РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

49337
LANGUAGE_ID=kz IBLOCK_ID=42

«Самұрық-Қазына» велотректің қайта қалпына келуін қаржыландырды

52
05.05.2019 00:00

Бүгін М.Горкий атындағы Орталық мәдени және демалыс саябағында жаңа велотректің ашылуы өтті. Ашылу салтанатына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек қатысты.

Кездесу барысында Қордың басшысына спорткешенді таныстырды және велотректің даму жоспары туралы баяндады. Өз кезегінде, Ахметжан Есімов корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті және Қордың қайырымдылық саясатының трансформациясы туралы айтты.

«Қор спорттың және спорт инфрақұрылымының дамуына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты вело жолдарды қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыру туралы шешім қабылдынды. Бұл жас азаматтардың және жас ұрпақтың сүйікті орны болатынына сенімдімін, мұнда болашақ чемпиондадың алғашқы қадамдары жасалады», - деді Ахметжан Есімов.

Сондай-ақ, А. Есімов Қордың қайырымдылық саясатын қайта қарау туралы баяндады. Атап айтқанда, Қор мерейтойлық іс-шараларды және қоғамдық бірлестіктердің коммуналдық мәселелерін шешуден бас тартты. Жаңа қайырымдылық саясатының басты бағыты әлеуметтік маңызы бар жобаларды дамыту, балаларды оңалту, білім беруді дамыту және медициналық көмекті кеңейту болып табылады.

Сонымен қатар, Қор Алматыдағы жобаларды қолдауды жалғастырып жатыр. Қалалық әкімдіктің бастамасымен «Самұрық-Қазына» АҚ велотректі қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыру туралы шешім қабылдады. Велотректерді қайта құру «Самұрық-Қазына» АҚ-ның барлық компаниялар тобының атынан қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын «Самұрық-Қазына» қорының әлеуметтік жобаларын дамыту қорының қолдауымен жүзеге асты.

Қайта қалпына келтірудің арқасында велосипед жолы  көп функционалды болды, оның аумағында памп-трек, дерт-парт и скейт-парт  сынды спорттық аймақтар пайда болды, сондай-ақ көрерменге арналған  сыйымдылығы 200 орындығы бар трубиналар мен айналмалы жарық орнатылған. Бұнда кәсіби спортшылар да, әуескқой спортшылар да  жас ерекшеліктеріне қарамай шұғылдана алады. Алдағы уақытта жергілікті және халықаралық деңгейлерде жаппай спорттық және мәдени шаралар өткізу жоспарланып отыр. Жаңа ойын алаңы азаматтар мен жас ұрпақ үшін сүйікті орын болады деп күтіләп отыр, мұнда болашақ чемпиондардың алғашқы қадамдары жасалмақ.

Айта кеткен жөн, "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазынаға» кіретін барлық компаниялардың атынан жалпы құны 4,8 млрд.теңге болатын, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған 15 жобаны жүзеге асырып отыр. Сал ауруына шалдыққан 1170 балаға тегін оңалту курстары ұйымдастырылды. Мектеп жасындағы 9000-нан астам жасөспірім Қордың қолдауымен оқу және спорт үйірмелеріне тегін қатысып жүр.

Пікірлер (0)
Алғашқы болып пікір жазыңыз
captcha



«Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы

Заңды: Е 10 көшесі, 17/10 үйі
Нақты: Е 10 көшесі, 17/10 үйі

Колл-центр:
+ 7 (7172) 55 40 01
Канцелярия:
+7 7172 554077, +7 7172 552630, +7 7172 552681, +7 7172 552007




Қоржын компаниялар
© 2009-2019 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего