2024 Жылғы тұрақты даму саласындағы түйінді оқиғалар

Қаңтар
Қор БАӘ Инвестициялар министрлігімен және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен дата- орталықтары мен жасанды интеллект саласындағы жобалар бойынша инвестициялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ мен Eni газ өнеркәсібінде көмірқышқыл газы шығарындыларын азайту технологияларын әзірлеу және енгізу мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Eni S.p.A. Жаңаөзен қаласында гибридті электр станциясы құрылысының жобасын іске асыру туралы бірлескен шешімге қол қойды.
Ақпан
Қор қытайлық Corporation Limited компаниясымен көлік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Наурыз
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Women’s Empowerment Principles бағдарламасына қосылды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ БҰҰ Жаһандық келісімшартының бизнес-акселераторының халықаралық бағдарламасына қатысты.
«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстандағы алғашқы гидроаккумуляциялық электр станциясының (ГАЭС) жобасы бойынша «China International Water & Electric Corp» компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Сәуір
Сатып алу тәртібіне отандық өндірушілер үшін сатып алу процесін жеңілдетуге бағытталған өзгерістер енгізілді.
Портфельдік компаниялар «Таза Қазақстан» республикалық науқанына қатысты.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Shaanxi Yanchang Petroleum Group CO₂ ұстау, пайдалану және сақтау, мұнай-газ химиясы, барлау және әзірлеу, мұнай мен газды өңдеу, сондай-ақ импорт және өнім экспорты саудасы мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Мамыр
Қор тарихында алғаш рет өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін дамытудың 2024–2028 жылдарға арналған корпоративтік стратегиясы бекітілді.
«Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымы «Samruk- Green Energy» ЖШС халықаралық стандарттағы «жасыл» сертификаттарды шығаруды және сатуды алғаш рет іске қосты.
Маусым
«QazaqGaz» ҰК» АҚ UNEP қолдауымен өндірістік-техникалық департаменттердің мамандары мен экологтар үшін «Мұнай-газ секторындағы метан шығарындылары» тақырыбында корпоративтік тренинг өткізді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен China Venture Capital (CVC) қауіпті қалдықтарды өңдеу және залалсыздандыру саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Шілде
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2024-2033 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілді.
Qazaq Green Power PLC және Powerchina арасында Шелек дәлізінде Алматы және Қарағанды облыстарында ЖЭК жобасын 810 МВт- қа дейін кеңейту бойынша бірлескен іс-шаралар туралы келісімге қол қойылды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен China Venture Capital қауіпті қалдықтарды өңдеу және залалсыздандуыру саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Тамыз
«QazaqGaz» ҰК» АҚ БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды.
«Самұрық-Энерго» АҚ «PARYZ» ҚР Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясына қосылды.
Қыркүйек
Қор «PARYZ» ҚР Жұмыс берушілер ұлттық конфедерациясына қосылды.
Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығына 393,1 млн теңгелік жаңа заманауи қондырғы берілді.
«KEGOC» АҚ мен Азия даму банкі Қазақстанның жаңартылатын энергия көздеріне көшуін қолдау жөніндегі меморандумға қол қойды.
«Самұрық-Энерго» АҚ әйелдер клубы құрылды және портфельдік компанияларда жұмыс істейтін әйелдер үшін Women in Power бірінші әйелдер форумы өткізілді.
Қазан
Қор ESG Global Leaders конференциясы шеңберінде тұрақты болашақ үшін «жасыл» және өзара тиімді серіктестік құру жөніндегі бастамаға қосылды.
Қараша
Шетелдік серіктестермен жел генераторларының компоненттерін шығаратын зауыт салу туралы келісім жасалды.
«Самұрық-Қазына» АҚ COP-29-ға қатысты (Баку).
COP-29 аясында бірқатар келісімге қол қойылды:
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) декарбонизация мәселелері бойынша стратегиялық келісімге қол қойды.
  • «Самұрық-Энерго» АҚ мен Energy China арасында 800 МВт ЖЭК жобасын бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол қойылды. Қарағанды облысында қуаты 500 МВт жел электр станциясын және Түркістан облысында қуаты 300 МВт күн электр станциясын салу жоспарлануда. Сондай- ақ, MASDAR-мен бірлесіп Инвестициялар туралы келісімге және «ЭЖЖ қамтитын ЖЭС 1 ГВт салу» жобасы бойынша электр энергиясын сатып алу шартына қол қойылды.
  • «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен «BioOperations» ЖШС SAF (Sustainable Aviation Fuel, тұрақты авиациялық отын) өндіру жөніндегі жобаны бірлесіп іске асыру туралы негіздемелік келісімге қол қойды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму бағдарламасы бекітілді.
Желтоқсан
Бірқатар портфельдік компаниялар 2023 жылы қазақстандық компаниялар арасында ESG-ақпаратты ашу бойынша PricewaterhouseCoopers Kazakhstan рейтингінде атап өтілді:
  • «Самұрық-Энерго» АҚ-рейтингте 1-ші орын «А+» жоғары баға берілді.
  • «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жалпы рейтингте екінші орынды және көлік- логистикалық сектор компаниялары арасында бірінші орынды иеленді.
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «А» бағасымен Топ-10-ға кіріп, Қазақстанның тау-кен металлургиялық компаниялары арасында екінші орынды иеленді. Сонымен қатар, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін үздік ашу» және «Әлеуметтік мәселелерді үздік ашу» номинацияларында жеңімпаз атанды.
«KEGOC» АҚ-ның 2025–2060 жылдарға арналған климаттық бағдарламасы бекітілді.
«Батыс Қазақстанның энергожүйесін Қазақстан БЭЖ-мен біріктіру. Электр желілік объектілердің құрылысы» жобасын іске асыру үшін «KEGOC» АҚ, ЕҚДБ және ҚДБ арасында кредиттік келісімдерге қол қойылды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еріктілері «Жыл еріктісі» халықаралық сыйлығын жеңіп алды («Эко- қорғаушы» номинациясы).
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ RAEX Рейтингтік агенттігінің (ТМД мен Моңғолияның 144 компаниясы арасында) нәтижелері бойынша суды ұтымды пайдалану бойынша көшбасшы болып танылды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да теміржолшы әйелдер қауымдастығының алғашқы әйелдер форумы өтті.