Парниктік газдар шығарындылары
2024 жылы Қор тобының көміртегі ізі (парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындылары) 57,8 млн тонна СО2-экв. құрады. 2023 жылмен салыстырғанда парниктік газдардың жалпы шығарындылары 3%-ға азайды (2023 жылы – 59,8 млн тонна СО2-экв.).
Портфельдік компаниялар мынадай парниктік газдардың: көміртек диоксиді, метан және азот оксидінің тікелей (1-қамту) және жанама (2-қамту) шығарындыларының есебін жүргізеді. 1-қамтудағы парниктік газдар шығарындылары 2024 жылы 48,4 млн тонна СО2- экв. құрады. (2023 жылға қарай 3%-ға төмендеу). Жанама парниктік газдар шығарындылары (2-қамту) 9,5 млн тонна СО2 құрады (2023 жылмен салыстырғанда 5%-ға төмендеу).
Қор Тобының көміртегі ізінің динамикасы, млн тонна СО2-экв.
Көміртек ізі | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 |
---|---|---|---|---|
Парниктік газдардың тікелей шығарындыларының жалпы көлемі (1-қамту) | 61,60 | 50,60 | 49,81 | 48,38 |
Парниктік газдардың жанама шығарындыларының жалпы көлемі (2-қамту) | 10,70 | 10,10 | 10,01 | 9,46 |
Барлығы | 72,30 | 60,70 | 59,82 | 57,84 |

Парниктік газдардың тікелей шығарындыларының ең көп саны энергетика секторына тиесілі – 2024 жылы жылу және электр энергиясын өндіру кезінде атмосфераға шамамен 32 млн тонна СО2-экв түсті (1-қамтудың жалпы шығарындыларының 65%). Бұл энергия өндіруде қазба отындарын пайдалануға байланысты. 2024 жылы мұнай- газ секторының парниктік газдарының тікелей шығарындылары 13,00 тонна СО2-экв құрады (1-қамтудың 26%).
Жанама парниктік газдар шығарындыларының ішінде CO2 шығарындыларының көпшілігі сатып алынған электр энергиясынан келеді (92%). Мұнда эмиссиялар мұнай-газға - 3,47 млн тонна СО2-экв. (36%), теміржол (27%) және электр энергиясын беру бағытына 2-қамту шығарындылары шамамен 25% құраған энергетика секторларына бөлінді.
Қордың бірқатар портфельдік компаниялары жеткізілім тізбегіне және өндірілген өнімнің өмірлік цикліне байланысты 3-қамтудың жанама шығарындыларының есебін жүргізеді. Атап айтқанда, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ технологиялық процестерде пайдаланылатын сатып алынатын шикізаттан (күкірт қышқылы, аммиак селитрасы, аммиак суы және т.б.) шығарындыларды талдайды, сатылған өнімді тасымалдаудан, жеткізуден және пайдаланудан, қызметкерлерді тасымалдаудан және іссапардан («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ) шығарындыларға талдау жүргізіледі.
