметтік міндеттерін шешу өкілеттілігі берілген Төраға бастаған компания Басқармасының Директорлар кеңесі жасайды. 

Омбудсмен

Ерімбетов Нұрлан Кенжебекұлы

2017 жылдың 31 наурызынан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ-ның омбудсмені

Саяси ғылымдарының кандидаты, жоғары гуманитарлық білімі бар. 2012-2016 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы «Әлеуметтік серіктестік орталығы» Корпоративтік Қорын басқарған, 2016 жылдан бастап Орталықтың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Консультациялық кеңес мүшесі, Қазақстанның азаматтық альянсы ЗТБ Президенті, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі. Мемлекеттік награда — «Құрмет» орденімен марапатталған (2015).



Нормативтік-құқтық база

pdf
1.11 мб
«А.С. Есімовті тағайындау туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 23 желтоқсандағы Қаулысы
25.12.2017
doc
123.00 кб
Сақтандыру ұйымдарының тізімі 1 желтоксан 2017
1.12.2017
doc
122.50 кб
Сақтандыру ұйымдарының тізімі 1 қараша 2017
1.11.2017
doc
51.00 кб
Сақтандыру ұйымдарына қойылатын талаптар
3.03.2017
pdf
2.10 мб
«Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация бағдарламасы (2017 жылы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістермен)
28.01.2017