«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ

Басшылық
Тұрмағамбетов Мәжит Әбдіқалықұлы                       
Басқарма Төрағасы 

Компанияның бүгінгі тынысы

«Тау-Кен Самұрық» мыс, мырыш, темір сияқты басым металлдардан бастап, сирек кездесетін металлдарға дейінгі түрлі қатты пайдалы қазбаларды өндіру және байытуға маманданған. Сондай-ақ, бұл технологиялық тізбекке олардың металлургиялық қайта өңделуі де кіреді.  

«Тау-Кен Самұрық» 13 түрлі инвестициялық жобамен айналысады. Олардың қатарына бүгінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар: ҚазЦинк, Металлургиялық кремний өндіретін және аффинаж зауыттары, сондай-ақ, барлау және өндіруге арналған жобалар: «Алайғыр» БК», «Масальский» ТБК», «Солтүстік Қатпар», «Шалқия» ЖШС-тері бар. Ал геологиялық барлау жобаларынан мұнда: Тұйық-Темірлік, Спасск, Прогресс, Тау алды Кетмень, Шоқпар және Гагаринское кен орындары кіреді. 

Алға қойған міндеттерді жүзеге асыру нәтижесінде, «Тау-Кен Самұрық» АҚ 2022 жылға қарай өз саласы бойынша озық технологиялар мен ең үздік әлемдік тәжірибелерді енгізген Қазақстандағы тау-кен металлургия саласының ірі ұлттық компаниясы болады.



Компанияның сандық көрсеткіштері

30.06.2017 мәліметтер

579 052 Млн. теңге
Активтер
556 551 Млн. теңге
Меншікті капитал
101 212 Млн. теңге
Түсім
-1 726 Млн. теңге
Операциялық пайда
29 140 Млн. теңге
Таза пайда