Комплаенс
Қордың комплаенс жүйесі - бұл ішкі бақылау тетігі ғана емес, сонымен қатар Қор, мемлекет, қоғам және серіктестер арасындағы сенімді қалыптастырудың маңызды элементі. Теріс пиғылды тәртіп тәуекелдерін тиімді ескерту және басқару мақсатында біз этикалық тәртіп мәдениетін қалыптастыруға және іскерлік этика қағидаттарын сақтауға бағытталған кешенді комплаенс-бағдарламаны іске асырамыз.
Жүйенің орталық элементі Қорды да, портфельдік компанияларды да қамтитын Бірыңғай комплаенс-функция болып табылады. Қордың комплаенс қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі саясатты айқындайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады, ашықтық пен адалдық негізінде ішкі корпоративтік мәдениетті қалыптастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және үздік халықаралық практикаларға сәйкес бизнес жүргізуді жүзеге асырады.
Комплаенс қызметі Қордың Директорлар кеңесіне ұйымдық бағынатын және функционалдық есеп беретін тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады. Қордың комплаенс қызметі портфельдік компаниялардың комплаенс қызметтерінің қызметін, коммуникациялар мен оқытуды үйлестіреді, бастамашылық ақпараттандыру желісін (Жедел желіні) сүйемелдейді, тексерулер мен тергеулер жүргізеді, мүдделер қақтығыстарын анықтайды және реттейді. Қазіргі таңда Қор тобының 115 ұйымында комплаенс-функциялар бөлімшелері құрылды.
2024 жылы үшінші тұлғалардың сенімділігін тексеру рәсімдерін автоматтандыру және орталықтандыру, сондай-ақ контрагенттердің үлестес болуын бағалау үшін E-Compliance жүйесі енгізілді. Жүйеге Қордың 80 портфельдік компаниясы, оның ішінде ірі ұлттық активтер қосылған. Пайдаланушылармен өзара іс-қимылдың қолжетімділігі мен жеделдігін арттыру мақсатында жасанды интеллект базасында цифрлық комплаенс-ассистент жүйеге біріктірілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар
Оқыту сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтаудың және корпоративтік этиканы қалыптастырудың негізгі элементі болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың практикалық аспектілеріне және басшылардың күнделікті қызметіне комплаенсті интеграциялау құралдарына ерекше назар аударылады. LMS Samruk Business Academy платформасында «Корпоративтік комплаенс жүйесіндегі іскерлік этика және жоғары менеджменттің рөлі» атты сегіз онлайн-курс іске қосылды. Оқытудан Қордың 40 лауазымды тұлғасы, оның ішінде басқарма төрағасы, басқарушы директорлар және департамент басшылары өтті.
Samruk Business Academy «Комплаенс Эксперт» бағдарламасы бойынша портфельдік компаниялардың Комплаенс қызметінің 24 жұмыскері оқытылды.
2024 жылы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған барлығы 985 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Оның ішінде 453 іс-шара компаниялардың жоғары басшылығының қатысуымен өтті. Оған 139 082 жұмыскер қатысты, бұл Қор тобы жұмыскерлерінің жалпы санының 55%-ын құрайды.
Үшінші тараптарды (контрагенттерді, бос лауазымдарға кандидаттарды) тексеру
Комплаенс-тәуекелдерді азайту және тек қана сенімді тараптармен өзара іс-қимыл жасау мақсатында Қор Тобының комплаенс қызметтері іскерлік қатынастарды орнату кезінде контрагенттерді, сондай-ақ жұмысқа қабылдау кезінде кандидаттарды тексеруді жүзеге асырады.
Комплаенс қызметтері директорлар кеңестері мен бақылау кеңестеріне кандидаттарды тәуелсіздік талаптарына сәйкестігі, үлестестігі және мүдделер қақтығысының болуы/болмауы тұрғысынан тексеруге қатысады.
Бұдан басқа, сатып алуға жетекшілік ететін СЕО, СЕО-1 және СЕО-2 лауазымдарына тағайындау кезінде тексеру нәтижелері Қордың орталық комплаенс қызметіне жіберіледі. Сондай-ақ, Қордың Комплаенс қызметінің басшысы бірыңғай стандарттарды сақтауды қамтамасыз ете отырып, портфельдік компаниялардағы комплаенс-позицияларға кандидаттармен сұхбат өткізеді.
2024 жылы Қор Тобында контрагенттерді 13 820 комплаенс тексеру жүргізілді, бұл ретте 1074 контрагентке (жалпы санының 7,8%) тәуекелдің жоғары деңгейі, сондай-ақ бос лауазымдарға кандидаттардың сенімділігін 3 355 тексеру берілді, бұл ретте 563 кандидатта (жалпы санының 16,8%) комплаенс тәуекелдер анықталды.
Қорда жұмысқа орналасу кезінде де, мерзімді негізде де барлық жұмыскерлердің мүдделер қақтығыстарын тиісінше декларациялау қамтамасыз етіледі. E-Compliance жүйесі арқылы мүдделер қақтығысын декларациялаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді.