«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ


Басшылық
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы                  
Президент (Басқарма Төрағасы)

Компанияның бүгінгі тынысы

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы (ҚМГ) — Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекет мүддесін білдіретін, көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі қазақстандық оператор. 

 «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жыл 20 ақпандағы Жарлығының негізінде «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясын және «Мұнай және газ тасымалдау» ұлттық компаниясын біріктіру жолымен құрылған.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы — көмірсутектерді барлау мен өндіру, оларды тасымалдау мен өңдеуден бастап мамандандырылған сервистік қызметтерді көрсетуге дейінгі толық өндірістік циклді жүзеге асыратын тік біріктірілген мұнай-газ компаниясы.


ҚМГ Компаниялар тобына 220 компания кіреді. «ҚазМұнайГаз» Қазақстандағы мұнай және газ конденсатын өндіру нарығының төртен бір бөлігін қамтиды. Сондай-ақ, ол елдегі мұнай өңдеуде, мұнай мен табиғи газды құбырмен тасымалдауда үстем бағытқа ие.


Компанияның сандық көрсеткіштері

30.06.2017 мәліметтер

12 590 654 Млн. теңге
Активтер
6 384 716 Млн. теңге
Меншікті капитал
1 143 864 Млн. теңге
Түсім
-11 257 Млн. теңге
Операциялық пайда
274 382 Млн. теңге
Таза пайда