РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

47791
LANGUAGE_ID=kz IBLOCK_ID=42

«Қазақтелеком» АҚ Telia Company және  Fintur Holdings BV компанияларымен «Кселл» АҚ акцияларының дауыс беруші 75% сатып алу туралы келісімге қол қойды

60
12.12.2018 15:51

«Самұрық-Қазына»АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Telia Company және  Fintur Holdings BV телекоммуникациялық компанияларының өкілдерімен кездесіп, басқосу барысында мәмілеге қатысты мәселелер мен Қазақстандағы телекоммуникация  саласының дамуын талқылады. Қор басшысы бұл келісім-шарттың еліміздегі телекоммуникация саласы үшін, әрі 2019 жылы IPO-ға шығуға дайындалып отырған «Қазақтелеком» АҚ үшін маңызды екенін атап өтті. Telia Company және Fintur Holdings BV өкілдері Йохан Деннелинд және Эмиль Нильссен «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасына шешім қабылдаудағы жылдамдағы мен келісім-шартты жасасуға көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз орталығында келісім-шарттың тараптары – «Қазақтелеком» АҚ, Telia Company және Fintur Holdings BV компаниялары қазақстандық телекоммуникациялық оператор «Кселл» АҚ-ның 75% акцияларын Қазақтелекомның сатып алуы туралы келісімге қол қойды. Мәміле бойынша «Қазақтелеком» «Кселл» акцияларының 24%-ын Telia Company компаниясынан, және 51%-ын Fintur Holdings BV компаниясынан (Telia Company (58,55 %) және Turkcell (41,45 %) компанияларының бірлескен кәсіпорны) сатып алды.

«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің мәлімдеуінше, мәмілеге дайындық барысында «Қазақтелеком» мұндай келісім-шарттардың халықаралық стандарттарына сәйкес, терең инвестициялық сараптама жасап, «Кселл» компаниясының қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелерін жан-жақты тексеріп шықты. «Kселл» компаниясының 75% акцияларын сатып алу туралы шешімді «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесі мен «Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық-стратегиялық комитеті қабылдаған.

«Кселл» компаниясының бақылаушы пакетін сатып алу «Қазақтелеком» АҚ құнының өсуіне себеп болып, Қазақстандағы телекоммуникация саласының дамуына серпін береді деп күтілуде.

Өз кезегінде Telia компаниясының президенті және атқарушы директоры Йохан Деннелинд бұл мәміле Еуразия нарығынан шығып, компания стратегиясына сәйкес Солтүстік және Балтық аймақтарына ден қоюдың жолындағы маңызды қадам деп атап өтті. Бұл Telia үшін 2015 жылдан бері аймақтағы алтыншы мәміле.

Өз сөзінде Қ. Есекеев былай деп мәлімдеді:  «Кселл» мен Active абоненттеріне айтарым: тарифтердің қымбаттауы, қызмет сапасының төмендеуі болмайды. Мәміленің қарсыластары осы екі себепті алға тартып әлеуметтік желілерді шулатқан. Біріншіден, бұған ешқандай себеп жоқ, мәміленің барлық жақтарын есепке алдық, екіншіден, IPO қарсаңында Қазақтелекомның өзі де қызмет сапасын төмендетуге мүдделі емес.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың қаңтар айында Қазақстанның Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік пен тұтынушылар құқықтарын қорғау  комитеті «Қазақтелеком» компаниясының «Кселл»-дің 75% акцияларын сатып алу туралы өтінішін қабылдаған. Өтінішті қарастырған соң монополияға қарсы комитет бұл мәміле жөнінде шешім шығарды. (https://goo.gl/7ePMVC). Алайда реттеуші бірнеше талап қойды: үш жылдық мерзімге қазіргі тарифтік жоспарларды сақтап қалу; абоненттерге қосымша қызметтер ұсыну; 2021 жылға дейін 4G жүйесін ауылдық жерлерде тарату (4000 және одан артық тұрғыны бар елді мекендерде); 2021 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей 5G стандарттарын енгізу. Бұған қоса монополияға қарсы орган «Қазақтелекомды» «Кселл» және «Activ» брендтерін сақтап қалуға, қызмет сапасы мен бағасын сақтау мақсатымен ұялы байланыс нарығының басқа да мүшелерімен инфрақұрылымды дамыту туралы келісімдерді сақтап қалуға міндеттеді.

Пікірлер (0)
Алғашқы болып пікір жазыңыз
captcha



«Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы

Заңды: Е 10 көшесі, 17/10 үйі
Нақты: Е 10 көшесі, 17/10 үйі

Колл-центр:
+ 7 (7172) 55 40 01
Канцелярия:
+7 7172 554077, +7 7172 552630, +7 7172 552681, +7 7172 552007




Қоржын компаниялар
© 2009-2019 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего