«Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ

Басшылық
Жетпісбай Арман Шәріпбайұлы
Басқарма Төрағасы

Компанияның бүгінгі таңда

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы 2009 жылғы 6 наурызда құрылды. «Самұрық-Қазына» АҚ Жылжымайтын мүлік қорының Жалғыз акционері болып табылады. Жылжымайтын мүлік қоры Дағдарысқа қарсы бағдарламаның, жалға берілетін және коммерциялық тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы Жер» бағдарламасының  операторы болып табылады, және еншілес ұйым арқылы Астана қаласында «Жасыл орам» жобасын іске асыруда.

2017 жылғы 9 қарашада Жылжымайтын мүлік қоры Директорлар кеңесінің №126 шешімімен 2018-2027 жылдарға арналған Даму стратегиясы бекітілді.

Миссия

Жылжымайтын мүлік қорының Қазақстанның дамуындағы рөлі – бизнестің және адами капиталдың  мобильділігі үшін заманауи және қолайлы жағдай жасау.

Пайымы

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры  – акционерлер үшін құндылықты арттыратын компания, кәсіпкерліктің дамуына, сондай-ақ Қазақстанда заманауи технологияларды пайдалана отырып және серіктестерді тарта отырып, тиісті инфрақұрылымды және жылжымайтын мүлік объектілерін құру жолымен бизнес пен халық мобильділігінің дамуына көмектеседі.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ миссиясы мен пайымы даму стратегиясын және Жалғыз акционердің пайымын ескере отырып қалыптастырылады. Миссия компанияның стратегиялық басымдықтарын және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлін көрсетеді.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ дамуының стратегиялық бағыттары

Бизнесті дамыту үшін жағдай жасау:

  • Light industrial / логистика (соның ішінде өндірістік инкубаторлар, мамандандырылған кешендер) – тұтынушыларға қолжетімді болу үшін ШОБ-ты қала шегінде орналастыруға арналған шағын сапалы индустриялық үй-жайлар.
  • Активтерді басқару – басқа бағыттар шеңберінде құрылған, сондай-ақ Жылжымайтын мүлік қорының басқаруына тапсырылатын объектілерді басқару және пайдалану.

Халықтың мобильділігін қолдау:

  • Апарт-отельдер және қала апартаменттері – эконом класс сегментінде кәсіби оператордың басқаруымен қысқа немесе ұзақ мерзімді тұруға арналған қонақ үй қызметтері мен тұрғын пәтерлердің сипаттарын байланыстыратын пәтерлер кешені.
  • Медициналық жылжымайтын мүлік – медициналық инфрақұрылым ғимараттары мен объектілері, атап айтқанда жоғары сапалы жағдайларда халықты емдеуге және оңалтуға арналған емханалар, оңалту орталықтары.

Аумақтық даму:

  • Көп функционалды аймақтар – жолда демалу және күшті қалпына келтіру үшін автомобильшілерге, туристік автобустардың жолаушыларына, жүк таситын автомобиль жүргізушілеріне кешенді қызметтерді ұсыну үшін магистральді жолдарда жол бойындағы коммерциялық инфрақұрылым кешені.
  • Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу – Үкімет қаулылары шеңберіндегі міндеттерді және басқа да нормативтік актілерді орындау.

Желтоқсан бойынша деректер 2018 жылғы қаңтар айында, есеп беру кезеңі жабылғаннан кейін болады.  

2016 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында  «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры «Нұрлы жол» бағдарламасы операторларының бірі болып белгіленді.  


«Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры жеке меншік құрылыс салушыларды қолдау тетіктерін жасау аясында, Тұрғын үй құрылысы жобаларын іріктеу және қарау ережелерін жасап, бекітті. Сондай-ақ, жаңа бағдарлама шеңберінде баспаналарды сату ережесі де жасалды. Аталған ережелермен Жылжымайтын мүлік қорына хабарласу арқылы танысуға болады. 


Компанияның сандық көрсеткіштері

30.06.2017 мәліметтер

203 822 Млн. теңге
Активтер
37 705 Млн. теңге
Меншікті капитал
7 036 Млн. теңге
Түсім
537 Млн. теңге
Операциялық пайда
1 027 Млн. теңге
Таза пайда