Қоршаған ортаға әсерді басқару тәсілі
Біздің стратегиялық көзқарасымыз үш басым міндетті жүзеге асыруға бағытталған: ресурстарды үнемдеу, көміртексіздендіру және «жасыл» қаржыландыру. Осы стратегиялық міндеттерді іске асыру портфельдік компаниялар деңгейінде жүзеге асырылады. Біз Даму жоспарын іске асыру бойынша қорытындыларды шығару аясында олардың орындалу барысын жыл сайынғы негізде талдаймыз.
Біз инновациялық шешімдерді әзірлеу, озық технологияларды енгізу және портфельдік компаниялардың өндірістік активтерін жаңғырту арқылы қоршаған ортаға әсерді азайтуға инвестиция саламыз. Біз халықаралық инвестицияларды және үздік әлемдік тәжірибені тарту мақсатында халықаралық әріптестікті дамытамыз.
Қызметтің ерекшелігін ескере отырып, қоршаған ортаға әсерді басқару портфельдік компаниялар деңгейінде жүзеге асырылады. Қордың өкілдері портфельдік компаниялардың Директорлар кеңестерінде экологиялық саясатты келісуге, негізгі мақсаттарды, бағдарламаларды және ҚНК айқындауға қатысады. Қоршаған ортаға айтарлықтай әсер ететін өнеркәсіптік сектор компанияларында ISO 14001 стандартының негізінде экологиялық басқару жүйелері құрылған, экологиялық тәуекелдерді бағалау жүргізіледі, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары іске асырылады, қоршаған орта сапасына мониторинг және экологиялық заңнаманың талаптары мен нормативтерінің сақталуына бақылау жүргізіледі.
Мүдделі тараптармен диалог
Біз қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша негізгі мүдделі тараптармен ашық диалог жүргізудің маңыздылығын түсінеміз. Диалогтар портфельдік компаниялар деңгейінде баспасөз конференцияларын өткізу, өзекті экологиялық тақырыптар бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастыру арқылы құрылады. Бұл бізге қабылданған шешімдер мен енгізілген шаралардың тиімділігін бақылауға, сондай-ақ экологиялық тәуекелдерді өзектендіруге мүмкіндік береді.
Қор деңгейінде мүдделі тараптармен диалог әртүрлі халықаралық алаңдарда құрылады, онда мемлекеттік, өңірлік және жаһандық деңгейлер мәселелері талқыланады. Мысалы, Қор басшылығы әлемдік көшбасшылар мен тұрақты дамуға мүдделі ұйымдарды біріктіретін БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі жыл сайынғы конференциясына (COP) қатысады. COP шеңберінде біз әлеуетті стратегиялық серіктестермен келіссөздер жүргіземіз, Қазақстанның климаттық ауысуын қолдауға және «жасыл» экономиканы дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы келісімдер жасаймыз.
Сонымен қатар, Қорда және оның портфельдік компанияларында кері байланыс тетіктері бар. Кез келген мүдделі тұлға Қордың сайтында немесе портфельдік компаниялардың сайттарында қорғалған желілер арқылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәселелер немесе ұсыныстар туралы жасырын түрде хабарлай алады.
Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар
Қоршаған ортаны қорғауға арналған инвестициялар мен шығыстар, млрд теңге
Көрсеткіш | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 |
---|---|---|---|---|
Технологияларды енгізу, соның ішінде: | 5,1 | 1,1 | 7,9 | 4,6 |
Орман-климаттық жобалар | 0,1 | 0,2 | 0,9 | 0,03 |
Энергия тиімділігі | 4,3 | 2,6 | 4,2 | 3,2 |
Зерттеулер мен әзірлемелер | 0,7 | 0,9 | 0,9 | 2,1 |
Өзге | 25,9 | 31,9 | 47,0 | 40,5 |
Барлығы* | 36,1 | 36,7 | 60,9 | 50,4 |
* Эмиссиялар үшін төлемдерді қоспағанда. Эмиссиялар үшін төлемдер қоршаған ортаны қорғауға арналған шығыстарға жатпайды.
Соңғы 4 жылда қоршаған ортаны қорғауға салынған жалпы инвестициялар 184,1 млрд теңгені, оның ішінде 2024 жылы 51 млрд теңгеге жуық соманы құрады. Атап айтқанда, портфельдік компаниялар қоршаған орта мониторингі жүйесін автоматтандыруға 2,2 млрд теңге салды, 2,1 млрд теңге «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі инновациялық жобалар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерге бағытталған. Қалған қаражат технологиялық процестерді жетілдіруге, жабдықты жаңартуға және т. б. бағытталды.

Біздің климаттық тәуекелдерді басқарудағы тәсіліміз
Климаттың өзгеруі Қазақстан экономикасының барлық дерлік секторларында жұмыс істейтін Қор мен оның портфельдік компанияларының қызметіне тікелей әсер ететін негізгі жаһандық сын-қатерлерге жатады. 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің ұлттық мақсаты аясында біз энергетикалық және экономикалық тұрақтылықты бұзбай, көміртегі ізін азайтуға бағытталған біртіндеп және теңдестірілген энергияға көшу стратегиясын ұстанамыз.
Task Force on Climate-related Financial Disclosures (TCFD) әдіснамасына сүйене отырып, біз климатты Қор мен оның портфельдік компанияларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қабілетті климаттық тәуекелдер (физикалық және өтпелі) және климаттық мүмкіндіктер объективі арқылы қарастырамыз.
Біз портфельдік компанияларда стратегиялық климаттық бастамаларды енгізудің драйвері ретінде әрекет етеміз:
- Тұрақты дамудың бірыңғай тұжырымдамасын және ESG стандарттарын қалыптастырамыз;
- Климат саласындағы тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін (KPI) белгілейміз;
- Декарбонизация бойынша бағдарламалар мен Жол карталарының орындалуын үйлестіру мен мониторингті қамтамасыз етеміз;
- Портфельдік компанияларда таза технологиялар мен «жасыл» инвестицияларды енгізуді қолдаймыз.
Климаттық тәуекелдерді басқару
Жалғыз акционер (ҚР Үкіметі)
Стратегиялық мақсаттарды, міндеттерді және ҚНК қоса алғанда, Даму жоспарын бекітеді.
Қордың Директорлар кеңесі
Тұрақты даму және климаттық күн тәртібі саласында стратегиялық басшылықты жүзеге асырады.
Төмен көміртекті даму тұжырымдамасын бекітеді.
Саясатты бекітеді, Қордың климаттық мақсаттарын анықтайды.
Климаттық тәуекелдерді ашуды қоса алғанда, қаржылық емес есептілікті бекітеді.
Негізгі ESG-көрсеткіштерге қол жеткізуді қоса алғанда, Даму жоспарын, маңызды салалық бастамалар мен міндеттерді іске асыру мониторингін жүзеге асырады.
Ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты қарастырады.
ҚР Үкіметі бастамашылық жасаған әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылдайды.
Қор Тобының әлеуметтік жауапкершілігі мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.
Қордың Директорлар кеңесінің комитеттері
Директорлар кеңесіне ең күрделі және маңызды экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Стратегия жөніндегі комитеті: Стратегиялық жоспарлау мәселелерін, оның ішінде Қордың 10 жылдық кезеңге арналған Даму жоспарын және Қордың 5 жылдық кезеңге арналған Іс-шаралар жоспарын; Қор Тобының инвестициялық қызметінің мәселелерін қарайды.
Аудит жөніндегі комитет: тұрақты даму саласындағы тәуекелдерді, қаржылық емес ақпарат пен есептіліктің сапасын, корпоративтік басқару қағидаттары мен заңнаманың сақталуын, сондай-ақ сыртқы және ішкі аудиттің тәуелсіздігін бақылауды жүзеге асырады.
Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет: Директорлар кеңесінің, Басқарманың, Корпоративтік хатшының, Омбудсменнің құрамына білікті мамандарды тарту мәселелері бойынша ұсынымдар береді және ұсыныстар қалыптастырады.
Қор Басқармасы
Қордың қызметін, оның ішінде тұрақты даму мәселелерін күнделікті басқаруды жүзеге асырады.
Дамудың стратегиялық бағыттары, бағдарламалары, іс-шаралары бойынша қызметті бақылау мен мониторингтеуді, тұрақты даму саласындағы мақсаттардың орындалуын мониторингілеуді, маңызды тақырыптарды бекітуді қамтамасыз етеді.
Тоқсан сайын Директорлар кеңесіне негізгі бастамалар, тәуекелдер, ірі инвестициялық жобалар бойынша есеп береді.
Қордың экономикалық мәселелерді шешуге, тұрақты дамуға жауапты басшы қызметкерлері Басқарма мүшелері болып табылады.
Қор Басқармасы жанындағы Тұрақты даму жөніндегі комитет
Тұрақты дамудың басымдықтарын, мақсаттары мен қағидаттарын.
Экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару саласындағы бағдарламаларды әзірлейді және үйлестіреді.
Климатты қоса алғанда, тұрақты даму саласындағы елеулі тәуекелдерді талдайды.
Портфельдік компанияларда декарбонизация бағдарламалары мен ESG-бастамаларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді.
Басқармаға түзету шараларының барысы мен қажеттілігі туралы хабарлайды.
Портфельдік компаниялар
Қордың мақсаттары мен саясаттарына сәйкес декарбонизация және тұрақты даму стратегияларын, бағдарламаларын немесе жол карталарын әзірлейді және жүзеге асырады.
Жаңартылатын энергия көздерінің үлесі, парниктік газдар шығарындыларын азайту және энергия тиімділігі бағдарламаларын іске асыру бойынша көрсеткіштерді қоса алғанда, басшылық құрам үшін климат саласындағы қызметтің негізгі көрсеткіштерін (ҚТК) белгілейді.
Көміртегі ізін азайту бойынша жобаларды іске асырады: жаңартылатын энергетиканы (ЖЭК) дамыту, метан шығарындыларын азайту (OGMP 2.0), жалындатып жағу көлемін азайту, көміртекті ұстау және сақтау технологияларын (CCUS) енгізу.
Климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктерді ашуды қоса алғанда, тұрақты даму жоспарларын іске асыру бойынша мониторинг пен есептілікті қамтамасыз етеді.
Тұрақты даму сұрақтарын қадағалау үшін Директорлар кеңестерінің жанынан комитеттері бар, мысалы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму жөніндегі Директорлар кеңесінің комитеті, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2023 жылы Директорлар кеңесінің жанынан Стратегия және тұрақты даму комитеті құрылды. «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ-да Стратегия және тұрақты даму жөніндегі комитет жұмыс істейді.
Қордың декарбонизация жөніндегі корпоративтік бағдарламаларына, ЖЭК дамыту, энергия тиімділігі және климаттық әсерді төмендету жөніндегі бастамаларына қатысады.
Негізгі климаттық тәуекелдер мен салдар
TCFD ұсыныстарына сәйкес біз тәуекелдерді физикалық (климаттық көріністерге байланысты) және өтпелі (қоғам мен нарықтың климаттың өзгеруіне жауап беруімен байланысты) деп бөлеміз.
