Комплаенс


Компаниялар сенімге ие болу арқылы ғана табысқа жетеді. Болашақ инвесторлар үшін компанияның бизнесті ашық та, адал жүргізуі өте маңызды. Сондықтан да, «Самұрық-Қазына» АҚ өз жұмысын комплаенстің халықаралық талаптарына сай жүргізеді.

Комплаенс (ағылш.) «сәйкестілік». Осы қызмет компаниялардың ішкі рәсімдерінің халықаралық талаптарға сәйкестігін қадағалайды. Бұл бірінші кезекте үздік әлемдік тәжірибеден бастау алатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға қатысты.

Комплаенстің негізі ретінде Қор Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттарын алып отыр. Бұл стандарт сыбайлас жемқорлықпен күрестің барлық аспектілерін мейлінше толық қамтиды.

Қордың негізін қалаушы құндылықтары:

  • Меритократия:

    Лайықты кәсіпқой мамандарды таңдаймыз;

    Мәртебесіне қарамастан әркімге өз пікірін білдіруге мүмкіндік береміз;

    Нәтижеге қол жеткізгендерді марапаттаймыз.

  • Кемелділік:

    Үздік тәжірибелер мен технологияларды пайдаланып тиімді және жоғары сапалық деңгейде қызмет атқарамыз;

    Қосымша құндылықты жетілдіру жолында жұмыс атқарып, жауапкершілікті арттырамыз;

    Ізденпазбыз, үнемі жетіліп, Қорды дамытамыз.

  • Сыйласымдылық:

    Өзімізді қоршаған ортаға байыппен қараймыз;

    Сенімділік пен сыйласушылық қағидалары бойынша әрекеттенеміз;

    Заңдарды ұстанып, сал-дәстүрлерді құрметтейміз.


  • Тұтастылық:

    Өзімізге артылған міндеттемелерді орындаймыз;

    Айтқанымызды орындаймыз;

    Әрқашан әріптестерімізбен әділміз және қызметімізге адалмыз.

  • Топ:

    Топпен қызмет атқарып, топқа деген сеніміміз мол;

    Топ мүдделерін өз мүдделерімізден жоғары қоямыз;

    Мүдделі тараптармен ұзақ мерзімдік және сенімділік қатынастарды орнатамыз.

Қор жұмысындағы комплаенстің барлық аспектілерін Қызметкерлердің тәртіп кодексі реттейді.

Скачать6.04 Мб
«Самұрық-Қазына» АҚ 2015 жылғы жылдық есебі (қысқаша нұсқасы)
Скачать4.42 Мб
«Самұрық-Қазына» АҚ Тәртіп кодексі