«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ

Компанияның бүгінгі тынысы
«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – ірі машина жасау кәсіпорындарында бірыңғай қаржылық, өндірістік, технологиялық саясатты қамтамасыз ететін холдингтік құрылым. Ол азаматтық және арнайы, сондай-ақ, қос мақсатта да өнім өндіруге маманданған.
Компания тобына мұнай-газ, темір жол, энергетика, ауылшаруашылығы машиналарын жасау, әскери-өнеркәсіптік кешен, сондай-ақ, радиоэлектрондық байланыс саласында өнімдер шығаратын және қызметтер көрсететін 27 кәсіпорын кіреді.
Акция пакетін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне сенімді басқаруға беру есебінен, компания мемлекеттік әскери тапсырыстардың негізгі орындаушысы болып отыр. Бұл өз кезегінде компания тобында қорғаныс кәсіпорындары жүктемесінің артуына әкелді.


Толығырақ «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның ресми сайтында
Компанияның сандық көрсеткіштері
31.12.2016 мәліметтер