Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Біз жоғары тәртіп стандарттарына, ашық және адал бизнесті жүргізуге, іскерлік беделін нығайтуға және Қорға деген сенімді арттыруға бейілділік білдіреміз. Біз көшбасшылықты өз мойнымызға алып, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы портфельдік компаниялардың қызметін үйлестіреміз.
Директорлар кеңесі мен Басқарма сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруда және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жүйесін құруда басты рөл атқарады. Қор басшылығы ашықтық пен мөлдірлік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, бизнес-қоғамдастықпен, шетелдік инвесторлармен, жұртшылық өкілдерімен, салалық қауымдастықтармен тұрақты кездесулер өткізеді және ашық диалог жүргізеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатында бекітілген. Қордың барлық лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері, үлестес тұлғалар, сондай-ақ біз іскерлік немесе еңбек қатынастарын орнататын үшінші тараптар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының және Тәртіп кодексінің талаптарын мүлтіксіз сақтауға міндетті.
- Сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік
- Жоғары басшылықты ұстану және «жоғарыдан үн қату» ережесін орнату
- Жұмыскерлердің қатысуы
- Жазаның бұлтартпаушылығы
- Заңдылық
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі рәсімдердің бара-барлығы
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тиімділігі
- Мониторинг және бақылау
- Мүдделер қақтығысына жол бермеу
- Лауазымдық байқағыштық
- Көшбасшылық және үйлестіру
Біздің қызметіміз мынадай құжаттармен реттеледі:
- Қор тобының комплаенс функциясы бойынша корпоративтік стандарт;
- Тәртіп кодексі;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттестік жөніндегі саясат;
- Мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі саясат;
- Бастамашылық ақпараттандыру саясаты;
- Үшінші тараптардың сенімділігін тексеру жөніндегі ереже;
- Ақпаратты қарау және комплаенс-кейстерге тексеру жүргізу жөніндегі ереже;
- Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату жөніндегі қағидалар (компания инсайдерлерінің тізімін жүргізу жөніндегі функцияларды комплаенс қызметтерінің жүзеге асыруына байланысты Қор тобының бірқатар портфельдік компанияларында қолданылады).
Қор, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлер өз қызметiнде артықшылықты алу немесе сақтау мақсатында саяси партияларды, қоғамдық бiрлестiктердi қаржыландыруды жүзеге асырмайды. Бұдан басқа, жұмыскерлер мен лауазымды тұлғаларға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне, егер мұндай іс-әрекеттер (әрекетсіздік) адамның қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса не ол өзінің лауазымдық жағдайына байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, материалдық сыйақы, сыйлық немесе қызмет көрсетулер ұсынған адамдардың пайдасына осы адамның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ұсынылатын материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер алуға тыйым салынады.
Барлық мүдделі тараптарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қағидаттары мен әдістері туралы хабардар ету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі құжаттар Қордың ресми интернет-ресурсында (атап айтқанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты) орналастырылған.
Қорда және портфельдік компанияларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау (СЖТІТ) жолымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау жүргізіледі. СЖТІТ нәтижелері бойынша талдамалық жазбаны Басқарма Төрағасы бекітеді. СЖТІТ нәтижелері бойынша анықталған тәуекелдер бойынша іс-шаралар жоспары әзірленеді.