РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

50529
LANGUAGE_ID=kz IBLOCK_ID=42

Атырауда бірегей мұнай өндеу жабдығы дайындалып жатыр

59
06.09.2019 00:00

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің индустриялық-маңызды нысандарын аралады.

Қор басшысы «Kazakhstan Petrochemical Industries» интеграцияланған газ-химия кешені аясында полипропилен өндіретін зауыт құрылысы жөніндегі жобаның барысымен танысты. Ахметжан Есімов кешеннің құрылыс алаңдарын аралап, қазақстандық өндірушілерді жобаны іске  асыруға барынша тартудың және кешенді мерзімінде іске қосудың маңыздылығын атап өтті. Нысанның құрылысы 2021 жылдың ортасында аяқталады деп жоспарланып отыр. Жоба жылына 500 мың полипропилен өндіруге мүмкіндік береді.       

Сондай-ақ, А. Есімов «АтырауНефтеМаш» ЖШС мұнай және газ-химия салаларына арналған жабдықтар шығаратын зауытқа барды.

«АтырауНефтеМаш» ЖШС Бас директоры А. Донсковтың айтуынша: «Қазіргі уақытта бірегей және ең ірі жабдықтар – пропан/пропилен бөлінісінің ректификациялық колоннасын дайындау аяқталып жатыр. Бүгінде бұл Қазақстанда өндірілетін жалғыз жабдықтың мұнай өңдеу зауыттарында да аналогы жоқ. Келісімшарт бойынша колоннаны дайындауды аяқтау мерзімі – 2019 жылдың 13 қазаны».

Сонымен қатар, Қор төрағасы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мұнайды терең өңдеу кешенінің өндірісімен танысты. Сапар барысында басқарма төрағасы өндірістік персоналдың техникалық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар қабылдаумен қатар жабдықтарды пайдаланудың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Сапар барысында делегация хош иісті көмірсутектер өндірісі мен мұнайды терең өңдеу кешендерінің жаңа қондырғыларын көрді. Бұдан басқа, кәсіпорын басшысы персоналды дамыту бойынша әлеуметтік бағдарламалар туралы қысқаша айтып берді. Атап айтқанда, кәсіпорында дуальді оқыту, «Жас маман», Lean 6 Sigma және басқа да бағдарламалар, зауытшыларға арналған тұрғын үй құрылысы туралы баяндады.

А. Есімовтің айтуынша, 2018 жылы аяқталған АМӨЗ-ның жаңғырту нәтижесі сөзсіз бар. Мұнай өңдеу тереңдігі 2018 жылдан бері 68% - дан 2019 жылы 85,5 % - ға дейін артты. Сонымен қатар, ол тұрақтамауды азайтып және ынталандыруды ұмытпай, білікті қызметкерлерді даярлау бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Айта кеткен жөн, ағымдағы жылдың маусым айында Ахметжан Есімов Маңғыстау облысының әкімі Серікбол Трумовпен Қор компаниялары тобымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді. Тараптар Қор  жобаларының, соның ішінде қайырымдылық бойынша жобалардың  ағымдағы өзара іс-қимылы мен даму перспективаларын талқылады. Қордың портфельдік компаниялары Маңғыстау облысы бюжэетінің 38%-дан астамын құрайды.
Пікірлер (0)
Алғашқы болып пікір жазыңыз
captcha



«Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы

Заңды: Е 10 көшесі, 17/10 үйі
Нақты: Е 10 көшесі, 17/10 үйі

Колл-центр:
+ 7 (7172) 55 40 01
Канцелярия:
+7 7172 554077, +7 7172 552630, +7 7172 552681, +7 7172 552007




Қоржын компаниялар
© 2009-2019 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего