«Самұрық-Қазына Инвест»

Басшылық
Әбдімомынов Нұржан Құрманбекұлы
Бас директор

Компанияның бүгінгі тынысы

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС — жергілікті қамтуды арттыру мақсатында бәсекелесуге қабілетті тауарлар мен қызметтерді жасауға бағытталған инвестициялық жобаларды тікелей қаржыландыратын компания.

Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың негізгі шарттары

Қаржыландырудың түрі: негізгі капиталға инвестиция жұмсау

Басым бағыттар:

  • «Самұрық-Қазына» АҚ басым салаларындағы жобалар; 
  • холдинг ішіндегі кооперацияны дамытуға бағытталған жобалар; 
  • Қазақстанның экономикасын жаңғыртуға бағытталған жобалар; 
  • Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруға бағытталған жобалар.

Географиялық фокус: Қазақстан және Қазақстанмен өндірістік кооперация бар болған жағдайда басқа елдер

Жобалардың құны: 150 млн. АҚШ долл. дейін. Капитал сыйымдылығы артығырақ жобаларды «Самұрық-Қазына» АҚ қарастыруына жіберуге болады

Инвестиция мерзімі: 3-5 жыл (инвестиция мерзімін үш жылға ұзарту мүмкіндігі бар)

Инвестициялық портфель бойынша орташа табыстылық (СоЕ): жылына 12,54% теңгеде

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС қатысу үлесі: жарғылық капиталда 49% дейін

Әріптестік

Келесі белгілерге сәйкес стратегиялық әріптесті тарту:

  • кәсіби тәжірибе;
  • озақ технологиялық шешімдердің бар болуы;
  • нарықтық мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білу;
  • қаржылық тұрақтылық.
Егер Сіздің жобаңыз жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес болса, Сіздің «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-мен келесі құралдар арқылы байланысуыңызға болады:

  • ресми хатты Астана қ., Қонаев көш. 8, «Зүбаржат орамы» ғимараты, Б блогы, 35 қабат мекенжайына және info@skinvest.kz электрондық адресіне жіберу;
  • 8 (7172) 55 97 40 телефон нөмеріне қоңырау шалу.
Жүзеге асырылып жатқан жобалар:

  • Қалайы кен орнын игеру және тау-кен-металлургиялық кешенін салу;
  • Күн электр станциясының құрылысы;
  • Лизингтік компанияны құру және қаржыландыру;
  • Коммуналдық, ауыл шаруашылық және тасымалдау техникаларын жасау;
  • Көмір байыту фабрикасының құрылысы;
  • Дәнекерлеу электродтарының өндірісі.
Жобалардың жалпы құны 168 млрд. теңгені құрайды. Соның ішінде компанияның үлесі — 15,7 млрд. теңге.


Компанияның сандық көрсеткіштері

31.12.2016 мәліметтер

19 738 Млн. теңге
Активтер
19 489 Млн. теңге
Меншікті капитал
363 Млн. теңге
Операциялық пайда
228 Млн. теңге
Бөлінбеген пайда