Инвесторлар мен стейкхолдерлерге

Қазақстан — бай мәдениеті мен терең тарихы бар Еуразия кіндігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 2,7 млн. шаршы шақырымды алып жатқан кең байтақ Қазақ елі территориясы бойынша әлемде 9-ыншы орында тұр. Елдегі тұрғындар саны — 17,7 млн. адам.

Қордың қаржылық көрсеткіштері (млрд. теңге)

Рейтингтер

S&P Global Ratings:

  • • «BB+/B» шетел валютасындағы міндеттемелер бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелік рейтингі, болжам «Тұрақты»

  • • «BB+/B» ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелік рейтингі, болжам «Тұрақты»

  • • «kzAA-» ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді рейтинг

  • • «ВВ+» ішкі облигациялардың басым қамтамасыз етілмеген рейтингтері.

Fitch Ratings:

  • • «BBB» ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді ЭДР, болжам «Тұрақты»

  • • «BBB» шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ЭДР, болжам «Тұрақты»

  • • «F2» деңгейінде шетел валютасындағы қысқа мерзімді ЭДР

  • • «AAA(kaz)» ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг, болжам «Тұрақты»

  • • «BBB» және «AAA(kaz)» ішкі облигациялардың басым қамтамасыз етілмеген рейтингтері.

Қоржын компаниялар

Мұнай-газ холдингі
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Көлік-логистикалық холдингі
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
Әуе компаниялар
«Эйр Астана» АҚ и «Qazaq Air» АҚ
Уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қазақстандық пошталық оператор
«Қазпошта» АҚ
Энергетикалық компаниялар
«Самұрық-Энерго» АҚ и «KEGOC» АҚ
Машина жасау холдингі
«Казақстан инжиниринг» ҰК» АҚ
Жылжымайтын мүлік саласы
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ

Жаңа салалар

Инвестиции в новые отрасли
Жаңа салаларға инвестиция тарту
Бұлар Қордың іске асырылып жатқан жобалары. Қор 2016 жылдан 2020 жылға дейін өсіп келе жатқан қоржынды компаниялардағы инвестициялық жобаларға өз қаржысынан 352 млрд теңге тартады.
Отрасли преимущественного развития
Айрықша дамытылатын аймақ
Қордың жаңа жобалары үшін басым салалар ретінде  химиялық және тау-кен өндірісі, энергетика және жоғары технологиялар айқындалады.

Жекешелендіру

Қазақстанда мемлекеттік компанияларды жекешелендірудің екінші толқыны жүруде. «Самұрық-Қазына» АҚ мемлекеттік активтердің үлкен көлеміне ие оператор ретінде бұл үдеріске белсенді түрде қатысып жатыр. Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының аясында «Самұрық-Қазына» АҚ 215 активті сатуға шығарады.

Оқиғалар күнтізбесі

• «Самұрық-Қазына» АҚ-ның дипломатиялық корпусқа арналған брифингі. 2017 жылдың 28 ақпанында Астанада Қазақстан Республикасында аккредиттелген, дипломатиялық корпус пен халықаралық компанияларға арналған «Самұрық-Қазына» АҚ брифингі өтті. Толығырақ >>

• ЛОНДОНДА ӨТКЕН ИНВЕСТОР КҮНІ. 2017 жылдың 5 сәуірінде «Самұрық-Қазына» АҚ 6 ірі қоржын компанияның активтерін жекешелендірудің бір қадамы ретінде  Лондон қаласында Инвестор күнін ұйымдастырды. Толығырақ >>

• АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТОР КҮНІ. 2017 жылдың 28 сәуірінде «Самұрық-Қазына» Қоры Алматыда Инвестор күнін өткізді. Іс-шара барысында Қордың топ-менеджерлері жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы баяндап, қоржындық компаниялардың басшылары өз активтерін таныстырып өтті. Толығырақ >>

• Егемен әл-ауқат қорларының халықаралық форумының (IFSWF) тоғызыншы жыл сайынғы отырысын «Самұрық-Қазына» АҚ 2017 жылғы 5-7 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Астана қаласында ұйымдастыратын болады. IFSWF мүшелері сұхбат, зерттеулер жүргізу және өзін-өзі бағалау арқылы егемен қорлар қауымдастығының бірлескен жұмысына және дамуына берілген 30 егемен әл-ауқат қоры болып табылатын ерікті ұйым болып табылады. IFSWF  жыл сайынғы отырысы 30 астам елдің егемен әл-ауқат қорларының, сондай-ақ жетекші халықаралық ұйымдардың, ғылыми орта мен бизнестің өкілдерін қоса алғанда,  200-ден астам қатысушыны жинайды.

Байланыстар

• Басты кеңсе: ir@sk.kz, +7 (7172) 55-40-33, +7 (7172) 55-40-71

 Бейжің қ. өкілдік: ҚХР, Бейжің, 100027, Чаоян ауданы, Жұмысшылар стадионының Солтүстік көш. 13 үй, 1 құрылыс, 8 қабат, 0801 кеңсе, +86 10 84 004 044, T.Nurgaliev@sk.kz

• Мәскеу қ. өкілдік: Мәскеу, 115172, Гончарная көш. 21 үй, +7 495 785 69 80, R.Sadykov@sk.kz

 Лондон қ. өкілдік: Дәурен Төлеуханов, басшы, dt@sk.kz