РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

47829
LANGUAGE_ID=kz IBLOCK_ID=42

«Самұрық-Қазына» АҚ мен Назарбаев Университет өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

82
19.12.2018 11:33

Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу арасында кездесу өтті. Кездесу барысында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумға қол қоюдың негізгі мақсаты -  экономика салаларын цифрландыру, адам капиталын дамыту және инновациялық экожүйені құруда - өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту.  Ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, сондай-ақ университеттің студенттері мен түлектеріне тағылымдамаларды ұйымдастыру Қор мен университеттің өзара ынтымақтастығы болып табылады.

«Біздің көмегіміз маңызды, өйткені Назарбаев Университеті мен «Самұрық-Қазына» Қазақстанның білім және экономика локомотиві ретінде танылады»,- деп өз сөзінде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжен Есімов атап өтті.

 «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Назарбаев Университеті» арасында жасалған келісім Қордың компаниялар тобының кадр саясатын қолдауға және үздік жас мамандарды іріктеп алу арқылы дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар, Ахметжан Есімов Қордың штатына жас әрі дарынды мамандарды іріктеуге мүмкіндік берген «Цифрлық жаз – 2018» бағдарламасына тоқталды.

«Тестілеу кезеңі мен сұхбаттасу кезеңінен соң 72 үміткер Қордың компаниялар тобына тағылымдамадан өтуге шақырылды. Бүгінгі таңда өзін көрсете білген 33 жас маман жұмысқа орналастырылды. Одардың екеуі - Назарбаев Университетінің түлектері», - деп атап өтті Басқарма Төрағасы.

Қордың алдағы онжылдық Даму Стратегиясына сәйкес, негізгі корпоративтік басқару және тұрақты даму негізгі бастамалардың бірі болып табылады.

Айта кеткен жөн, Президенттің 2018 жылғы  Жолдауында білім беруге экономиканың жеке саласы ретінде көңіл бөлінуі керектігі айтылған.

Пікірлер (0)
Алғашқы болып пікір жазыңыз
captcha



«Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы

Заңды: Е 10 көшесі, 17/10 үйі
Нақты: Е 10 көшесі, 17/10 үйі

Колл-центр:
+ 7 (7172) 55 40 01
Канцелярия:
+7 7172 554077, +7 7172 552630, +7 7172 552681, +7 7172 552007




Қоржын компаниялар
© 2009-2019 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего