Жаңа салалар

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның ұзақ мерзімді стратегиясы Қор Тобына кіретін, қолданыстағы компанияларға инвестиция тартуды ғана емес, сонымен қатар, келешегі зор жаңа салалар мен стартаптарды дамытуды көздейді. Ол үшін «Самұрық-Қазына» АҚ тарансформациялау аясында жаңа салаларды дамыту бөлімі құрылды.

Қордың жаңа болжамы оның жаңа инвестициялық қоржынын қалыптастыруды, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік нарықта ұзақмерзімді бәскеге қабілеттілігін арттыруда жаңа стратегиялық мүкіндіктерін айқындауды көздейді. Жаңа қоржындық инвестициялар ынталандыру және қаржыландыру қызметтерін қоса атқарып, ел экономикасы құрылымдық жаңаруының қозғаушы күшіне айналмақ.

Жаңа салаларды дамыту бөлімі өз жұмысы барысында екі бағытта жүзеге асады:

Инвестиции в новые отрасли
Жаңа салаларға инвестиция тарту
Бұлар Қордың қазіргі іске асырылып жатқан жобалары. 2016 жылдан 2020 жылға дейін Қор өсуші портфельдік компаниялар инвестициялық жобаларына өз қаражатынан 352 млрд теңге бөлмек.
Отрасли преимущественного развития
Айрықша дамытылатын аймақ
Қордың жаңа жобаларына арналған басым салаларға химиялық және тау-кен өнеркәсібі, энергетика мен жоғары технологиялар жатады.

Айрықша дамытылатын аймақ

Жаңа және қолданыстағы компанияларды дамыту командасының басты міндеті – Қордың жаңа қоржынды компанияларының өсуін қамтамасыз ету, қоржынды әртараптандыру мен Қазақстан Республикасының экономика саласындағы болашақ көшбасшы компанияларын құру.

 Химиялық сала
«Біріккен химиялық компаниясы» ЖШС

Каустикалық сода мен хлор, глифосат пен полипропилен өндірісі

Еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) инфрақұрылымы «Тараз химиялық паркі» (Агрохимия) және «Ұлттық индустриалдық мұнайхимиялық технопаркі» ЕЭА (Мұнайгазхимия)

Тау-кен саласы
«Тау-Кен Самұрық» АҚ

Кен орынының базасындағы өндірісті реттеу: 

Күміс, қорғасын (Алайғыр) Мырыш, қорғасын (Шалқия) Темір (Масальский)

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС

«Сырымбет» қалайы кен орынын игеру          

Тау-металлургиялық кешен құрылысы

 Энергетика
«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС

Көмір байыту фабрикасының құрылысы

«Бурное» күн электрстансасы

Жоғары технологиялар
«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ

Электронды-оптикалық аспаптар өндірісі

Астана қаласында Авиациялық-техникалық орталық құру 

Басым секторлар

2016 жылы жаңа салаларды дамыту аясында, Қор инвестициясы үшін басым болатын экономиканың секторлары анықталды.

  • Ауыл шаруашылығы

  • Ақпараттық технологиялар

  • Инфрақұрылым

Серіктестік:

Қор қоржынды компанияларымен бірге өзара тиімді инвестициялық құрылым есебінен елге тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға белсенді атсалысады. Қор деңгейінде дамытылатын әлеуеттік серіктестіктің 4 түрлі саласы бар:

  • Толыққанды қоржыны бар компаниялармен серіктестік
  • Химиялық және тау-кен өндіру сегменттеріне айрықша ден қоя отырып, дамушы қоржынды компаниялармен серіктестік
  • Қордың жаңа салалары, оның ішінде аграрлық бизнес, өнеркәсіптік технологиялар, инфрақұрылым және өзге секторларға жаңа ортақ инвестициялар тартуға арналған стратегиялық серіктестік
  • Қазақстанда сенімді серіктес іздеуші жергілікті және шетел инвесторларын қолдау мақсатындағы бірлескен инвестициялық серіктестік

Байланыстар

 Ержан Тұтқышев, Активтерді дамыту департаментінің директоры, +7 (7172) 559-217, Y.Tutkushev@sk.kz

• Елжас Oтыншиев, Активтерді дамыту департаменті Тау-кен активтерін дамыту секторының жетекшісі, +7 (7172) 552-702, Ye.Otynshiyev@sk.kz.