Тұрғын үй бағдарламалары

«Самұрық-Қазына» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасымен жасалған бірқатар тұрғын үй жобаларына қатысады.

1. «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы;

2. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы (бұрынғы «Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасы).

«Самұрық-Қазына» АҚ ҚР Үкіметінің Дағдарысқа қарсы бағдарламасының аясында бұған дейін де тұрғын үй құрылысына қатысқан болатын.(2009-2012 жж).

Нұрлы жол

«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 6 сәуір 2015 жылғы № 1030 Жарлығымен бекітілген.

Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өрлеуін қамтамасыз ету мақсатында хаб қағидатында тиімді инфрақұрылым құру негізінде елдің макроөңірлерін ықпалдастыру арқылы бірыңғай экономикалық нарық қалыптастыру, сондай-ақ, сыртқы нарықтар конъюнктурасы нашарлаған жағдайда экономиканың жекелеген секторларын қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

  • Шұғыла қағидаты бойынша тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылым құру;
  • Индустриялық инфрақұрылымды және туристік инфрақұрылымды дамыту;
  • Бірыңғай электр энергетикалық жүйе аясында энергетикалық инфрақұрылымдарды нығайту;
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау мен су бұру желілерін жаңғырту;
  • Азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру;
  • Білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту;
  • Кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату;
  • Отандық машина жасау өндірісін қолдау;
  • Экспортты қолдау;
  • АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • Бизнестің жол картасы – 2020 инфрақұрылымдық жобаларын қамтамасыз ету;
  • Зертханалық базаларды дамыту арқылы азық-түлік сапасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Болжамдық қорларды бағалаумен Қазақстан территориясының зерттелуін қамтамасыз ету.

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жобалары

Астана әуежайын қайта құру
Алматы – Шу аймағындағы екінші жол құрылысы
Іске асу мерзімі:       
Құрылыс кезінде:
Пайдалануға беру:
2015-2017
1490 жұмыс орны
66 жұмыс орны

Тиімділігі:

Аймақтың жүк айналымы мен көлік әлеуетін жоғарылату, 2020 жылға қарай жоспарланған тасымал көлемі шамамен 37,19 млн тоннаны (2014 жылы - 31,2 млн. тоннаны) құрайды;

Жүк поезының жылдамдығын 27,8 км/сағаттан 40 км/сағатқа 1,5 есеге дейін арттыру; Алматы және Шустансалары арасындағы жүк тасымалының жолына кететін уақытты 3,5 сағатқа қысқарту.

Боржақты-Ерсай темір жол желісінің құрылысы
Іске асу мерзімі:
2014-2016
Құрылыс кезінде:
Пайдалануға беру:
204 жұмыс орны
30 жұмыс орны

Тиімділігі:

Құрық порты маңындағы жағалау инфрақұрылымның нысандарына, Қашаған кен орнына, сондай-ақ, «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» АҚ, «Теңіз-Сервис» ЖШС, «Глобалинк» ЖШС, «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС-не қызмет көрсету;

Паромға әртүрлі жүктерді тиеу мақсатында аталған аймақтың көлік логистикасын қамтамасыз ету.

Құрық портынан паромдық өткел құрылысы
Іске асу мерзімі:
2015-2017
Құрылыс кезінде:
Пайдалануға беру: 

500 жұмыс орны
238 жұмыс орны


Тиімділігі:

Еуропаға Каспий теңізі арқылы жөнелтілетін жүк тасымалын арттыру.

Тиеу порттарындағы жүктерді тиеуге кететін шығындарды қысқарту есебінен, көлік шығындарын үнемдеу.

Тұрғын үй инфрақұрылымд арын нығайту, «Коммерциялық баспана» бағыты
Іске асу мерзімі:
2016-2021
Құрылыс кезінде:
Пайдалануға беру:
21340 жұмыс орны
972 жұмыс орны

Тиімділігі:

Экономикалық белсенділікті қолдау мақсатында, экономиканың байланысқан салалары арқылы, мультипликативті әсерін қамтамасыз ету. Тұрғын үй құрылысының және инфрақұрылымының негізгі бағыттары іске қосылған, оның ішінде:

1) жалға берілетін баспана құрылысы; 

2) несиеге берілетін баспана құрылысы;

3) коммерциялық баспана құрылысы;

4) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (ары қарай - ИКИ) аяқтау.

Бұл бағыттар тұрғындар арасында жалға және несиеге берілетін баспаналарға деген сұраныстың өсуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жеке меншік құрылыс компанияларын тұрғын үй құрылысымен айналысуға ынталандырады. Несиелік және коммерциялық баспаналар тұрғызудың басты артықшылығы құрылыс мақсаттары үшін қосымша қаржыландыруды тартпай-ақ, бөлінген қаржыны қайта пайдалану мүмкіндігі болып табылады.