Климаттық тәуекел түрі

(экстремалды ауа райы құбылыстары: дауыл, су тасқыны, құрғақшылық)
Бизнес үшін ықтимал салдары | Жауап шаралары және «Самұрық-Қазына» АҚ жобалары | 2024 жылға арналған метрикалар, мақсатты көрсеткіштер мен фактілер |
---|---|---|
ЖЭО, газ құбырлары, көлік магистральдарын қоса алғанда, сыни инфрақұрылым объектілерінің зақымдануы. Жөндеу және қалпына келтіру шығындарының өсуі, энергиямен жабдықтау мен логистикадағы үзілістерм. |
Инфрақұрылымды физикалық қорғауды күшейту; сыни активтерді міндетті сақтандыру; резервтік электрмен жабдықтауды енгізу; өртке қарсы және апаттық- құтқару жаттығулары. |
2024 жылы батыс өңірлерде Атырау МӨЗ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ нысандарын инженерлік қорғауды күшейту жобасы іске асырылды. Көктемгі су тасқынына дайындық және осал учаскелердің су басуына жол бермеу (автожолдардың шайылуы, электр беру желілерінің зақымдануы, ұңғымалардың су басуы) жөніндегі іс-шараларды әзірлеу. Экологиялық қауіптерді сақтандыру. Ұйымдардың мүлкін кездейсоқ және күтпеген тікелей физикалық әсердің басталуы нәтижесінде келтірілген залалдан (кездейсоқ жойылудан, жоғалудан немесе бүлінуден) сақтандыру. «KEGOC» АҚ дауыл, көктайғақ қаупін ЭБЖ сақтандыру өтелімін көбейту арқылы тексереді. |

(климаттың ұзақ мерзімді өзгеруі: Каспий теңізі мен өзендеріндегі су деңгейінің төмендеуі)
Бизнес үшін ықтимал салдары | Жауап шаралары және «Самұрық-Қазына» АҚ жобалары | 2024 жылға арналған метрикалар, мақсатты көрсеткіштер мен фактілер |
---|---|---|
Мұнай мен газ өндіру көлемінің қысқаруы, сумен жабдықтауға және суды тазартуға жұмсалатын шығындардың өсуі; су тұтынуды реттеуді ықтимал қатаңдату. |
«Tazalyq» жобасын іске асыру (АМӨЗ-де сарқынды суларды тазарту тиімділігін арттыру). Қордың мұнай өндіру активтерінде суды тұщыландыру технологияларын енгізу. |
Су тиімділігіне инвестициялар 145,4 млрд теңгеден асты (оның ішінде теңіз суын тұщыландыру зауытының жобасына және «Tazalyq» жобасын іске асыруға инвестициялар). 2024 жылы Қордың негізгі кәсіпорындарында суды қайта пайдалану үлесі 7%-ға ұлғайды. «Жасыл» сутегі бағытында ЖЭК базасында электролизді сумен қамтамасыз ету әлеуетін бағалау үшін Батыс Қазақстанның Жер үсті сулары атласын әзірлеу аяқталды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ су тапшылығы қаупін болдырмау үшін жаңа кен орындарын игеру кезінде судың қолжетімділігін міндетті тексеруді енгізді. 2024 жылы және «Қазақтелеком» АҚ IPCC SSP және IEA NZE-2050 жетекші халықаралық әдістемелеріне сәйкес климаттық тәуекелдерді бағалауды жүргізді. Өз кезегінде, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жаһандық энергия ауысуы жағдайында көміртегі бағасының өсуін және мұнайға сұраныстың төмендеуін есепке алудың қаржылық моделін іске асырады. |

(көміртекті реттеуді қатайту, көміртегі салығын және CBAM механизмін енгізу)
Бизнес үшін ықтимал салдары | Жауап шаралары және «Самұрық-Қазына» АҚ жобалары | 2024 жылға арналған метрикалар, мақсатты көрсеткіштер мен фактілер |
---|---|---|
Қосымша шығындар, сыртқы нарықтарда, әсіресе ЕО-да қазақстандық өнім экспортының бәсекеге қабілеттілігін төмендету |
2060 жылға дейінгі Төмен көміртекті даму тұжырымдамасы. Көміртегі бағасын инвестициялық модельдерге біріктіру. Парниктік газдар шығарындыларын түгендеу. Офсеттік жобалар портфелін іске асыру; «жасыл» облигациялар шығару. Портфельдік компанияларда CDP және TCFD талаптарына сәйкес көміртегі ізі туралы ақпаратты ашу тәжірибесін енгізу. Офсеттік механизмді қолдану. Орман-климаттық жобалар портфелі (11 мың гектарға 6 жоба). Метан менеджменті жүйесін енгізуенгізу. Көміртегі бағасын инвестициялық модельдерге біріктіру; парниктік газдар шығарындыларын түгендеу; офсеттік жобаларды іске қосу; «жасыл» облигацияларын шығару. |
CO₂ шығарындыларын азайту (Scope 1 + Scope 2) Мақсаты: 2021 жылғы деңгейден 2032 жылға қарай -10% (2021 жылы 72,2 млн тонна көміртегі ізі). «Жасыл» қаржыландыру Міндеті: 2032 жылға қарай 5,8 млн тонна CO₂-экв. офсеттік жобалар портфелін қалыптастыру, «жасыл» облигацияларын шығаруды жалғастыру. Мониторинг: жиналған қаражат көлемі, жоба мәртебесі, Green Bond Principles (ICMA) сәйкестігі. Қордың офсеттік жобалар портфелі 489,7 мың тонна CO2-экв. қамтиды. 2024 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Oil&Gas Methane Partnership 2.0 (OGMP 2.0) Мұнай-газ метаны бойынша серіктестікке қатысу аясында дайындалған метан шығарындыларын түгендеу бойынша өзінің алғашқы есебін UNEP-ке жіберді. «QazaqGaz» ҰК» АҚ және Carbon Limits меморандум жасасты, оған сәйкес метан шығарындыларын азайту және OGMP 2.0 есептілігін беруге жәрдемдесу жөніндегі стратегияны әзірлеу көзделген. Газды пайдалы пайдалану - 98%-дан астам, жалындатып жағуды азайту - 2017 жылдан бастап 89%. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Төмен көміртекті даму бағдарламасында метан шығарындыларын 2031 жылға дейін 32%-ға, 2060 жылға дейін 98%-ға төмендету жөніндегі мақсат тіркелген. Мақсаты: мұнай-газ секторында 0,3%-дан аспайтын жылыстауы (OGMP 2.0 бойынша). Павлодар қаласының айналасында 1 600 га алаңда жасыл аймақ құру жөніндегі жобаны іске асыру басталды. I-REC (International Renewable Energy Certificate) сертификаттарын алу. 2024 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 10 млн МВт·сағ үшін 10000 бірлік сертификаттарын алды, бұл «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративтік орталығының электр энергиясын жылдық орташа тұтынуына сәйкес келеді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ I-REC сертификаттарын алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы ПГ жанама шығарындыларының (2-қамтудың) көлемін 18,4%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Қордың офсеттік портфелі 489 мың тонна CO₂-экв. дейін кеңейтілді. 2021 жылы АХҚО-ға 18,4 млрд теңге көлемінде «жасыл» облигацияларды дебюттік орналастыру. |

(көміртекті көп тұтынатын дәстүрлі технологиялардың ескіруі, БАТ және жаңартылатын энергия көздеріне көшу қажеттілігі)
Бизнес үшін ықтимал салдары | Жауап шаралары және «Самұрық-Қазына» АҚ жобалары | 2024 жылға арналған метрикалар, мақсатты көрсеткіштер мен фактілер |
---|---|---|
Көмір мен мұнайға сұраныстың төмендеуі, ресурстар мен энергия көздерінің тапшылығы, технологиялық артта қалу. |
