Қор тарихы

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің 13 қазан 2008 жылғы (№ 669) Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17 қазан 2008 жылғы (№ 962) қаулысына сәйкес құрылды.

Қор мемлекеттік екі алпауыттың: «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингін біріктіру жолымен құрылды.

Қорды құрудағы басты мақсат:

Ұлттық экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға жәрдемдесу
Ел экономикасын тұрақтандыруға қатысу
Компания қызметінің тиімділігін арттыру

Қордың міндеттері:

2008 жылы құрыла салысымен-ақ, Қор дағдарыстан кейінгі Қазақстан экономикасын қалпына келтіруші катализаторлардың бірі болды. Осы жылдары ол бірнеше міндеттер атқарды:
  • Коммерциялық банктерді капиталдандыру арқылы қаржы секторын тұрақтандыру
  • Үлескерлік құрылыс нарығындағы проблемаларды шешу
  • Қымбат ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру
  • ШОБ несиелеу және стратегиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру

Осы мақсаттарға жұмсалған қаражат:

1 трлн теңгеден астам


  • 2012:

    2012 жылы Қор бастапқы миссиясына оралды. «Қазақстан 2050» Стратегиясын жүзеге асыру бойынша Қордың жаңа Стратегиясы жасалды.

  • 2014:

    2014 жылы Қор мен оның қоржынды компанияларының ауқымды Трансформациялау бағдарламасы басталды.

  • 2016:

    Қордың жаңа операциялық үлгіге көшуі 2016 жылы орын алды.