«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ

Басшылық
Пірматов Ғалымжан Олжаұлы           
Басқарма Төрағасы

Компанияның бүгінгі тынысы

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ — уран, сирек металлдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отынның импорты мен экспорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. 

Компания Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1997 жылы құрылған. Оның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» АҚ болып табылады. 2009 жылдан бастап Қазақстан табиғи уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы болып отыр. 

Қазатомөнеркәсіп компаниялар тобына 45 бағынышты кәсіпорын кіреді. Оларда 26 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Ұлттық атом компаниясының активтеріне соңғы өндіруге қатысты, яғни геологиялық барлау, уран өндіру, ядролық отын циклы өнімдерін өндіруден бастап, ғылым, әлеуметтік қамсыздандыру және кадрларды дайындауға дейінгі кәсіпорынның барлық кешені кіреді.



Компанияның сандық көрсеткіштері

30.06.2017 мәліметтер

851 989 Млн. теңге
Активтер
536 270 Млн. теңге
Меншікті капитал
203 403 Млн. теңге
Түсім
25 712 Млн. теңге
Операциялық пайда
34 358 Млн. теңге
Таза пайда