IPO және SPO: Қор нарығын ынталандыру

Экономикадағы үлесті азайту міндеті аясында біз портфельдік компанияларды IPO мен SPO белсенді түрде шығаруды жалғастырудамыз. Портфельдік компаниялардың акцияларын жария орналастыру Ұлттық қорға қосымша қаражат тартумен қатар, активтердің әділ нарықтық бағасын қалыптастыруға да көмектеседі. Капитал нарықтарына ашықтық компаниялар жұмысының тиімділігін арттырып, оларды корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарына сәйкес келуге және үздік практикаларды енгізуге ынталандырады.

Бұл бастамалар азаматтардың инвестицияларға қызығушылығын арттыра отырып және олардың қаржылық сауаттылығын нығайта отырып, отандық қор нарығын дамытуға ықпал етеді. Бөлшек инвесторлар санының өсуі нарықты серпінді етеді, ал тұрғындарда табысты отандық компанияларға салымдар есебінен капиталды ұлғайту үшін жаңа құралдар пайда болады.

Қор тобына кіретін 7 компанияның акциялары («Air Astana» АҚ, «KEGOC» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Kcell» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ) жетекші қор биржаларында саудаланады: «Астана» халықаралық қаржы орталығы (AIX), Қазақстан қор биржасы (KASE) және Лондон қор биржасы (LSE). «Самұрық-Қазына» АҚ жүргізген IPO мен SPO инвесторлардың айтарлықтай қызығушылығын тудырып, экономикадағы мемлекеттің үлесін төмендету жөніндегі стратегияның тиімділігін растай отырып, Қазақстанның қор нарығының дамуына серпін берді.

IPO-ға ірі компанияларды шығару жөніндегі жұмысты жалғастыру үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ және «QazaqGaz» ҰК» АҚ акцияларын жария орналастыру жоспарлануда.