Даму стратегиясы

Біздің философиямыз

Тұрақты даму – ұлттық басымдықтарды іске асыруды және нарықтық мақсаттарға қол жеткізуді біріктіретін біздің негізгі тәсіліміз. 2030 жылға дейінгі жаңа стратегия жағдайында Қор ішкі инвестицияларға, ҒЗТКЖ-ны жандандыруға және активтерді жеке секторға біртіндеп шығаруға баса назар аудара отырып, инвестициялық холдингке трансформацияланады. Бұл тәсілдің маңызды құрамдас бөлігі экологиялық жауапкершілікті арттыруға, декарбонизациялауға және әлеуметтік дамытуға бағытталған нақты ESG-қағидаттарды енгізу болып табылады, бұл бір жағынан Қазақстанның тұрақты даму жөніндегі ұлттық күн тәртібіне Қордың үлесін күшейтеді, екінші жағынан – активтер құнының ұзақ мерзімді өсуіне және олардың нарық үшін тартымдылығын арттыруға негіз жасайды.

Біз үшін тұрақты даму Қордың қаржылық, бәсекелестік және әлеуметтік-экологиялық мақсаттарын біріктіретін интеграциялайтын шеңбер болып табылады. Активтердің құнын арттыруға корпоративтік басқарудың, ашықтық пен комплаенстің үздік практикаларын енгізу арқылы, сондай-ақ бизнес-процестерді оңтайландыру және ресурс үнемдеу есебінен қол жеткізіледі. Бәсекелестікті дамыту және экономикадағы үлесті төмендету инновацияларды, ірі инфрақұрылымдық жобаларды және жаһандық серіктестікті қолдаумен ынталандырылады, бұл сондай-ақ декарбонизация және тұрақты инфрақұрылым құру сияқты тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді.

Біз қызметті 2023–2032 жылдарға арналған даму жоспарына (Стратегияға) сәйкес жүзеге асырудамыз, ол негізгі Жалпыұлттық басымдықтарға сәйкес келеді және елдің «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыруға ықпал етеді.

Тұрақты даму стратегиясы біздің Даму стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады және біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымызға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. ESG-қағидаттарды енгізу бізге жауапты инвестордың беделін нығайтып қана қоймай, жаһандық серіктестіктерді қалыптастыруға және халықаралық инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендетуге және портфельдік компаниялардың жалпы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Қордың 2023-2032 жылдарға арналған қызметінің стратегиялық бағыттары мен мақсаттары

Қордың стратегиялық мақсаттары – таза активтердің құнын ұлғайту және бәсекелестікті дамыту – тұрақты даму қағидаттарымен тікелей байланысты. ESG-қағидаттарды іске асыру бізге тәуекелдерді азайтуға, инвестициялық тартымдылықты арттыруға, қосымша нарықтық мүмкіндіктер жасауға және тұрақты өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Портфельдік компаниялар деңгейінде тұрақты даму стратегиясын іске асыру

Қор стратегиялық холдинг қызметін атқара отырып, ESG-қағидаттары негізгі орынды алатын бірыңғай күн тәртібін қалыптастырады. Іс жүзінде бұл корпоративтік басқару деңгейінде экологиялық жауапкершілікпен, әлеуметтік үлеспен және басқарушылық мәдениеттің жоғары стандарттарымен ұштасқан тиімділік, жеделділік және ашықтық негіздері салынып жатқанын білдіреді. Бұл рөлдің маңызды элементі активтердің құрылымын оңтайландыру болады. Қор компанияларды иеленудің барынша ашық схемасына және артық буындарды қысқартуға ұмтылады, бұл ESG-көрсеткіштерді бақылауды жеңілдетеді және барлық портфельдік ұйымдарда табиғатты қорғау, әлеуметтік және басқару бастамаларын келісілген түрде енгізуді қамтамасыз етеді.

Барлық компаниялар тобында ESG-қағидаттарды жүйелі енгізу үшін Қор барлық еншілес және тәуелді компанияларда орындалуға міндетті бірыңғай саясаттар мен корпоративтік стандарттарды әзірлейді. Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен тәуекелдерді басқарудан бастап еңбекті қорғау, экология, әлеуметтік саясат және корпоративтік мәдениет мәселелеріне дейінгі бағыттардың кең ауқымын қамтиды. Портфельдік компаниялардың жарғылық және ішкі құжаттарында осы жалпы талаптарды олардың операциялық қызметіне «қондыруға» мүмкіндік беретін тетіктер бекітіледі. Бұл ретте әрбір компания салалық ерекшелікті ескере отырып, түзетулер енгізу құқығын сақтайды, бірақ негізгі ESG-қағидаттары өзгеріссіз қалады. Мұндай біріздендіру көрсеткіштердің салыстырмалылығын және бүкіл Топ бойынша стратегияны орындаудың ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қорға жалпы стандарттар мен практикаларды жедел қадағалауға, түзетуге және жетілдіруге мүмкіндік береді.

Тұрақты даму стратегиясын портфельдік компанияларға каскадтау

I
ЖАЛПЫ СТРАТЕГИЯНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ:
Қор негізгі салаларда (комплаенс, сатып алу, персоналды басқару және т.б.) жалпы стратегияны қалыптастырады, корпоративтік стандарттарды әзірлейді және енгізеді.
II
ТҮЙІНДІ МАҚСАТТАРДЫ ҚОЮ:
Қор портфельдік компанияларға каскадтанатын стратегиялық ПӘК белгілейді.
III
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ БЕКІТУІ:
Барлық стратегиялық шешімдер (оның ішінде пайданы бөлу, ірі мәмілелер жасау, инвестициялық жобаларды іске асыру, ESG-қағидаттарды енгізу бойынша жол карталарын іске асыру және т.б.). Қор акционер ретінде ұсынылған портфельдік компаниялардың Директорлар кеңесі арқылы өтеді. Осылайша стратегиялық бағдарлар басқарудың «жоғарғы деңгейінде» бекітіледі.
IV
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ КІРІГУ:
Портфельді компаниялар Қордың стратегиясына сәйкес 10 жылға арналған даму жоспарларын әзірлейді. Олар жергілікті жерлерде стратегияны іске асырудың негізгі құралына айналады.
V
МОНИТОРИНГ:
Қор портфельдік компаниялардағы (Директорлар кеңесінде, тұрақты Есептілік, кездесулер, стратегиялық сессиялар арқылы) өз өкілдері арқылы стратегияны іске асыру нәтижелерін қадағалайды.

Тұрақты даму саласындағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу

Стратегиялық бағыт БҰҰ ТДМ Қордың стратегиялық мақсаттары Мақсатты көрсеткіш 2024 жылғы жетістіктер
Корпоративтік басқару
Тұрақты даму мәселелерін басқару жүйесін жетілдіру Қор Тобының ESG-рейтингі 2032 жылға қарай 70 перцентиль Орташа өлшенген ESG рейтингі - 63 перцентиль (2023 жылы – 53 перцентиль).

Портфельдік компаниялардың ESG-рейтингтерінің нәтижелері көп жағдайда орташа салалық көрсеткіштерден асып түседі.

Толығырақ – «Тұрақты дамудың стратегиялық тәсілі және ESG» бөлімінде.
Қор компанияларының басшы органдарындағы әйелдердің үлесін арттыру 2030 жылға қарай 30% Директорлар кеңесі/портфельдік компаниялардың Бақылау кеңестері құрамындағы әйелдердің үлесі – 17%, Атқарушы органдар құрамындағы әйелдердің үлесі - 15% (2023 жылы 13% және 17%)
Қордың Директорлар кеңесі мен портфельдік компаниялардың құрамындағы тәуелсіз директорлардың үлесі Ұсынылатын үлес Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санынан 60% дейін Қордың Директорлар кеңесінің құрамына 4 тәуелсіз директор кірді, бұл 57%-ды құрайды (2023 жылы 43%).
Ашықтық, мөлдірлік және комплаенсbr>
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйелерін ISO 37001:2016 «Парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесі» және ISO 37301:2021 «Сәйкестікті басқару жүйесі» халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне сертификаттау 2027 жылға дейінгі комплаенс функциясын дамыту стратегиясы бекітілді.

Сертификаттаудан өтуге дайындық жұмыстары жалғасуда.

«Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» ISO 37001:2016 стандартына сәйкестігі.
Әлеуметтік жауапкершілік
Жалақысы төмен кәсіптер мен лауазымдағы жұмыскерлердің жалақыларын көтеру 2023–2027 жылдары 2024 жыл ішінде Қор тобының 221 мыңнан астам жұмыскерінің жалақысы 2%-дан 40%-ға дейін көтеріліп, жалақысы төмен лауазымдарға баса назар аударылды.
H&S озық тәжірибелері

Адами капиталды дамыту
LTIF 0,12 қол жеткізу 2027 Қор тобы бойынша LTIF (жұмыс уақытынан айрылған жарақаттар коэффициенті) – 0,13 (2023 жылы 0,14)
Қауіпсіздік мәдениетін дамыту «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» курсы бойынша Samruk Business Academy және ішкі жаттықтырушылар портфельдік компаниялардың 120 000-ден астам жұмыскері мен олардың мердігерлері оқытылды.
Кадрлық әлеуетті арттыру, жаңа салалардағы құзыреттілікті күшейту 1 жұмыскерге арналған оқу сағаттарының орташа саны – 26 академиялық сағат (2023 жылы 23 сағат).
Ресурс үнемдеу
Өндірістік қызметтің энергия сыйымдылығын төмендету -10%. 2027 жылға Қор бойынша энергия шығыны 2021 жылғы 492 млн ГДж-дан 2024 жылы 444,2 млн ГДж-ға дейін қысқарды.
Декарбондау

«Жасыл» қаржыландыру
Парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларын қысқарту (Қамту 1 және қамту 2) -10%. 2032 жылға Жалпы парниктік газдар шығарындылары 57,84 млн тонна СО2-экв. 2024 жылы 2021 жылмен салыстырғанда 19,9%-ға азайды (72,24 млн тонна СО2-экв.).
Электр энергиясын сатып алуда төмен көміртекті генерация үлесін ұлғайту 2032 жылға қарай 45% Электр энергиясын сатып алудағы төмен көміртекті генерацияның үлесі 2023 жылғы деңгейде – 1% -дан кем қалды.
Офсеттік жобалар портфелін қалыптастыру 2032 жылға қарай 5,8 млн тонна СО2-экв Қордың офсеттік жобаларының портфелі 489,7 мың тонна СО2-экв (2024 жылдың аяғындағы жағдай бойынша).
Электр энергиясын өндірудегі ЖЭК және СЭС үлесі 2032 жылға қарай 26% 18% (2023 жылы 15%).