«Эйр Астана» АҚ


Басшылық
Питер Фостер      
Президент

Компанияның бүгінгі тынысы

«Эйр Астана» — акцияларының 51 пайызын Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқат қоры «Самұрық-Қазына», ал 49 пайызын BAE Systems (Ұлыбритания) компаниясы иеленген біріккен кәсіпорын.

«Эйр Астана» тұрақты рейстерді 2002 жылдың 15 мамырында орындай бастады. Бүгінде бағдар желісі Алматы мен Астана тораптарынан орындалатын 60-тан астам ішкі және халықаралық бағыттарды қамтиды. Компанияның әуе флоты батыста жасалған Boeing 767-300ER, Boeing 757-200, Airbus A320 және Embraer E190 түріндегі 30 ұшақтан тұрады. «Эйр Астана» — ТМД және Шығыс Еуропа елдері тасымалдаушыларының арасында 2012 жылы халықаралық Skytrax агенттігінің беделді 4 жұлдыз рейтингісіне және Орталық Азия мен Үндістанның үздік әуе компаниясы атағына ие болған алғашқы компания. Екі сыйлық та 2013, 2014, 2015, 2016 және 2017 жылдары расталды.




Компанияның сандық көрсеткіштері

30.06.2017 мәліметтер

198 153 Млн. теңге
Активтер
15 069 Млн. теңге
Меншікті капитал
106 961 Млн. теңге
Түсім
148 Млн. теңге
Операциялық пайда
1 263 Млн. теңге
Таза пайда