Жаңартылатын энергия көздерін дамыту. Сутегі энергетикасы және CCUS пилоттық жобалары (көміртекті алу және сақтау); метан менеджментін енгізу (OGMP 2.0). Жел генераторларын өндіруді оқшаулау. Таза көмір технологиясы. Smart Grid жүзеге асыру. 500 МВт маневрлік қуат. Алматы ЖЭО-ны газға ауыстыру. Қарағанды облысында - Power China және Energy China, Ұлытау облысында – CNPC және Алматы облысында – Power China-мен бірлесіп жел станциялары бойынша жобалау жүргізілуде. Осылайша, 2024 жылдан 2032 жылға дейін ЖЭК-ті қоса алғанда, 6,3 ГВт ЖЭК объектілерін пайдалануға беру жоспарлануда. |
Жалпы қуаты 6,3 ГВт болатын 8 ЖЭК және төмен көміртекті генерация жобалары жүзеге асырылуда. Электр энергиясын өндірудегі «таза» энергияның (ЖЭК және СЭС) үлесі 2024 жылы 18% құрады. Мақсаты: 2032 жылға қарай 26%. Мақсаты: 2027 жылға қарай энергия сыйымдылығын 10%-ға төмендету (2021 жылдан бастап). ПК секторларының әрқайсысында энергия сыйымдылығы төмендетеді. Толығырақ 2021-2024 Энергия сыйымдылығы кестесінен көруге болады. «Ембімұнайгаз» АҚ Прорва кен орындары тобының ГКДҚ-да қуаттылығы жылына 10-20 мың тонна CO₂ CCUS жобасының тұжырымдамасы әзірленді. «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының портфелінде уран өндіру, мұнай, энергетика, газ салаларында, сондай-ақ химия өнеркәсібінде және машина жасауда жалпы құны 6,6 млрд теңге болатын 24 жоба бар. |

(қазба отынына сұраныстың төмендеуі, тұтынушылар қалауының өзгеруі)
Бизнес үшін ықтимал салдары | Жауап шаралары және «Самұрық-Қазына» АҚ жобалары | 2024 жылға арналған метрикалар, мақсатты көрсеткіштер мен фактілер |
---|---|---|
Мұнай-газ және энергетика сегменттеріндегі кірістердің жоғалуы; жаңа құзыреттер мен нарықтарды дамыту қажеттілігі. |
Жаңа Инновация нарықтарын (R&D) дамыту (сутегі, SAF): сутегі технологияларын, көмірқышқыл газын ұстау технологияларын (CCUS) енгізу, ҒЗТКЖ бағдарламасын қаржыландыру және іске асыру. Таза технологияларды дамыту, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік арасындағы тепе- теңдікке негізделген жоспарлы энергия ауысуы. |
Қазақстанда SAF өндірісінің әлеуеті бойынша зерттеу жүргізілді. Сутегі отынының экспорттық нарықтары пысықталуда. «Жасыл» технологиялар бойынша R&D инвестициялары 2024 жылы 1,2 млрд теңгені құрады. |

(энергия ауысуын теріс әлеуметтік қабылдау (5 моноқалалар және шамамен 40 000 жұмысшы елдің көмір өнеркәсібіне тәуелді), инвесторлар мен жұртшылықтың ESG-ге қойылатын талаптарының өсуі)
Бизнес үшін ықтимал салдары | Жауап шаралары және «Самұрық-Қазына» АҚ жобалары | 2024 жылға арналған метрикалар, мақсатты көрсеткіштер мен фактілер |
---|---|---|
Инвестицияларды тартудағы қиындықтар, рейтингтердің нашарлауы |
TCFD және CDP бойынша ESG- есептілігінің ашықтығын арттыру; халықаралық ынтымақтастық (OGMP 2.0). Өңірлерді әлеуметтік қолдау арқылы «әділ» энергетикалық ауысуды қамтамасыз ету. |
2024 жылы портфельдік компаниялар Sustainalytics, S&P және CDP-дан өз салаларындағы көшбасшы компаниялар деңгейінде рейтингтер алды. Моноқалаларда (Екібастұз, Теміртау) қоғамдық консультациялар мен әлеуметтік бағдарламалар өткізілді. Халықаралық бастамаларға қатысу (OGMP 2.0, CDP). |