Көлік инфрақұрылымын дамыту
«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА дамыту
Іске асу мерзімі:
2014-2020
Құрылыс кезінде:
Пайдалануға беру: 
939 жұмыс орны
10000 жұмыс орны

Тиімділігі:

Оңтүстік-шығыс Азия –Қытай – Орталық Азия – Еуропа транзиттік дәлізін үнемді әрі шығыны аз балама ретінде құрғақтағы бағыттың тартымдылығын арттыру;

Кедендік одақ елдерінің сыртқы сауда әлеуетін кеңейту және соның шеңберінде жүк тасымалының ұлғаюына қол жеткізу.

Астана қаласы әуежайында жаңа терминал құрылысы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту
Іске асу мерзімі:
2015-2017
Құрылыс кезінде:
Пайдалануға беру: 
170 жұмыс орны
350 жұмыс орны

Тиімділігі:

Өткізу қабілетін жылына 1 775 жолау/сағатқа дейін ұлғайту (жылына 750 жолау/сағаттан 2 525 жолау/сағатқа дейін).

Жолаушылар айналымын жылына 4,6 млн. жолаушыға арттыру (3 млн. жолау/ жылдан 7,6 млн. жолау/жылға дейін)


«ҰИМТ» АЭА инфрақұрылымының құрылысы
Іске асу мерзімі:
2014-2019
Құрылыс кезінде:
Пайдалануға беру: 
1500 жұмыс орны
500 жұмыс орны

Тиімділігі:

Мұнай-химия өнеркәсібі саласына тікелей инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау.  

«ҰИМТ» АЭА инвестициялық жобалары қажетті инфрақұрылыммен жабдықтау.

«Екібастұз – Шүлбі СЭС (Семей) – Өскемен» бағыттарында 500 кВ желілер салу (Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитімен 1 кезең)
Іске асу мерзімі:
2011-2017
Құрылыс кезінде:
Пайдалануға беру:
747 жұмыс орны
32 жұмыс орны

Тиімділігі:

Солтүстік – Шығыс қиылысындағы желілердің өткізу қабілетін жоғарылату, Ресейдің БЭЖ желілері арқылы жасалатын электр энергиясының транзитіне кіріптар болмай, Шығыс Қазақстан облысындағы электр энергиясы тапшылығының орнын толтыру және Бұлақ СЭС реттеуішін енгізген кезде Шүлбі СЭС-ның (ШСЭС) толық қуатта жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Шүлбі СЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алматы» бағыттарында 500 кВ желілер салу (Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитімен 2 кезең)
Іске асу мерзімі:
2012-2018
Құрылыс кезінде:
Пайдалануға беру:
1114 жұмыс орны
65 жұмыс орны

Тиімділігі:

Қазақстанның Солтүстік және Оңтүстік бағыттарының ҰЭЖ транзиттік әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді. Темір жолдың электрленген аймақтарын, тау-кен өнеркәсібінің энергия қажет ететін нысандарын электр энергиясымен қамтамасыз етіп, шекара маңындағы аймақтарды дамыту үшін және жаңартылған энергия әлеуетін кең көлемде игеруге жағдай жасайды. Сондай-ақ, Шығыс аймақтың Қазақстанның бірыңғай электр жүйесімен байланысын күшейтеді.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы

Инвестиции в новые отрасли

       
Қазақстанның 12 өңірінде 15 нысан
Отрасли преимущественного развития

       








90,13 млрд. теңге инвестиция


2012 жылдан бері «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» Акционерлік Қоғамы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының тұрғын үй құрылысы операторының бірі болып табылады.

Бағдарламаны іске асыру аясында үстіміздегі жылы Жылжымайтын мүлік қоры еліміздің 12 өңірінде тұрғын үй құрылысының 15 нысаны бойынша қаржыландыру шарттарын жасасты (Астана, Алматы, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Көкшетау қалаларында  және Алматы облысында).

75.98 кб
Бағдарламаны жүктеу
25 Декабря 2016 года


15 нысан бойынша инвестициялар сомасы 90,13 млрд.теңгені, оның ішінде Жылжымайтын мүлік қорының міндеттемесі – 71,50 млдр.теңгені құрады. Тұрғынжайлардың жалпы алаңы - 625 мың шаршы метрден астам, Жылжымайтын мүлік қорының үлесі – 500,39 мың шаршы метр.     

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының аясында 2016 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 335,55 мың шаршы метр тұрғынжай пайдалануға беріліп үлгерсе, 274 мың шаршы метр меншікке өтті. 267,4 мың шаршы метр сатылып, оның ішінде 50,1 мың шаршы метрі 2016 жылдың 8 айында жүзеге асты.

Аталған бағдарлама шеңберінде барлығы 10 000 пәтер салу жоспарлануда, оның 80 пайызы Жылжымайтын мүлік қорының есебінен. Тұрғын үй бағдарлама шарттарында қарастырылған тетіктер арқылы сатылатын болады.