Ресурстарды үнемдеу және энергия тиімділігі
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2027 жылға дейінгі энергия және ресурс үнемдеу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру саласындағы әлемдік трендтерді, сондай-ақ осы салалардағы мемлекеттік саясаттың бағыттарын ескере отырып, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Төмен көміртекті даму тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленді. Бағдарлама Қордың төмен көміртекті даму мақсаттарына жетудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Энергия және ресурс үнемдеу жөніндегі техникалық іс-шараларды іске асыру бөлігінде Бағдарламаның периметріне «Самұрық-Энерго» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ОЭР тұтынуды төмендетуге қол жеткізуге болатын ең ірі тұтынушылар ретінде кірді.
Ресурстарды үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы біздің негізгі мақсаттарымыз – отын-энергетика және су ресурстарын барынша ұтымды пайдалану, өнімнің энергия сыйымдылығын тиімді төмендету, инновациялық техникалық құралдар мен технологияларды енгізу, сондай-ақ энергия қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Алға қойған мақсаттарға жету үшін біз 2027 жылға дейінгі келесі міндеттерді анықтадық:
- 2027 жылға қарай Бағдарлама периметрінде ұйымдар өнімдерінің энергия сыйымдылығын 10%-ға төмендету (базалық 2021 жылдан бастап),
- Өндірістік процестердің энергия тиімділігін үнемі арттыру,
- Оңтайлы ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар жасау,
- Отын-энергетика және су ресурстарын тиімді пайдалану және тұтынуды азайту,
- Энергоменеджменті жүйесінің энергия тиімділігі көрсеткіштері жүйесін енгізу.
Отын-энергетикалық ресурстарды (ТЭР) үнемдеу және соның салдарынан шығындарды азайту Қор компанияларына өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және көміртегі ізін азайтуға мүмкіндік береді. Энергияны үнемдеу іс жүзінде экономиканың «жаңа отыны» болып табылады, өйткені ол қолда бар ресурстарды толық пайдаланудың, экономикалық өсуді қолдаудың және энергия шығындарын азайтудың ең жақсы мүмкіндіктерін қамтиды.
Қызметтің ерекшелігін ескере отырып, портфельдік компаниялар деңгейінде меншікті энергетикалық саясаттар, энергия және ресурс үнемдеу бағдарламалары, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басқару жөніндегі регламенттер әзірленді және іске асырылуд.
ISO 50001:2011 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін қолданыстағы энергетикалық менеджмент жүйелері шеңберінде энергоаудиттер үнемі өткізіліп тұрады, қызметкерлерді энергия ресурстарын үнемдеу жөніндегі идеялар мен шешімдерді әзірлеуге қатысуға ынталандыру тетіктері енгізіледі, ҒЗТКЖ арқылы жаңа технологиялар әзірленеді және т.б. Осы шаралардан басқа жабдықтың мақсатты энергоаудиттері жүргізіледі, олардың нәтижелері бойынша жабдықтар мен процестерді оңтайландыру бойынша қажетті іс-шаралар әзірленеді және іске асырылады. Энергоресурстарын басқарудың жүйелі тәсілін қамтамасыз ету үшін қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпаратты тұрақты жинау, талдау және ағымдағы бақылау мақсатында ОЭР тұтынудың тоқсан сайынғы мониторингі енгізілді.
ЭНЕРГИЯНЫ ТҰТЫНУДЫ АЗАЙТУ
Энергия және ресурс үнемдеу, сондай-ақ энергия тиімділігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде 2024 жылы энергия үнемдеудің жиынтық көлемі 12,5 млн ГДж құрады. 2021-2024 жылдар кезеңінде энергия үнемдеу жөніндегі бағдарламаларды іске асырудан алынған энергетикалық ресурстардың жиынтық үнемделуі35 57,4 млн ГДж құрады.
Энергетика секторында энергетикалық тиімділікті арттыруға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған 67 түрлі іс-шара іске асырылды. Олардың орындалуы энергия тұтынуды 12 490 мың ГДж дейін қысқартуға қол жеткізді. Энергия тиімділігін арттыруға келесі іс-шаралар үлкен әсер етті: энергия блоктарының қуатын арттыру, турбиналық конденсатордың жылу алмасу беттерін тазарту, жабдықты баптау, қазандық газ құбырларының оттығын тығыздау, жылу желілері құбырларының жылу оқшаулауын ауыстыру.
Мұнай-газ секторында «ҚазМұнайГаз» ҰАК» АҚ-да технологиялық пештердің газ қыздырғыштарын ауыстыруды, энергия үнемдейтін технологияларды енгізуді, жылу энергиясын өндіру мен тұтынуды оңтайландыруды, жарықтандыру жүйелерін жаңғыртуды қоса алғанда, жабдықтарды жаңғырту бойынша 70 іс-шара іске асырылды. Бұл 2 361 мың ГДЖ энергия ресурстарын үнемдеуге әкелді.
