Іскерлік әдеп пен тұрақты даму

Іскерлік әдеп және тұрақты даму

Қордың маңызды міндеттерінің бірі өзінің және қоржын компаниялар қызметінің тұрақты даму қағидаларына сай болуын қамтамасыз ету болып табылады: Қор және қоржынды компаниялар ұзақ мерзімді келешекте тұрақты даму мен экономикалық құнын қалыптастыру үшін өздерінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарының келісілуін қамтамасыз етуі тиіс.

Скачать6.04 Мб
«Самұрық-Қазына» АҚ 2015 жылғы жылдық есебі (қысқаша нұсқасы)
Скачать2.42 Мб
«Самұрық-Қазына» АҚ Тәртіп кодексі

Комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл

Компаниялар сенімге ие болу арқылы табысқа жетеді. Болашақ инвесторлар үшін компанияның бизнесті ашық та, адал жүргізуі өте маңызды. Сондықтан да, «Самұрық-Қазына» АҚ өз жұмысын комплаенстің халықаралық талаптарына сай жүргізеді. Комплаенстің негізі ретінде Қор Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттарын алып отыр. Бұл стандарт сыбайлас жемқорлықпен күрестің барлық аспектілерін мейлінше толық қамтиды.

Әлеуметтік және қайырымдылық жобалар

«SAMRUK-KAZYNA TRUST» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» АҚ-ның барлық компаниялар тобының атынан тұрғындар үшін әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырады. Қордың қызметі мемлекеттік органдармен, ҚР Үкіметімен, қоғамдық және әлеуметтік саясат саласындағы мамандардың қатысуымен жүзеге асырылады.