РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

50004
LANGUAGE_ID=kz IBLOCK_ID=42

Ахметжан Есімов Татарстан президентімен кездесті

85
11.07.2019 10:34

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Кездесу барысында тараптар мұнай-газ, химия өнеркәсібіндегі ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Кездесу барысында «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ мен «Татнефть» ААҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар Қазақстанда мұнай өңдеу, мұнай-химия және газ-химия объектілерін жобалау және жаңғырту, сондай-ақ мұнай өндіру технологияларын, цифрлық технологияларды енгізу бойынша жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастастық туралы келісімге келді.

Татарстан Президенті сауда миссияларының шетелдік әріптестермен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін атап өтті. Атап өткен жөн, Татарстанның мұнай-химия өнеркәсібі мұнай өндіру саласында ең дамыған елдердің бірі. 

Бұдан басқа, тараптар Казань қаласының маңындағы «Иннополис» инновациялық орталығының аясында Қормен болашақта жоспарланған ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, ғылыми, жоғары технологиялық экожүйелерді құру, соның ішінде бизнес-модельді қалыптастыру, күтілетін нәтижелер мен инвестицияларды тарту бойынша тәжірибе алмасу салаларын сөз етті.

Кездесу соңында Қор басшысы президентке жекешелендіру бағдарламасын ұсынды. Айта кеткен жөн, Қор 2015 жылы Үкіметтің қабылданған Кешенді жекешелендіру жоспарын жүзеге асыруға қатысады. Жоспарға енгізілген Қор тобы активтерінің 80%-дан астамы жүзеге асырылды. Олардың маңыздыларының бірі «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының 15% қатысу үлесін 2018 жылдың қараша айында IPO-ға орналастыру болды. Сондай-ақ, алдағы жылдары Қордың 8 негізгі компанияларын, оның ішінде «Эйр Астана», «Қазақтелеком», «ҚазМұнайГаз», «Самұрық Энерго», «Тау-кен Самұрық», «Қазпошта», «Қазақстан Темір Жолы» және «Qazaq Air» компанияларының акцияларын орналастыру немесе стратегиялық сату жоспарланып отыр.
Пікірлер (0)
Алғашқы болып пікір жазыңыз
captcha



«Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы

Заңды: Е 10 көшесі, 17/10 үйі
Нақты: Е 10 көшесі, 17/10 үйі

Колл-центр:
+ 7 (7172) 55 40 01
Канцелярия:
+7 7172 554077, +7 7172 552630, +7 7172 552681, +7 7172 552007




Қоржын компаниялар
© 2009-2019 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего