Омбудсмен институты
Омбудсмен іскерлік этика қағидаттарын сақтауды және әлеуметтік-еңбек дауларын тиімді реттеуді қамтамасыз етеді. Ол өзіне жүгінген жұмыскерлерге, еңбек дауларына, жанжалдарға қатысушыларға кеңес беріп, әділ және сындарлы шешімдерді әзірлеуге жәрдемдеседі.
Омбудсменді Қордың Директорлар кеңесі әрбір екі жыл сайын тағайындайды. Омбудсменнің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Корпоративтік басқару кодексімен, «Самұрық-Қазына» АҚ Омбудсмені туралы Ережемен және Қор Тобына кіретін ұйымдармен реттеледі, сондай-ақ Омбудсмендердің халықаралық қауымдастығының (International Ombudsman Associaciats) ұсынымдарын қоса алғанда, үздік әлемдік тәжірибелерге негізделеді. Омбудсмен институты 12 портфельдік компанияда жұмыс істейді, оның 8-інде Омбудсмен лауазымы көзделген, 3 компанияда Омбудсмен лауазымы басқа лауазымдармен қоса атқарылады.
2013 жылдан бастап Қорда портфельдік компаниялардың омбудсмендері арасында тәжірибе алмасу және практикадан негізгі кейстерді талқылау алаңы болып табылатын Корпоративтік омбудсмендер кеңесі жұмыс істейді. Корпоративтік омбудсмендер кеңесінің отырыстары шеңберінде бизнес-жаттықтырушылар мен сарапшыларды шақыра отырып, оқыту бағдарламалары өткізіледі, сондай-ақ тәжірибелі омбудсмендердің тұсаукесерлері тыңдалады. Осылайша, 2024 жылы омбудсмендер адам құқығы мәселелері бойынша оқытудан өтті.
Жергілікті жерлердегі әлеуметтік-еңбек жағдайын тереңірек түсіну мақсатында 2024 жылы портфельдік компаниялардың омбудсмендері Шымкент мұнай өңдеу зауытын, «Қазақтелеком» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Ш. Чокин атындағы Қапшағай СЭС-ін, «Samruk-Green Energy» ЖШС күн электр станциясы, «Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалы және т.б. кәсіпорынды аралады. Сапар барысында Омбудсмендер еңбек құқықтарын сақтаудың өзекті мәселелерін талқылау үшін жұмыскерлермен, кәсіподақ белсенділерімен және компания басшылығымен кездесті.
Өтініштерді қабылдау үшін Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығымен бірлесіп портфельдік компаниялардың барлық Омбудсмендері қосылған «Нысана» call-орталығының жедел желісі ұйымдастырылды.

«Нысана» call-орталығының жедел желісі арқылы 2024 жылы Омбудсмен Қор тобының және бөгде ұйымдардың жұмыскерлерінен 25 797 өтініш алды, оның ішінде 1 535 өтініш релевантты деп танылды - олар әлеуметтік-еңбек қатынастарына қатысты болды. Әр өтініш бойынша кеңестер, түсініктемелер берілді, түрлі форматта келіссөздер жүргізілді. 2023 жылмен салыстырғанда релеванттық өтініштер саны 11% -ға төмендеді.
Қордың Омбудсменіне қалай жүгінуге болады:
«Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялар тобының кез келген жұмыскері адам құқықтарын сақтау, еңбек қатынастары, этика және басқа да сезімтал тақырыптар бойынша Омбудсменге тікелей жүгіне алады.
Қолжетімді коммуникация арналары:




