Миссия, көзқарас
«Самұрық-Қазына» АҚ 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығымен құрылған. Қор маңызды мемлекеттiк активтердi басқару арқылы
Қазақстан экономикасының тұрақты дамуында шешушi рөл атқарады.
GRI 201-4
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қордың Жалғыз акционері болып табылады.
Үкімет пен Қор Тобы арасындағы өзара қарым-қатынастар корпоративтік басқару
қағидаттарына сәйкес Директорлар кеңесі арқылы жүзеге асырылады.
Қордың тобына экономиканың әртүрлі секторларынан портфельдік компаниялар
кіреді. Қор активтерінің портфеліне мұнай-газ және көлік-логистика секторлары,
химия және атом өнеркәсібі, тау-кен металлургия кешені, энергетика және
жылжымайтын мүлік компаниялары кіреді.
GRI 2-1 GRI 2-6
Қордың басқаруындағы жалпы активтер 2024 жылдың соңында 41,1 трлн теңгені
құрады. Қор өз қызметiн Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жүргiзедi3.
3 Қордың ірі портфельдік компаниялары қызметінің географиясы туралы неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат Қордың 2024 жылғы жылдық есебінде «Активтер портфелі» бөлімінде қамтылған.
МИССИЯ:
Қазақстан Республикасы халқының мүддесі үшін
әртараптандырылған активтер қоржынын тиімді басқару
және бизнесті қолдау арқылы тұрақты экономикалық дамуды
қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді құнды құру.
БІЗДІҢ КӨЗҚАРАСЫМЫЗ
Жауапты инвестициялар арқылы адамдардың әл-ауқаты
мен қоршаған ортаны қорғау қағидаттарына негізделген
жаңартпашыл дамуда серпіліс жасай отырып, ұлттық
экономиканың көшбасшысы болу.
ҚОРДЫҢ РӨЛІ:
портфельдік компаниялар арасындағы синергияны
қамтамасыз ету
инвестицияларды, әсіресе шикізаттық емес
салаларға және жеке сектор шектеулі жаңа
салаларға салу
сараптаманы, құзыреттер мен инвестицияларды
ұсыну арқылы нысаналы салаларды дамыту
инвестицияларды, оның ішінде шетелдік
инвестицияларды стратегиялық серіктестік арқылы
тарту
меншікті және акционерлердің құқықтарын қорғау
қағидаттарына негізделген озық бизнес-мәдениетті
дамыту және отандық компанияларды, оның ішінде
шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау
жаһандық стратегиялық инвесторлармен және
салалық көшбасшылармен, сондай-ақ ұлттық
әл-ауқаттың басқа да қорларымен халықаралық серіктестікті дамыту