Тау-кен-металлургия секторында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ -да энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешені іске асырылды, бұл энергия тұтынуында 240 мың гДж үнемдеуге әкелді. Атап айтқанда, өз қажеттіліктері үшін ыстық сумен жабдықтауға арналған гелиоколлекторлық қондырғылар, энергия үнемдейтін трансформаторлар пайдалануға берілді, жабдықтың энергия тұтынуын оңтайландыруға мүмкіндік беретін жиілікті-реттелетін жетектер орнатылды, электр желілерінің энергия тиімділігін арттыру үшін реактивті қуат компенсаторлары орнатылды, жылу желісінің құбырларын оқшаулау ауыстырылды, бұл жылу шығынын азайтуға және энергия шығынын азайтуға ықпал етеді.

Энергия үнемдеу жөніндегі бағдарламаларды іске асырудан алынған энергетикалық ресурстардың жиынтық үнемделуі 9,2 млн ГДж тас көмірді, 1,4 млн ГДж табиғи газды, 0,2 млн ГДж бензині алынған газын құрады.
ЭНЕРГИЯ РЕСУРСТАРЫН ТҰТЫНУ
Жалпы энергия тұтыну, млн ГДж
2021 | 2022 | 2023 | 2024 | |
---|---|---|---|---|
Қордың энергия тұтынуы | 491,9 | 453,9 | 430,9 | 444,2 |
Жылу және электр энергиясын өндіру секторындағы энергияны тұтыну – 207,7 млн ГДж, бұл жалпы тұтынудың 47%-ын құрайды. Мұнай-газ секторында энергия тұтыну – 175,9 млн ГДж (жалпы тұтынудың 40%). Көлік-логистикалық сектордың энергия тұтыну көлемі – 41,9 млн ГДж (жалпы энергия тұтынудың 9%).

Жаңартылмайтын көздерден отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну, млн ГДж
ОЭР | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 |
---|---|---|---|---|
Сұйық отын, соның ішінде: | 30,63 | 31,69 | 32,97 | 33,95 |
Бензин | 0,93 | 0,88 | 1,09 | 1,15 |
Дизель отыны | 29,71 | 30,81 | 31,88 | 32,80 |
Қазандық-пеш отыны, оның ішінде: | 45,39 | 50,26 | 47,52 | 42,59 |
Пеш отыны (мұнай зауытының газы) | 39,70 | 46,37 | 42,38 | 38,50 |
Мұнай | 0,65 | 0,96 | 1,17 | 1,18 |
Мазут | 5,01 | 2,92 | 3,98 | 2,91 |
Кеме отыны (мазут ИФО) | 0,03 | 0,01 | 0 | - |
Ілеспе-мұнай газы | 14,47 | 15,70 | 12,93 | 13,81 |
Тас көмір | 334,71 | 328,63 | 327,12 | 338,75 |
Газ, соның ішінде: | 145,50 | 129,66 | 111,35 | 123,64 |
Табиғи газ | 127,25 | 112,46 | 94,79 | 104,83 |
Бензинделген газ | 18,04 | 17,10 | 16,49 | 18,72 |
СКГ (сұйытылған көмірсутек газы) | 0,22 | 0,10 | 0,07 | 0,09 |
Жаңартылмайтын көздерден ОЭР-дің ең көп тұтынуы – көмір 338,7 млн ГДж (жалпы тұтынудың 61%), ол энергетика секторында жылу және электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылады. Екінші орында – газ 123,6 млн ГДж (23%, оның 18% табиғи газ – 104,8 млн ГДж). Сұйық отынды тұтыну 34,1 млн ГДж (6%) құрады.
Жаңартылатын көздерден энергия тұтыну 42 мың ГДж құрады, бұл 2023 жылы ұқсас көздерден (17 мың ГДж) тұтынудан 2 есе артық. Бұл ЖЭК тудыратын энергия.
Жаңартылатын көздерден отын тұтыну, мың ГДж
2021 | 2022 | 2023 | 2024 | |
---|---|---|---|---|
Электр энергиясы (ЖЭК-тен генерациялау есебінен), мың ГДж | 26 | 46 | 17 | 42 |
Энергия сыйымдылығы, сәйкес өнім бірлігіне мың ГДж, 2021–2024 жж.
Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 |
---|---|---|---|---|---|
Мұнай мен газды барлау және өндіру | ГДж/т өндірілген ӘТЖ | 2,43 | 2,78 | 2,68 | 2,55 |
Мұнай және газ өңдеу | ГДж/т | 3,84 | 4,06 | 3,87 | 3,41 |
Мұнай тасымалдау | өңделген ӘТЖ | 0,13 | 0,12 | 0,10 | 0,09 |
Газ тасымалдау | мың ГДж/т | 1,65 | 1,11 | 0,87 | 0,90 |
Уранды барлау және өндіру | ГДж/млн м3 /км | 0,25 | 0,25 | 0,26 | 0,24 |
Электр энергиясын өндіру | мың ГДж/т өндірілген уран | 4,45 | 4,33 | 4,25 | 4,23 |
Жылу энергиясын өндіру | мың ГДж/ кВт*сағ | 5,69 | 5,51 | 5,44 | 4,76 |
Темір жол көлігі | ГДж/Гкал | 93,98 | 92,84 | 87,90 | 87,72 |
Химия өнімдерін өндіру | ГДж/млн тонна км брутто | 0,46 | 0,40 | 0,17 | 0,30 |
Метталургиялық жобалар | мың ГДж/т тазартылған алтын | 1,84 | 1,62 | 1,99 | 1,67 |