Директорлар кеңесі мүшесінің үндеуі

«Самұрык-Қазына» АҚ Тәуелсіз Директоры
Сіздерге «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тұрақты даму саласындағы тоғызыншы есебін қуана ұсынып отырмын.
«Самұрық-Қазына» АҚ тұрақты дамуға, тиімділік пен ашықтыққа стратегиялық бағыт ұстанады. Біз Қазақстанның болашақ ұрпақтарының мүддесі үшін активтер құнының ұзақ мерзімді өсуін, тұрақты экономикалық даму мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету - біздің негізгі мұратымызды орындауды жалғастырдық.
2024 жыл тәжірибедегі тұрақтылықты тексеруге айналды. Қазақстанның бірнеше өңірін қамтыған ауқымды су тасқыны бүкіл ел үшін сын- қатерге айналды. Қордың және оның портфельдік компанияларының реакциясы дереу болды. Зардап шеккендерге көмек көрсетуге 22 млрд теңге бағытталды, соның ішінде тікелей қаржыландыру, қажетті техника, жанар-жағар май, гуманитарлық көмек, сондай-ақ, адамдарды тегін тасымалдауды қамтамасыз ету. Бұл әрекеттер стандартты ESG-көрсеткіштерге жатпайды, бірақ олар «тұрақтылық» сөзінің мазмұнын жақсы ашады.
Жыл бойы біз экономиканың тірегі және мемлекеттің сенімді серіктесі болуды жалғастырдық. Мемлекет атына төлемдер жиынтығы 3 441 млрд теңгені құрады, оның ішінде 737 млрд теңге дивидендтер, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға – 568 млрд теңге, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына – 50 млрд теңге аударылды. Бұл қаражат - тек сандар ғана емес, сонымен қатар нақты мектептер, ауруханалар, жолдар, еліміз бойынша адамдарға көмек көрсету.
Сонымен қатар, Қор өзінің ашықтығын арттыруды жалғастыруда. Қордың қоғамдық кеңесі жанды диалог үшін маңызды алаңға айналды. Ол азаматтардың, сарапшылардың, кәсіби қауымдастықтың дауысын естуге мүмкіндік береді. 2024 жылы алты отырыста сатып алу, экология, өнеркәсіптік қауіпсіздік, активтерді трансформациялау мәселелері талқыланды. Бұл ресмилілік емес, бұл біз практикалық мән беретін кері байланыс тетігі.
Біз ақпаратты ашудың халықаралық стандарттарын ұстанамыз: GRI, TCFD, SASB, ал біздің көрсеткіштеріміз тәуелсіз растаудан өтеді. Екінші жыл қатарынан біз KASE нұсқасы жөніндегі есептілік сапасы бойынша үздік ұлттық компания ретінде танылдық. Asia Sustainability Reporting Awards сыйлығы түріндегі халықаралық мойындау біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды көрсетеді. 2024 жылы жеті портфельдік компания ESG рейтингтерін әлемнің жетекші агенттіктерінен алды: Sustainalylics, S&P Global және CDP. Бұл бағалаулар көп жағдайда орташа салалық көрсеткіштерден асып түседі. Бұл жүйелік жұмыстың нәтижесі және ESG қағидаларын енгізу үдерісінің расталуы.
Қор - бұл, ең алдымен, адамдар. Күн сайын қиын жағдайда түрлі міндеттерді шешетін жұмыскерлер. Сондықтан да еңбекті қорғау және қауіпсіздік, кадрларды дамыту және тартылу мәселелері басымдыққа ие болып отыр. Біз тұрақтылық тек цифрларға ғана емес, әрбір адамға қатысты болатын ортаны құруға ұмтыламыз.
Тұрақты даму – бұл жол. Бұл күнделікті жұмыс істеуді қажет ететін сенім туралы. Өзгеріс пен белгісіздік жағдайында дәл осы сенім тұрақтылық тұғыры болатын іргетасқа айналуда.
Сіздердің назарларыңызға ұсынылған есеп – бұл атқарылған жұмыстың айнасы ғана емес, сонымен қатар біздің Қазақстан халқының қызмет етуіндегі күш-жігеріміздің көрінісі.
Ашық түрде. Ең бастысы туралы.