Біздің персоналды басқару тәсіліміз
Төмен көміртекті экономикаға көшу, цифрландыру және технологиялық инновацияларды енгізу сияқты жаһандық трансформациялар жағдайында Қор икемділікке, тартылуға және тұрақты оқытуға негізделген персоналды басқарудың тұрақты моделін енгізеді. Бұл өзгермелі жұмыс ортасына бейімделуге және бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейін қолдауға мүмкіндік береді.
«Самұрық-Қазына» АҚ бүкіл ел бойынша 263 мыңнан астам жұмыс орнын ұсынып, Қазақстандағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады.
Портфельдік компанияларда мұнайшылар мен газшылар, энергетиктер мен кеншілер, атомшылар, теміржолшылар мен байланысшылар, пошта және авиация жұмыскерлері жұмыс істейді. Біздің жұмыскерлер - Қордың ең құнды активі. Біз олардың кәсіби және жеке дамуы үшін тең мүмкіндіктер жасаймыз, лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етеміз және қауіпсіздік пен әл-ауқатқа ерекше назар аударамыз.

Біз әрбір жұмыскерге жынысына, жасына, ұлтына, дініне қарамастан мансаптық өсу мен даму үшін мүмкіндік беруге ұмтыламыз. Мұндай тәсіл жұмыскерлердің тартылуы мен ынтасын арттыруға ықпал етіп қана қоймай, компанияның жалпы нәтижелерін жақсарта отырып, корпоративтік мәдениетті нығайтады.

Біздің қағидаттарымыз әрбір қызметкерге адал әрі лайықты сыйақы төлеуді қамтамасыз ете отырып, әділдік пен теңдікті ұстануға негізделген.
Біз жұмыскерлерге түрлі әлеуметтік қолдау көрсетеміз, ол олардың өмір сүру сапасын жақсартуға және әлеуметтік тұрақтылық деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Біз қауіптердің алдын алу, еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдірудеміз және біздің басты мақсатымыз - нөлдік жарақаттанушылыққа қол жеткізу үшін үздік әлемдік тәжірибелерді қолданамыз.
Кадрлық саясат алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ете отырып, Қорды дамытуда стратегиялық рөл атқарады. Портфельдік компаниялардың HR ресурстарын шоғырландыру, үйлестіру - шығындарды оңтайландыруға және тиімділікті арттыруға бағытталған Қордың HR портфельдік компанияларының функцияларын біріктірудің және жетілдірудің негізгі қағидаты.
- Біліктілікті арттыру және адами капиталды дамыту бағдарламаларын ұдайы жетілдіру – барлық деңгейдегі жұмыскерлердің құзыреттілігін арттыратын, алған білімдері мен дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беретін, қазіргі заманғы шындықтың нормаларына жауап беретін оқыту бағдарламаларын әзірлеу және енгізу.
- Компанияның корпоративтік, басқарушылық және кәсіби білімі мен дағдыларын, мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін бір буыннан екіншісіне беру және меңгеру арқылы Қор компанияларының бүкіл тобы бойынша ішкі сараптаманы ұлғайтудың қажетті шарты ретінде тәжірибе мен білімнің сабақтастығы.
- Қор компанияларының бүкіл тобы бойынша IR, HSE, CSR практикаларын енгізу есебінен жұмыскерлер мен жұмыс берушінің мүдделерінің теңгерімін ұстап тұру фокусы.
- HR процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және персоналды басқарудың кез келген кезеңінде ашық рәсімдер, коммуникациялар және ашық диалог орнату арқылы ашықтық саясатын қолдау.
Саясат Қордың барлық портфельдік компанияларына және олардың еншілес ұйымдарына қолданылады.
Қорда HR-процестерге қойылатын қағидаттарды, тәсілдер мен талаптарды айқындайтын, «Самұрық-Қазына» АҚ Тобында үздік HR-тәжірибелерді енгізуге ықпал ететін және «Самұрық-Қазына» АҚ Кадр саясатына негізделген Адами ресурстарды басқару жөніндегі корпоративтік стандарт енгізілген. Корпоративтік стандарт Қор тобында әкімшілік-басқару персоналының HR-процестерін реттейтін ішкі құжаттарды әзірлеу үшін негіз болып табылады. Бұл ретте Корпоративтік стандарттың нормаларын базалық қағидаттар шеңберінде қызметтің ерекшелігін ескере отырып, портфельдік компаниялар қолданады.