Зерттеу

Зерттеу туралы

Құндылықтар: Зерттеулер  мен білімді басқару жөніндегі қызмет бүгінгі таңда толықтай қалыптасқан. Бұл қызметтің мақсаты — Қорды негізгі экономикалық көрсеткіштердің бенчмаркингі саласындағы алдыңғы қатарлы білім мен сарапшы орталығы ретінде таныту. Қордың тұтқалы құндылықтарымен сәйкестендіре отырып, біздің негізгі рөліміз — «Самұрық-Қазына» мен қоржынды компаниялардың құнын қалыптастыру және арттыру. Бұл мақсатқа Білімді басқару жөніндегі департаменттің қамтамасыз етуі арқылы, тәуелсіз пікірлер мен бағалаулар жолымен қол жеткізу көзделіп отыр.

Зерттеу саласы: Біздің зерттеулеріміз ішкі макроэкономикалық жағдайлар, валюта нарығы, мұнай және шикізат тауарлары туралы апталық есептер, негізгі индустриялар жөніндегі және тақырыптық есептер, компаниялар бойынша талдаулар мен балама компаниялар бойынша бенчмарк-талдаулар, сондай-ақ, аймақтық және әлемдік ақпарларды қамтиды. 

Біздің тәжірибеміз: Жетекші сарапшылар мен салалық мамандардан құралған біздің командамыздың экономиканың түрлі салалары және макроэкономикалық зерттеулер бойынша мол тәжірибесі бар.

Зерттеу