Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі (бұдан әрі - ТБКЖ) ұйымның стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдерді уақтылы сәйкестендіруге, бағалауға, басқаруға және мониторингтеуге бағытталған.
Қордың Директорлар кеңесі жүйенің міндеттерін негізге ала отырып және Қордың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саласындағы үздік жұмыс тәжірибесі мен әдіснамасын ескере отырып, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары мен тәсілдерін айқындады.
Тәуекелдерді басқару мәселелерін реттейтін біздің негізгі ішкі нормативтік құжатымыз Қордың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саясаты болып табылады. Бұл Саясат COSO-ның «Ұйымдардың тәуекелдерді басқарудың тұжырымдамалық негіздері: стратегиямен және тиімділік көрсеткіштерімен интеграция» ұсынымдарын ескере отырып жасалған және Қордың барлық деңгейлерінде тәуекелдерді басқару үшін тәуекел иелерінің жауапкершілігін күшейтуді қамтамасыз етуге, Қордың барлық процестеріне тәуекел-менеджменттің интеграциясын арттыруға арналған.
Тәуекелдерді тиімді басқару мақсатында Директорлар кеңесі «Үш қорғаныс желісі» қағидатын айқындады. Бірінші қорғаныс желісі - тәуекелдердің тікелей иелері. Екінші қорғаныс желісі - бақылау және мониторинг функцияларын жүзеге асыратын тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау департаменті және комплаенс қызметі. Үшінші қорғаныс желісі тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін объективті және тәуелсіз бағалауды қамтамасыз ететін ішкі аудит қызметі болып табылады.
Тәуекелдерді басқару департаменті, комплаенс қызметі және ішкі аудит қызметі туындайтын маңызды мәселелер мен назар аударуды талап ететін мәселелер туралы ақпаратты Директорлар кеңесінің назарына жеткізеді.
Ішкі бақылау жүйесі Қордың ТБКЖ-нің ажырамас бөлігі болып табылады және процестік тәуекелдерге жылдам жауап беруге, негізгі және қосалқы процестер мен күнделікті операцияларды бақылауды жүзеге асыруға қабілетті басқару жүйесін құруға бағытталған және «Ішкі бақылау - Біріктірілген модель» COSO моделіне сәйкес құрылған, сонымен қатар өзара тәуелді бес құрамдас бөліктен тұрады:
- бақылау ортасы;
- тәуекелдерді бағалау;
- бақылау рәсімдері;
- ақпарат және байланыс;
- мониторинг.
2024 жылы Қордың ішкі нормативтік құжаттарында бақылау рәсімдерін құжаттау және тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды сақтау арқылы ішкі бақылаудың тиімді жүйесін құру бойынша жұмыс жалғастырылды.
Қордың ішкі аудит қызметі тәуекелдерді басқару және бақылау жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Қызмет өз қызметін ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына, оның ішінде халықаралық ішкі аудиторлар институтының Әдеп кодексіне сәйкес жүргізеді. 2023 жылы ішкі аудит қызметі ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына және ішкі аудиторлар институты әзірлеген этика кодексіне сәйкестігіне сыртқы тәуелсіз бағалаудан сәтті өтті.
Директорлар кеңесінің рөлі Қор үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың жалпы саясатын бекіту болып табылады. Барлық негізгі тәуекелдер, соның ішінде жазатайым оқиғалар тәуекелдері, маңызды инвестициялық жобалардың тәуекелдері, әлеуметтік тұрақсыздық тәуекелдері, қаржылық тәуекелдер, сот процестерінің тәуекелдері, беделге нұқсан келтіру тәуекелдері, санкциялық заңнаманың әсер ету тәуекелі, активтерді жекешелендіру бағдарламасының тәуекелдері 2024 жылы Директорлар кеңесінің назары мен бақылауының тұрақты назарында болды.
Басқарма ТБКЖ-нің ұйымдастырылуы мен тиімді жұмыс істеуі үшін жауапты болады.
Қорда жыл сайынғы негізде тәуекелдерді сәйкестендіру жүргізіледі, оның нәтижелері Директорлар кеңесі бекітетін тәуекелдер тіркелімінде көрсетіледі. Қордың тәуекелдер тізілімінде барлық тәуекелдер мынадай топтарға бөлінеді: стратегиялық, қаржылық, операциялық және құқықтық.
Портфельдік компанияларда салалық ерекшеліктерді ескеретін тәуекелдерді басқару жүйелері жұмыс істейді.
Қордағы тәуекелдерді басқару туралы толығырақ Қордың 2024 жылғы Жылдық есебінен оқыңыз. Портфельдік компаниялардағы тәуекелдерді басқару туралы толығырақ портфельдік компаниялардың Жылдық есептерінен оқыңыз.
ESG тәуекелдерін басқару
ESG тәуекелдерін басқару Қордың жалпы тәуекелдерді басқару жүйесіне біріктірілген. 2024 жылғы тәуекелдер тізіліміне, соның ішінде ESG-мен байланысты тәуекелдер, мысалы, жазатайым оқиғалар қаупі, әлеуметтік тұрақсыздық қаупі, қызметкерлердің тәуекелдері, сот ісін жүргізу тәуекелі, сәйкестік тәуекелдері, сондай-ақ экологиялық және климаттық тәуекелдерді қамтитын қоршаған ортаға байланысты тәуекелдер бөлінді.
Біз климаттық тәуекелдерге және оларды тиімді басқаруға көп көңіл бөлеміз. Директорлар кеңесі климатқа байланысты аспектілерді қоса алғанда, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарды бекітуге жауапты.
Біз TCFD ұсыныстарына сүйене отырып климаттық тәуекелдерді анықтаймыз (климаттың өзгеруіне байланысты қаржылық ақпаратты ашу бойынша ұсыныстар). Порфтельдік компаниялар ішінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазтомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «KEGOK» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өз қызметінің Климаттық тәуекелдерін анықтайды. Бұл туралы толығырақ «Климаттық тәуекелдер» бөлімінен оқуыңызға болады.
Портфельдік компаниялар экологиялық, әлеуметтік және басқару критерийлері бойынша маңызды салалық ESG тәуекелдеріне ұшыраудың және компаниялар бұл тәуекелдерді қаншалықты тиімді басқаратының тәуелсіз бағалауынан өтеді. Бұл ретте компания экономикаға, экологияға және қоғамға барынша әсер ететін салалар талданады. ESG-рейтингтер шеңберінде осындай бағалаудың нәтижелері туралы толығырақ біз «Тұрақты даму саласындағы рейтингтер» кіші бөлімінде жаздық.