РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

50458
LANGUAGE_ID=kz IBLOCK_ID=42

« «Самұрық-Қазына» қорының кадрлық саясаты дарынды жастарды іздеуге бағытталған»,- А. Есімов

92
28.08.2019 00:00

 «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ кадрлық саясаты дарынды жастарды іздестіруге бағытталған. Бұл туралы «Үздік маман» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді. Байқау Қазақстан жастарын қолдау мен дамытуға бағытталған «Жас Самұрық» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың сәуіо айында басталды.

Қор басшысы жеңімпаздарды құттықтап, оларға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етті, сондай-ақ Қордың жаңа кадрлық саясатының нәтижелерімен бөлісті. Қабылданған шаралар нәтижесінде 2018 жылы 1 бос орынға 300 адам өтініш берді, бұл нәтиже 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайды. Осы ретте персоналдың тұрақтамауы 1,7 есе төмендеді, ал Қор компаниялары қызметкерлерінің ішінен жоғары лауазымдарға тағайындау 3,5 есеге өсті.

«Елбасы атап өткендей, Қордың басты активі мен әлеуеті – адам ресурстарын дамыту және кадрлармен жұмыс. Сіздер әлемнің тез өзгеріп жатқанын көріп отырсыздар, кеше фантастика болып көрінген нірселер бүгін біздің өміріміздің күнделікті қажеттілігі. Сіздердің әрқайсыңыз жаңа дағдылар алып, әлемде болып жатқан жағдайдан қалыс қалмауларыңыз керек»,- деп атап өтті Ахметжан Есімов.

 

 

 

2018 жылы Қор білікті кадрларды, ең алдымен талантты жастарды іздеу және іріктеу процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа кадрлық саясатты қабылдады. Осылайша, қызметкерлерді конкурстық іріктеудің бірыңғай рәсімі енгізілді және Қор компаниялар тобының Samruk Qyzmet атты бос орындар сайтын іске қосылды. Кадр саясатында жаңа бастамаларды іске асыру Қорға болашақта Орталық Азиядағы 1 нөмірлі жұмыс беруші болуға және ТМД кеңістігіндегі топ 30-ға кіруге мүмкіндк береді.

Айта кеткен жөн, «Жас Самұрық» бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап Қор 100-ден астам жобаны жүзеге асырды. Сонымен қатар, жас таланттарды тарту үшін Қор тобында «Жас Өркен» және «Цифрлық жаз» бағдарламалары іске асырылып жатыр.

Сөз соңында А. Есімов кездесуге қатысушыларға өндірістік және қаржылық нәтижелермен бөлісті және «Қор ең ірі салық төлеуші – мемлекеттік бюджетке төленетін төлемдер көлемі елдегі барлық салық түсімдерінің шамамен 10%-ын құрайды»,- деп атап өтті.

Пікірлер (0)
Алғашқы болып пікір жазыңыз
captcha



«Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы

Заңды: Е 10 көшесі, 17/10 үйі
Нақты: Е 10 көшесі, 17/10 үйі

Колл-центр:
+ 7 (7172) 55 40 01
Канцелярия:
+7 7172 554077, +7 7172 552630, +7 7172 552681, +7 7172 552007




Қоржын компаниялар
© 2009-2019 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего