Халықтық IPO

Халықтық IPO

2011-2014







«Халықтық IPO» бағдарламасы Қазақстанда 2011-2014 жылдары жүзеге асты. Оның бастамашысы болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, бағдарлама Қазақстан азаматтарына ірі кәсіпорындар мен ұлттық компаниялардың акцияларын иеленуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл өз кезегінде ұлттық экономика үшін жаңа инвестициялар тарту мүмкіндігі. 

«Халықтық IPO» бағдарламасының аясында қор нарығына «Самұрық-Қазына» АҚ-ның екі компаниясы шығарылды.

2012 жылы еншісіне елдегі мұнай өндірудің жылдық көлемінің 60 пайызының тасымалы кіретін Қазақстандағы мұнай құбырларының ірі операторы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның жай акцияларының IPO-сы өтті. «ҚазТрансОйл» АҚ қаржылық көрсеткіштерін жақсарту әлеуеті бар тұрақты бизнеске ие.    


2014 жылы нарыққа «KEGOC» АҚ шығарылды. Компания электр желілерін басқару бойынша негізгі қызмет түрлерін ұсынады. Қазақстанның ішкі экономикасының өсуіне байланысты бірқатар артықшылықтары бар, ашық және түсінікті бизнес. Сонымен қатар, қаржы салымына деген қажеттілік акцияларды бастапқы шығару үшін негіз болып табылады.