Конкурстық құжатты қайдан қарауға болады?
16.11.2015
Конкурстық документті қалай қарайды порталдан?
Жауап
Кайырлы кун! Конкурстык кұжаттамалар карап шығу үшін сізге
https://tender.sk.kz
сайтында тіркелу қажет, тіркелу бойынша қосымша ақпарат алу үшін  Callорталығының нөміріне 8 7172 55 22 66 немесе
Support@skc.kz
,
help@skc.kz сайтына байланысуыңызға болады.
Сайтта Сатып алулар турлы ереженің мемлекеттік тілдегі нұсқасы бар ма?
26.01.2015
Саламатсыз ба? Неліктен сіздердің сайттарыңыздан «ПРАВИЛА ЗАКУПОК ТОВАРОВ, РАБОТ И УСЛУГ АКЦИОНЕРНЫМ ОБЩЕСТВОМ «ФОНД НАЦИОНАЛЬНОГО БЛАГОСОСТОЯНИЯ «САМРУК-ҚАЗЫНА»» құжатының мемлекеттік тілдегі нұсқасын көре алмаймыз? Рахмет!
Жауап
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамының және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-на тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидасының қазақша нұсқасын «Самұрық-Қазына Контракт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сайтында жарияланған.

Арендалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша қалай баспана алуға болады?
Әсел
1.01.2015
Салеметсiзбе, уйдi калай сатып алуымызга болады аренда бойынша? Жане ол айлык ақшаға байланысты ма? Төленетiн ақшасы айсайын калай болды?
Жауап
Сәлеметсіз бе, құрметті Асел!

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде 4 оператор жұмыс жасайды. Олар: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстанның ипотекалық компаниясы, жергілікті атқарушы органдар және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры.

Бағдарлама шеңберінде операторлардың қатысушыларға қоятын талаптары мен шарттар қатары бар. Аталған бағдарлама туралы  сұрақтарыңызға тек Жылжымайтын мүлік қоры бағыты бойынша ғана жауап бере аламыз.

Басты талаптарымыз-төлемқабілеттілік, баспана алатын аймақта соңғы 3 жылда пәтердің болмауы немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаждықтың болуы.

Бірінші кезекте Жылжымайтын мүлік қорының пәтерлері әкімдіктер арқылы жергілікті атқарушы органдар кезегінде тұрған азаматтар арасында бөлінетін болады.

Әкімдік кезегіндегілер сұранысына ие болмаған пәтерлер Жылжымайтын мүлік қорының ішкі ережелеріне сәйкес, яғни интернет арқылы, өткізіледі.

Алғашқы жарна міндеттелмеген. Интернет арқылы кезекке тұру үшін электронды-сандық қолтаңба көмегімен тіркелуден өтуіңіз қажет. Жылжымайтын мүлік қоры сайтта өтінім қабылданатынын хабарлаған мерзімде өтінім жіберуіңіз қажет.



Төлемқабілеттілікті есептеу кезегінде сіздің соңғы алты айдағы алық табысыңыз бен зейнетақы қорыңыз есепке алынады. Жалға ала отырып сатып алу бойынша пәтердің 1 шаршы метрі үшін Астана, Алматы, Атырау, Ақтауда және қаламаңы аймақтарында 1600 теңгеден басталады. Өзге өңірлерде – төлемақы 1300 теңгеден басталмақ.

Толығырақ ақпаратты 87172 91 90 70, 8727 222 06 80 нөмерлерінен немесе тұрғын жайларды өткізу тәртібі құжатынан
http://fnsk.kz/images/content/test/poryadoc-2014-kaz.pdf
ала аласыз.

Сатып алу бойынша сауалдар
Наталья Ивановна
Қайырлы күн! Сатып алынатын жұмыс, қызметтің біртекті нарығы түсінігі туралы білгім келеді. ЕШ-да біртекті еңбек нарығында жұмыс тәжірибесі бойынша критерийлерді бағалау қарастырылған. Ол үшін атқарылған жұмыстар актісі мен шот-фактура ұсыну қажет.
Жауап
Сатып алулар Ережесі 144-бөлімі, 1-тармағына сәйкес сатып алулар мәселелері бойынша әдістемелік басшылық «Самұрық-Қазына» АҚ құрылымдық  бөлімшесі құзіретінде. Осы себепті, ресми түрде өтінішті «Самұрық-Қазына» АҚ-ға  Астана қ., Қонаев көшесі, 8, Б блогы мекенжайына жолдауларыңызды сұраймыз.
Мемлекеттік органдардың реттеуші сұраулары дегеніміз не?
Лидия Новикова
Мемлекеттік органдардың реттеуші сұраулары дегеніміз не?
Жауап
Үкімет не мемлекеттік органның реттеуші қызметімен байланысты жіберілген сұраулар реттеуші деп аталады. Атап айтсақ, салықтық реттеуші, тарифтеу, салалық әкімдеу т.б. Реттеуші сұраулар негізінен жеке не мемлекеттік сыңайлы компания екендігіне қарамастан ел экономикасындағы барлық  кәсіпорындарға қатысты. Мысалға, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Салық Кодексінің 641-бабына сәйкес, салық салу объектілерін анықтау мақсатында қоржынды компанияларға сұрау жолдайды. Бұл реттеушілікке жатады. Аталмыш сұрау өз кезегінде елдегі кез-келген шаруашылық жүргізуші субъектіге жіберілуі мүмкін.

