Қордағы қызмет

Құрметті сайтты қолданушылар!

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының қызметіне қызығушылық танытқандарыңызға алғыс білдіреміз.

Сіздер бұл бөлімде қызметкерлерді жұмысқа қабылдау шарттарымен, қолжетімді бос орындардың бейінімен танысып, жарияланған лауазымдарға өтінім жолдай аласыздар. Сонымен бірге Қор компаниялары тобындағы HR бойынша соңғы жаңалықтарға көз жүгіртуге болады.

Бұл парақшада ұсынылған ақпарат сіздерге Қордың қызметін, құндылықтары мен мәдениетін терең түсінуге көмектеседі деп сенеміз.

Бізге қандай мамандар қажет?

Біз Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру үшін өзінің білімі мен дағдыларын жұмсауға және Қормен бірге белсенді түрде дамуға дайын дарынды және жігерлі мамандарды іздейміз. Өз тарапымыздан қызметкерлерімізге кешенді және маңызды міндеттерді жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігін, әділ және түсінікті ынталандыру мен сыйақы беру жүйесін, жеке және кәсіби қасиеттерді дамытудың жақсы шарттарын ұсынамыз.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау рәсімі

Қызметкерлерді іріктеу рәсімі ашық түрде өтеді және бірнеше кезеңдерден тұрады: кәсіби білімді, тілдерді меңгеру деңгейін және ақпаратты сандық және мәтін түрінде қабылдау қабілетін бағалауға мүмкіндік беретін тестілеу, сонымен бірге HR, тікелей жетекшімен сұхбатты және алқалы сұхбатты қарастыратын сұхбаттасудың бірнеше кезеңдері бар. Конкурстық іріктеудің қорытындысы бойынша ақпарат «Қабылданған қызметкерлер туралы ақпарат» бөлімінде жарияланады.

Іс-әрекет қандай?

Егер сіз біздің қатарымызға қосылуға ниет білдірсеңіз, онда «Бос орындар» бөлімінде жарияланған бос орындармен танысып, оған қойылатын талаптарға қаншалықты сәйкес келетініңізді түсінуіңіз қажет. Қызығушылық білдірген үміткерлер бос орынға орналасуға өтінімдерін онлайн тәртіпте, сонымен бірге cv@sk.kz электрондық поштасына жолдауға болады.



«Самұрық-Қазына» Қорының келбеті