Трансформация

2018 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысында 2018-2028 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясы және жаңартылған Трансформациялау бағдарламасы қабылдады (2018 ж. 19 сәуірдегі № 18-01-7.5. хаттама).

Қор стратегиясы операциялық және инвестициялық қызметі коммерциялық табысқа және мұның нәтижесінде ұлттық әл-ауқатты арттыруға бағытталған «Temasek» (Сингапур), «Khazanah» (Малайзия)  және «Mubadala» (Біріккен Араб Әмірліктері) тәрізді жетекші тәуелсіз қорлардың тәжірибесін ескере отыра әзірленді.

Трансформациялау бағдарламасы барлық сын-қатерлерге, уақыт талаптарына жауап береді және Қордың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуде негізгі құралға айналып отыр:

  1. қоржындық компаниялардың операциялық тиімділік бойынша ұқсас үздік шетелдік компаниялардың деңгейіне шығуы;
  2. орнықты өзгерістер үшін тиімді инфрақұрылымды қалыптастыру;
  3. компаниялардың құнын және инвестициялық тартымдылығын арттыру.

Сонымен қатар Трансформациялау бағдарламасы  әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан Қор стратегиясына сәйкес келеді. Қордың қоржындық компаниялары тиімділігінің артуы қоржындық компаниялар шығаратын және көрсететін тауарлар мен қызметтер сапасын арттырады, бұл өз кезегінде барлық қазақстандық тұтынушыларға жағымды әсерін тигізеді. Қордың қаржылық мүмкіндіктерінің жақсаруы қоржынды компаниялардан түсетін салықты көбейтеді, мемлекет пайдасына дивиденттердің артуын қамтамасыз етеді, Қордың мемлекеттік маңызы бар стратегиялық жобаларын қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Бағдарламаның жүзеге асырылуы компания қызметін айтарлықтай өзгертеді. Бұл – коммерциялық, өндірістік және корпоративтік бизнес-процестер жетілдіріледі, цифрландыру, активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау. Бағдарламаны орындау барлық деңгейдегі басшылар мен қызметкерлердің күш-жігерін, ойлау жолдарын және тәртіп нормаларын өзгерту, ісіңе және өз компанияңның мақсаттарына қол жеткізуге деген қарым-қатынасты өзгерту.

Бұл ретте жаңартылған Трансформациялау бағдарламасында бес бағытқа баса назар аударылады:

- бизнес-процестердің реинжинирингі және цифровизациясы;

- заңгерлік құрылымды оңтайландыру;

- компаниялардың IPO-ға белсенді түрде дайындалуы;

-сананы жаңғырту және адамдардың тәртібін трансформациялау;

- өзгерістерді басқару мәдениетін және жобалық әдісті енгізу арқылы орнықты өзгерістердің негіздерін қалыптастыру.

2014 жылдың қазанында Елбасының қатысуымен форум өтіп, «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформациялау бағдарламасы іске қосылды. Мемлекет басшысы бұл күннің аса маңызды және республиканың экономикалық дамуындағы алдағы бағдар трансформациялаудың нәтижесіне байланысты екендігін атап өтті. Трансформациялау бағдарламасы бірінші кезеңде үш негізгі бағытты қамтыды - Қордың компаниялар тобының құнын арттыру, қоржын құрылымын және инвестицияларға қатысты тәсілдемені өзгерту, Қор мен оның қоржынды компанияларды басқару жүйесінде өкілеттілік пен жауапкершілік бөлінісін өзгерту.

2014 жылы Трансформациялау бағдарламасы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ секілді үш пилотты қоржынды компанияларда басталды. Кейін оған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ қосылды.  

2015 жылы Қор мен қоржынды компаниялар қызметінің негізгі стратегиялық көрсеткіштерінің (НСК) мақсатты мәндері мен жиынтығы қайта қарастырылып, стратегиялық мақсаттардың жаңартылған жиынтығына қоржынды компаниялардың стратегиялары сәйкес келтірілді. Жоғарыда көрсетілген бастамалар орындалған деп танылды. Бүгінде аталмыш жұмыс Қордың стратегиялық блогы негізінде жалғасын тауып отыр.

Келесі бастамалар бойынша – инвестициялауға белсенді әдісті ендіру; Үкіметпен іс-әрекеттің тиімділігін арттыру; «Коммерциялық блоктың» күшеюі; Қор мен қоржынды компаниялар Директорлары кеңесінің рөлі, құзыреті мен құрамы өзгеруі бағытында барлық негізгі іс-шаралар орындалды және бұл бағыттарды Қор мен қоржынды компаниялардың операциялық қызметі аясында дамытуға қажетті инфрақұрылым құрылды.