Мемлекеттік органдардың қоржынды компанияларға жолдаған сұраулары талап ету мәнінде әрі оны орындау міндет етіп көрсетілсе реттеуші болмақ:

• не қандай да бір заңнамалық актіде көрсетілсе,
• заңға қосымша актіні қабылдау қажеттігі  қандай да бір заңнамалық актімен белгіленсе, (ҚР Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімі құпталған  ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы №1599 Қаулысынан өзге).

Бұлай болмаған жағдайда сұрау реттеуші болмайды.
Қор ҚР Қаулысы ұсынымдарын орындауға міндетті ме?
Диас Бақытжан
Қор мен ЕТҰ-ға қатысты кейбір нормативтік-құқықтық актілерде нақты «ұсынылады» тұжырымын қажет етеді. Мысалға, «2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 Қаулысында Қорға бәсекелі ортаға берілетін ЕТҰ тізімін бекіту ұсынылған. Бұл ретте мәселе Қордың міндеті жайлы ма, әлде құқығы туралы ма?
Жауап
Аталмыш қолданыс мәніне келсек, ұсыным сипатында және орындалуы міндетті емес.

Қор мен ҚК ПМК тапсырмаларын орындауға міндетті ме?
Элина Гайсина
ПМК тапсырмаларын жолдауда Қор мен қоржынды компанияларға қатысты қолданылатын «келісімі бойынша» тұжырымын нақтылау мен анық түсіндіруді талап етеді. Мұндай тапсырма келіп түскен жағдайда Қор мен ҚК үшін заңды салдары қандай? Қор мен ҚК аталмыш тапсырмаларды орындауға міндетті ме әлде тек назарға алуға құқылы ма?
Жауап
Заң жүзінде «келісім бойынша» қолданысы қарастырылмаған, сәйкесінше мұндай тапсырманы орындау міндеттілігі жөніндегі нормативтік реттеу жоқ. Бұған қоса, аталған тапсырмаларды Қор және ҚК-ға бағыттау кезінде шын мәнінде жүктемелер субъектісімен (жазбаша не ауызша түрде) келісілуі тиіс. Алайда, бұл жағдайдың өзінде оларды орындау міндеттелмейді.
Министрлер мен оның орынбасарларына Қор және оның қоржынды компаниялары өкілдерін кеңеске шақыруға бола ма?
Мария Иванова
Министрлер мен оның орынбасарлары Қор және оның қоржынды компаниялары өкілдерін кеңеске шақыруға құқылы ма, бұл өкілдер аталмыш кеңеске қатысуға міндетті ме? Сондай-ақ министрлер мен/немесе олардың орынбасарлары Қор мен ҚК-ға орындалуға міндетті тапсырмалар жүктеуге құқылы ма?
Жауап
ҚР заңнамасына сәйкес, Қор мен қоржын компаниялардың министрлер мен орынбасарлар шақыртуымен ҚР министрліктеріндегі (оның ішінде комитеттерінде) өткізілетін жиналыстарға қатысулары міндетті емес. Сонымен қатар, заңға сай аталған тұлағалардың Қор мен Қоржын компанияларға тапсырма жүктеуі міндетті емес.

Сондай-ақ, Қоржын компаниялар мен министрліктер арасындағы құқықтық қарым-қатынас реттеушіге жатқызылса, қатаң түрде құқықтық регламентке (мысалға, табиғи монополиялар, салалық заңнамаларға және т.б.) сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Егер Министрлік тарапынан өзара іс-қимыл Қордың жалғыз акционері ретінде ҚР Үкіметі атынан болған жағдайда корпоративтік басқару шеңберінде іске асырылуы тиіс. Бұл ретте министрлер мен Қор арасында («Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» ҚР Заңы және ҚР Үкіметі мен Қор арасындағы Келісім аясында өкілеттігін жүргізуге тиіс министрлер Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі болмаған жағдайда) тікелей құқықтық байланыстың жоқтығын ескертеміз.
Қор мемлекеттік ұйымға жата ма?
Серік Бейсеков
Үкімет Регламентінің 8-тармағы: «Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе басшысы құзіретіне сай, ҚР барлық мемлекеттік органдары мен ұйымдарының басшыларына алдын ала келісімсіз орындалуы міндетті тапсырмалар жүктей алады».

Қор мемлекеттік ұйым болып есептеле ме және аталмыш ереженің Қорға қатысы бар ма?
Жауап
Регламенттің 8-бөлімінде мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер туралы айтылған, оған сай аталған ереженің Қорға қатысы жоқ.

Құқық бұзылған жағдайда қайда жүгіну қажет?
Наталья Ивановна
Қайырлы күн! Еңбек құқығым бұзылған жағдайда қайда және кімге жүгінем?
Жауап
Наталья Ивановна, Қайырлы күн! Қордың лауазымдық тұлғалары мен басқа да қызметкерлерінің құқыққа қарсы іс-әрекеті фактілері жөнінде хабарлауға арналған байланыстар: омбудсмен сенім телефоны: +7 (7172) 55-40-04. Электронды пошта: ombudsman@sk.kz.

Сауал жолдау

Барлық жолдарды толтыру міндетті