РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

49873
LANGUAGE_ID=kz IBLOCK_ID=42

«Самұрық-Қазына» қорында оныншы директорлар форумы өтті

100
28.06.2019 00:00

Елордада «Корпоративтік басқару арқылы қосылған құнды ұлғайту» тақырыбында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының 10-шы директорлар Форумы өтті. Іс-шараға Қордың директорлар Кеңесінің мүшелері және ірі портфельдік компаниялар қатысты.

Форум барысында директорлар кеңесінің тиімділігін арттыру, компанияны басқару модельдері және листингілік компаниялармен өзара әрекеттесудің ерекшеліктері – IPO алдындағы және одан кейінгі өзгерістер талқыланды.

«Қордың қаржылық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған бірқатар шаралар қабылданды. Қор тобының борышы бір жыл ішінде 1 трлн. теңгеге қысқарды, ал сыртқы борыш 4 млрд. долларға азайды, мерзімі өткен дебиторлық берешек сомасы 80 %-ға азайып, 334 млн. долларды құраған сома қазір 66 млрд. долларға дейін азайды. Әрине, бұның барлығы қаржы көрсеткіштерінің жақсаруына әсер етті»,- деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Сонымен қатар, Қордың басшысы трансформация бағдарламасының тиімді жаңартылуын, сондай-ақ корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстарды атап өтті. 2018 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазахтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «KEGOK» АҚ және «Тау-Кен Самұрық» АҚ халықаралық салалық копанияларда тиісті индустриалды сараптамасы мен тәжірибесі бар үздік сарапшыларды тарту арқылы директорлар кеңесінің құрамын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Форум барысында Қордың жаңа стратегиясының шеңберінде компаниялардың табыстылығын арттыру, портфель құрылымын оңтайландыру, кірістерді диверсификациялау, корпоративтік басқару және тұрақты даму секілді төрт маңызды даму бастамалары туралы айтылды.

Айта кенкен жөн, 2018 жылы Қор барлық негізгі стратегиялық көрсеткіштердің өсуіне қол жеткізді және оң нәтиже берді. 2018 жылы акционердің бір акцияға шаққандағы таза пайдасы 1 141 млрд. теңгені құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 534 млрд. теңгеге артық.

Пікірлер (0)
Алғашқы болып пікір жазыңыз
captcha



«Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы

Заңды: Е 10 көшесі, 17/10 үйі
Нақты: Е 10 көшесі, 17/10 үйі

Колл-центр:
+ 7 (7172) 55 40 01
Канцелярия:
+7 7172 554077, +7 7172 552630, +7 7172 552681, +7 7172 552007




Қоржын компаниялар
© 2009-2019 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего