РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

48882
LANGUAGE_ID=kz IBLOCK_ID=42

БАӘ инвесторлары «Самұрық-Қазына» АҚ-мен ортақ жобаларды және алдағы IPO-ға шығатын қор компанияларын қарастыруда

93
28.03.2019 18:50
 «Самұрық-Қазына» АҚ Дубай қаласында Nasdaq Dubai MarketSite алаңында  инвесторлармен дөңгелек үстел өткізді. Басқосуға қатысушылардың назарына Қордың даму стратегиясы, жекешелендіру бағдарламасы ұсынылып, бұл аталған бағдарламаларды инвесторлар арасында кеңінен таныстыру жұмыстарын белсенді жалғастыруға жол ашты. Жиынға  ірі халықаралық компаниялар өкілдері мен инвесторлар қатысты. 

Дөңгелек үстелдің ашылуы кезінде Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов өз сөзінде БАӘ мен Таяу Шығыс елдері компанияларын өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.

««Самұрық-Қазына» АҚ жалпы құны 74 млрд АҚШ долларын құрайтын Қазақстанның ірі мемлекеттік активтерін басқарады және экономиканың түрлі салаларын қадағалайды. Өткен жылы компаниялар тобының таза пайдасы 1,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды, бұл ЖІӨ-нің 6,8 %-ын құрады»,- деп атап өтті Ахметжан Есімов. 

Ахметжан Есімов Жекешелендіру бағдарламасы бойынша Қор жоспарларын ұсынды. Оны жүзеге асыру аясында Қор 3 ірі компанияның акцияларын бастапқы орналастыру және 2 компанияны стратегиялық сату бойынша жұмыс жүргізуде. 2019 жылы биржаның эмитенті жетекші байланыс операторы «Қазақтелеком» АҚ мен ұлттық әуе тасымалдаушысы  «Эйр Астана» АҚ, ал 2020 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ болады. 

Өз кезегінде, Дубай Инвестиция Корпорациясының Басқарма Төрағасы М.Аль-Шайбани, араб инвесторларының ұсынылған жобаларға қатысуға қызығушылығы барын атап өтті. 
«Біз осы форумды сіздердің портфельдік компанияларыңыздың мүмкіндіктері мен келешегі туралы білу үшін асыға күттік. Қазақстан мен БАЭ арасында ортақ нәрселер көп. Екі бірдей мемлекет Еуропа мен Азияның шекарасында орналасқан. Жаңа Жібек жолының жаһандық стратегиясы сіз үшін де, біз үшін де - Еуропаға жаңа сауда жолы. Сондықтан біз «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ ұсынатын жобаларды мұқият қарастырамыз және міндетті түрда қатысатын боламыз»,- деді М. Аль-Шайбани. 

Дөңгелек үстелдің аясында  «Самұрық-Қазына» АҚ  Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов бірқатар екіжақты кездесулер өткізді: «Dubai Investment Corporation» АҚ Басқарма Төрағасы М.И. Ша Шабанимен, DP World Директорлар Кеңесінің Төрағасы С.А. бин Суляеммен, «Etisalat International» Басқарма төрағасы Хатем Доуидармен, «Yildirim Holding» Басқарма төрағасы және Дубай Халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Эсса Казммен кездесті. 

Сонымен қатар, «Тау-Кен Самұрық» АҚ мен Yilmaden Holding A.Ş. металлургиялық кремнийді өндіру жөніндегі жобаны бірлесіп әзірлеу туралы келісімнің негізгі мерзімдері туралы шартқа (Term Sheet) қол қойды. Келісімшартқа қол қою 2019 жылдың екінші жартысында өтеді деп жоспарланды. 

Айта кеткен жөн, 2018 жылдың қарашасында «Самұрық-Қазына» АҚ өзіне тиесілі «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ 15% акцияларын Лондон қор биржасында және AIFC биржасында табысты орналастырды. Өз кезегінде, Қорға қарасты компаниялар тобының негізгі қызметінен түскен кіріс өткен жылы 8,5 трлн. теңгеден асып, 35%-ға өсті. Қор компанияларының қарыз деңгейі 1 трлн теңгеге азайды, ал сыртқы қарыз 4 млрд АҚШ долларына қысқарды. 
Пікірлер (0)
Алғашқы болып пікір жазыңыз
captcha



«Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы

Заңды: Е 10 көшесі, 17/10 үйі
Нақты: Е 10 көшесі, 17/10 үйі

Колл-центр:
+ 7 (7172) 55 40 01
Канцелярия:
+7 7172 554077, +7 7172 552630, +7 7172 552681, +7 7172 552007




Қоржын компаниялар
© 2009-2019 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего